Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары



Pdf көрінісі
бет147/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

19.2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары 
Басқару 
іс-əрекеттері 
процесінде 
төмендегідей 
қызметтер 
орындалады:

мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр 
кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау); 

жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша 
ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу); 

ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне 
бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); 

реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында 
əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру); 

ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар 
жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың 


əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне 
мадақтау); 

қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін 
көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар 
алып тұру); 

педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, 
білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын 
педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге 
байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, 
ұсыныстар беру). 
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару 
мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау 
жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: 
тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын 
қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері 
(мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым 
құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау). 
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне 
басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. 
Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет