Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Диалектикалық материализм



Pdf көрінісі
бет26/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау 
процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі 
философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол
XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың 
көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың 
құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін 
қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы 
табиғи ұштастыққа келтірді. 
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: 
материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам 
миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік 
монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан
өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар 
мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске 
келеді. 
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын 
диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, 
қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару. 
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық 
ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. 
Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен 
себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты 
адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік 
рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған 
күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас 
тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне 
қалыптасады. 
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы 
əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде 
қолданып, пайдалануы қажет. 
 
2.3. Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы
 
Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен 
процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына 
негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен 


практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына 
ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды. 
Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз 
бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста 
қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне 
бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді 
анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары 
келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет