Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

15.3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
 
Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы 
міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның 
нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру 
мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде 
қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің
практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару 
үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға
жіктейді. 
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – 
жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы 
да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын 
əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға 
үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді 
əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға 
болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте 
қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар 
нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар. 
Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1) 
жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) 
көлемі;
5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тəрбиеленушілердің 
тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) 
жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-


түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі 
жəне жетіскен нəтижелер арасында тікелей тəуелділік бар: жаттығу 
неғұрлым көп орындалса, олар жəрдемімен қалыптасушы сапалар 
дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тəуелділік тұлғалық 
ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны 
қалыптастыру үшін əр оқушының орындайтын жаттығуларының саны 
əрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, 
екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу əрекеті қажет. Сапа 
неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты əдеттерді қалыптастырып, 
тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мəрте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет