Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет133/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

 
15.6. Тəрбие əдістерін таңдау 
Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі. 
Тəрбиешінің кəсіби қызметтерін орындау барысындағы тəрбие 
əдістерін таңдауы əрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен 
мүмкіндіктерге тəуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тəрбие 
мақсаттары мен міндеттері; тəрбиеленушілердің жас жəне даралық 
ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; 
оларды қоршаған əлеуметтік жағдайлар; тəрбиеленуші қатысқан 
топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нəтижелер; тəрбиешінің өз басы 
мүмкіндіктері. 
Тəрбие əдісін таңдау негізінде тəрбиеші мен тəрбиеленуші 
арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің 
тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған əдістің шынайы 
əрі нақты шарттарға сəйкестенуі; əдісті қолдану мезетіндегі 
тəрбиеленушілердің психологиялық қалпын кəсіби көрегендікпен сезе 
білу; əрқилы тəрбие əдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған 
əдісті тəрбие шараларымен толықтыра түсу; əрбір əдісті қисынды 
нəтижеге жеткенше орынды пайдалану. 
Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз 
жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын 
танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, 
көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін 
пайдалануға ұмтылуы қажет. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз? 
2. Тəрбие əдістері қалай топтастырылады? 
3. Əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік педагогикадағы тəрбие 
əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде? 
4. Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай? 
5. Тəрбие əдісін таңдауда қандай шарттарды ескеру қажет? 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет