Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет139/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Тəрбие формасы деген не? 
2. Тəрбие құрал-жабдығы түсінігіне анықтама беріңіз. 
3. Қандай тəрбие құралдары мен формаларынан хабарыңыз бар? 
4. Тəрбие құралдары мен формаларын таңдау неге байланысты ? 
5. Дəстүрлі жəне жаңа тəрбие жұмыстарын атап, оларға 
сипаттама беріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17-дəрісбаян. Тəрбие құралы – əлеуметтік орта
 
 
 
Жоспары 
1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті 
2. Мектеп ұжымы 
3. Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері 
17.1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті 
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар 
жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары 
– бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал 
жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына 
көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас 
қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары 
қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, 
əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала 
осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын 
таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады. 
Осыдан тəрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара 
қатынастарымен бірлікте қарастырылады. 
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу 
көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, 
ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау 
беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. 
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады: 

қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру 
тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі); 

шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы 
пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды 
материалды қамсыздандыру); 

тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық 
қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне 
жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық 
тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу); 

қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі 
қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен , жанұялармен, əлеуметтік 
топтармен байланысын ұйымдастыру); 



қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы 
демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-
қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). 
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық 
ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген 
қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.
Тұлғаның əлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей 
жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын 
үздіксіз 
де 
тұрақты 
ықпал; 
отбасыдағы 
қарым-қатынастың 
туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне 
негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тəжірибе өткізуге бағытталған əрқилы
деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жəне ықпалы. 
Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде 
ата-аналар мүмкіндіктері орасан. 
Отбасылардың өздеріне тəн ерекшеліктеріне орай топтасуы 
төмендегідей: 
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті 
отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-
аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) 
отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз 
жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына 
байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық 
тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды). 
Əкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі 
мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен 
сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, 
екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін 
пайда етеді. 
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала 
тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін 
қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. 
Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен 
баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына 
көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, 
əрдайым табысты əрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен 
бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нəзік сырларын ортаға 
салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз 
қадір мəртебесін сезінеді. 
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін 
қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. 
Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе 
олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы 


екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа 
душар етеді. 
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын 
арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді 
қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие
элементтерін қолдануды да ұмытпайды. 
Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан: 

баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет; 

балаға əсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, 
шын көңілден шыққандығы мəнді; 

баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт, 
сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды 
да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады; 

баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс 
қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; 

жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, 
баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның 
қылығы жаман); 

бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан 
айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен 
əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: 
жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті 
шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау; 

балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал; 

өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға 
мəн беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына 
түгелдей тəуелді; 

бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-
анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала 
табиғатынан ата-анасын сүйеді; 

баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, 
себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды; 

баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға 
болмайды. 
Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, 
бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. 
«Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-
аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, 
сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді 
сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - 
баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған 
қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, 


отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да 
тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –
тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты 
ұстаным етіп алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет