əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне
мадақтау);
-
қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін
көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар
алып тұру);
-
педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын,
білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын
педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге
байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап,
ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару
мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1)
ұйымдастыру- бақылау
жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік:
тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын
қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне 2)
басқарушылар іс-əрекеттері
(мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым
құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне
басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.
Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
-
Достарыңызбен бөлісу: