қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық
технологиясын нақтылап,
тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да,
əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне
бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар,
оқушылар
ұжымының
отырыстары,
педагогикалық
кеңестер,
əдістемелік
бірлестіктер, ұстаздық,
мектеп конференциялары,
педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай
сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді
іске асыру
формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе
мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай –
педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік
жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір
басшының
жіті білуі.
Достарыңызбен бөлісу: