Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет16/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу 
(коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие 
ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми 
теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет 
болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің 
дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық 
кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның 
қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана 
емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз 
мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де 
қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің 
шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін 
арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке 
адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы 
əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала 
ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. 
Білім мəні – əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің 
тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық 
мұраттар рухында тəрбиелеу. 
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі 
бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың 
бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт 


құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың 
арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті 
педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі 
 
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне
тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым 
шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын 
басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми 
білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі 
педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған 
дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие 
проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы 
тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде 
тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын 
пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-
бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-
тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне 
жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың 
əдіснамалық негізі деп атау қабылданған. 
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық 
білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді 
түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне 
оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму 
кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан 
сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы 
педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы 
педагогика. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет