Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Педагогика ғылымының қызметтері



Pdf көрінісі
бет15/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде 
танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік 
сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет 
теориялық жəне технологиялық міндеттер. 
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге 
асырылады: 
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық 
тəжірибені зерттеу; 
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, 
педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін 
жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу; 


болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи 
тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның 
негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін 
құрастыру. 
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық 
құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде 
орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы 
мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-
əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай 
оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына 
жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады. 
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын 
қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен 
анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу 
жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық 
ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта 
түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне 
енгізе, пайдалану; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет