құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу
жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян
ғылыми-көпшілік жəне
академиялық болып ажыралады.
Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға
шолу дəрісбаяндары
қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың
көкейкестілігі ірі
бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап
ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема
бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге
негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы
оқушының ой-пікірі өзінің
меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық
ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –
шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді,
өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз
көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен
есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса
маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы
жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап
игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
-
конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны.
Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу,
толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші
тұлғаның
атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес
ойлау қабілеті дамиды;
-
тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша
баяндау;
-
реферат құрастыру – тақырып
бойынша бірнеше ақпарат
көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын
беру;
-
мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп,
əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
-
сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен
өзгертілместен бөліп
алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар:
əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған
еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын,
бетін дəл келтіру;
-
түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын
жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
-
пікір беру (рецензирование)- оқылған
жөнінде өз ойын білдіруге
арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
-
анықтама (справка)
түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған
ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек,
сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
-
формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе
(схема) күйінде жеткізу;
-
тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып,
бөлім не
түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық
тізімін жасау;
-
идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар
жөнінде келтірілген түрлі авторлар
еңбектеріндегі салыстырмалы
сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
-
пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл
көрнекілік
Достарыңызбен бөлісу: