Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ)



Pdf көрінісі
бет95/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі 
мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, 
Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). 
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар 
(Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси). 
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, 
ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері 
дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара 
оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-
қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына 
мүмкіндік береді. 
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге 
жіктелуі; 
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары 
жүйесінің берілуі; 
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі; 
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы 
материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске 
асыруға өтуі; 
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек 
түсініктемелерін алуы; 
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының 
өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) 
белгілі болуы. 
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін 
оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік 
ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері 
барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар 
қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, 
шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды 
(Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.). 
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы 
білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) 
қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға 
ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не 
өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін 
зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін 


белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір 
жүргізеді, дəлелдейді. 
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да 
болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті 
білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп 
қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық 
қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне 
қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз 
етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап 
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі 
басқару қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет