Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет92/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

10.4. Бағалаудағы қателіктер 
Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив 
қателіктері төмендегідей:
– кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі 
қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, 
бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған 
формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания). 
– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға
бағаға өткізу; 
– көңіл-күйге орай баға қоя салу; 
– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап 
үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы); 
– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды 
қоймау); 
– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, 
баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын 
тізіп салу);
– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының 
өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім 
үшін қиын сияқты);
– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, 
жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі); 
– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне 
ауыстырылады; 
– бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б. 


Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау 
негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен 
оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп
алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. 
Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп 
қарастыру дұрыстыққа келмейді. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Қадағалаудың негізгі қызметтеріне сипаттама беріңіз. 
2. Қадағалауға қойылатын педагогикалық талаптар қандай? 
3. Ауызша жəне жазбаша қадағалаулардың тиімділігі мен 
кемшілігі неде? 
4. Компьютерлі қадағалау мүмкіндіктері қандай? 
5. Бағалау, баға қою өлшемдерінің қай түрінің болашағы бар деп 
ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет