Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет102/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының 
ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі
табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура 
келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген 
міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті 
шығады. 
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие 
процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін 


практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған 
білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап 
болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі 
бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік 
табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып 
салады
- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке 
түсуіне. 
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, 
олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, 
психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске 
асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық
əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге 
байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге 
келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, 
тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі 
қажет. 
- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - 
өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие
процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады.
əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның
қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. 
Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. 
Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен 
келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі 
болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс 
кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік 
тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі. 
- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің 
тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты 
іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, 
екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын 
асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс 
бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, 
оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.
- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем
көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері 
тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.
- тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет