Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет110/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

14-дəрісбаян. Тəрбие процесінің мазмұны
 
 
 
Жоспары 
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-
бағдарлар
2. Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру 
3. Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының 
тəрбие мазмұнында ескерілуі 
14.1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен 
құндылықты бағыт-бағдарлар
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға 
қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі 
құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын 
білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық 
қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты 
қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-
əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , 
шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен 
əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды 
бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға 
түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін 
бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына 
енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен 
шектеулер, мақсаттар мен жобалар. 
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін 
қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-
қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы 
құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара 
тығыз байланысқан. 
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн 
құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік 
реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам 
не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) 
белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға 
қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға 
жəрдемдеседі. 
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, 
ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың 
кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, 
ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген 


эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. 
Ортағасырлық 
ағару 
(просвещение) 
дəуіріндегі 
гуманистік, 
демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда. 
Қоғамдағы 
құндылықты 
қатынастардың 
аса 
маңызды 
элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет