16-дəрісбаян. Тəрбие құрал-жабдықтары мен формалары Жоспары
1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі
2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
16.1.Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің
педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету
жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі
тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған
нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық
туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. –
тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге
өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта
пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру
үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады.
Құралдар
өмір
құбылыстарын
көз
алдына
келтіреді,
тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық
тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді,
іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы
рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал- жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық,
инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар
бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2)
тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін
ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті
жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара
іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен,
форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:
-