6-дəрісбаян. Оқу заңдары,
заңдылықтары жəне принциптері
Жоспары
1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер
мен ережелер жөнінде
түсінік
2. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу
3. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері
6.1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде
түсінік
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым
тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар.
Заңдар мен
заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері
арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне
қайталанып келетін
байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық
процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен
заңдар
оқу принциптері немесе
дидактикалық принциптер деп
аталады. Бұл принциптер арқасында
оқу процесіне қатысы бар
көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен
оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне
оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды.
Принциптер дидактикалық процестің
біртұтас концепциясын құрай
отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу
жүйесінің
ірге тасын Я.А. Коменский қалаған.
Ғұлама- педагог
пікірінше, оқудың негізі –
табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған
принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады.
Достарыңызбен бөлісу: