орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға
бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие
саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет
жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен
үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие
мақсаттары мен
міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай
керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие
істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Бұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан,
желікпе
үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең
алдымен құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін
жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы іс-əрекет,
қызмет процесінде
жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек,
қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы
үшін, оның субъекті - балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-
түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық
мəн-мағынасымен
елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде
орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр
тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық
пайдалы еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін
қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-
əрекетке ойыстыруға
қолданылған сөз, ауызекі нұсқау, нақты
тұрмыстық
пайдалы
қызмет
пен
ұнамды
əлеуметтік
тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: