күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің
көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен
мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы
анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.
-
педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері
арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде
дамудың біркелкі болмау
заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші
талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық
білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше
білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым
еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын
көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары,
шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды
бейнелейді.
Тəрбие
тəжірибесінде
нəтиженің
қалыптасқан
қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік
ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері,
тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір
барысында тауып отыр.
13. 2. Тəрбие принциптері
Тəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие
процесінің
мазмұнына,
əдістеріне,
ұйымдастыру
жолдарына
қойылатын
негізгі
талаптарды
айғақтайтын
жалпы
бастау
тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып,
педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар
береді.
Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге
бірігеді.
Осы жүйедегі
гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі
принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.
Достарыңызбен бөлісу: