таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан əлеуметтік өзгерістерді
мезетінде түсіндіріп бару; 2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір
қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің
сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып,
оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.
Аталған принципті іске асыру барысында
педагог орындауы тиіс
міндеттер төмендегідей:
- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете
түсіндіру;
- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына
болған құрметке баулу;
- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз
мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс
қылу ниеттерін өрістете
түсу;
- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты
жеткізу;
- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді
үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп
таңдауға үйрету;
- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен
қатынас жасауға баулу;
-
қоғамдық
мүлікке
байланысты
ысырапшылдыққа,
жауапкерсіздікке,
талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған
жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту.
Тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі
ережелерді ұстанған жөн:
1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі
пайдалылау. Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне
сыныптан тыс
жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзіп, оларды
бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт.
2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші
əр оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым.
Бұған қосымша –үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды
орындау.
3. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық,
селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
4. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие
жұмыстарында өлкетану
материалдарын пайдаланған өте тиімді.
5. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған
жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың
азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді.
6. Бала тəрбие процесінде өз еңбегінің басқа адамдарға,
қоғамға
қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс.