Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет121/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

əңгімелер, 
ұғындыру, 
түсіндіру, əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру 
əдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - 
өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. 
Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары 
педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен 
бірге қолданылады. 
Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға 
негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен 
əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық 
бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға 
жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып 
қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды 
тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың
оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет 
жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын 
басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік 
ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады. 
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты: 
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. 
Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай; 
- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі 
(көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер 
бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді. 
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. 
Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, 
олардың адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен 
мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар 
қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық (шеру 
алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не 
жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында). 
- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз
дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала 
құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер 
көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет