Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Оқу əдістерін топтастыру



Pdf көрінісі
бет68/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

8.2. Оқу əдістерін топтастыру 
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны,
түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі 
туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік 
пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай 
əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең 
танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру. 
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу 
мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге 
бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген 
əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі; 
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру. 
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік,
іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер 
(білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер 
(білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) 
жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым 
еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-
əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян 
(лекция), кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян 
формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу. 
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар 
заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру 
жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың 
диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа 
материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған
материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет