Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет70/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық 
материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема),
кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей 
қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал 
жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге 
пайдаланылады. 
Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу 
қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік 
ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда 
жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.  
Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру 
мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте 
қайталаумен орындау. 
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып 
ажыралады. 
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің,
қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына 
ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту 
жəне 
олар 
бойынша 
қажетті 
ептіліктер 
мен 
дағдыларды 
қалыптастырып, қолдануға бейімдеу. 
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. 
Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек 
іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен,
лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, 
құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. 


Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне 
байланысты 
қалаған 
жаттығу 
қайта 
жасау, 
дағдылану,
шығармашылдық сипатына ие.
Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы 
орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. 
Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді
осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы 
приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не 
эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. 
Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне 
дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет