Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет85/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Үйдегі өзіндік жұмыстардəрісхана оқуларынан тыс білім игеру 
процесінің құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі 
таңда өте жоғары, себебі қазіргі нарықтық кезең əрбір оқушыдан 
үздіксіз өзіндік білім жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет 
дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп баруды талап етуде. 
Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қасиеттерінің 
дамуы осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға 
қойылуынан. 
Кеңес – оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті 
игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында 
ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген 
оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан 
жəне сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады.
Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері ажыралады. 
Емтихан- оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау 
мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. Емтихандардың білім 
игерудегі маңызы – көп күш-қуат талап ететін қиыншылық 
жағдайларында оқушының ақыл-парасат, ерік, мінез қабілеттерін 
жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру. 
Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі 
сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға 
қатысу, зерттеу нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – 
қолданылады. 
Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. 
Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да 
болады. 
Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары 
(шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, 
мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп 
түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары 
шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды 
қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады. 
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар 
жəне т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген 
үйірмелер жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік 
шараларға 
ұйытқы 
болады, 
конкурстар 
мен 
олимпиадалар 
ұйымдастырып, өткізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет