Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


Экономиканың таза пайдасы немесе таза аралас табыстар



Pdf көрінісі
бет61/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63

Экономиканың таза пайдасы немесе таза аралас табыстар жалпы пайдаға не-

месе жалпы аралас табыстарға минус негізгі капиталды тұтынуға тең. 



Экономиканың  шығарылымы – экономиканың  резидент-бірліктерінің  есеп-

ті  кезең  ішіндегі  өндірістік  қызметінің  нəтижесінде  жасаған  тауарлар  мен 

қызметтерінің жиынтық құны.


ҚОСЫМШАЛАР        515

ҚОСЫМШАЛАР 

1-қосымша

Ресми статистиканың негізін қалайтын қағидалары

Статистикалық  комиссия  Нью-Йоркте 1994 жылғы 11-14 сəуір

 

аралығында 



(1-қосымша) өткен арнайы сессиясында БҰҰ ЕЭК шешіміне негізделген, (47) алай-

да  кіріспесі  қайта  қаралған  Ресми  статистиканың  негізін  қалайтын  қағидаларын 

қабылдады. 

Төменде  бекітілген  есептен  алынған,  кіріспесі  мен  қағидалар  бар  сілтеме 

(Экономикалық  жəне  əлеуметтік  кеңестің  ресми  жазбалары, 1994, №9  қосымша 

(Е/1994/29), V тарау) келтірілген. 

РЕСМИ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙТЫН ҚАҒИДАЛАРЫ

Статистикалық Комиссия,

статистикалық  ақпарат  экономика,  демография,  əлеуметтік  жəне  экология 

саласындағы  дамуға,  сондай-ақ  мемлекеттер  мен  бүкіл  əлемнің  халықтары  өзара 

танысып, сауда жасау үшін негіз болып табылатындығын назарға ала отырып,

қоғамның  ресми  статистикаға  артатын  сенімінің  дəрежесі  өзінің  мүшелерінің 

құқықтарын  танып,  құрметтеуге  тырысатын  кез  келген  қоғамның  негізін  қалаушы 

құндылықтары мен қағидаларын құрметтеуге өте байланысты екенін ескере отырып, 

ресми  статистиканың  сапасы  жəне  демек  үкіметке,  іскерлік  орта  мен 

қоғамға  берілетін  ақпараттың  сапасы  азаматтардың,  кəсіпорындар  мен  басқа  да 

респонденттердің  қажетті  статистикалық  ақпарат  дайындау  үшін  қажетті  тиісті 

əрі шынайы дерек берудегі ынтымақтастық жасасуына жəне статистиканы жасау-

шылар  мен  оны  пайдаланушылардың  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында 

олардың арасындағы ынтымақтастыққа айтарлықтай байланысты екенін назардан 

тыс қалдырмай, 

статистика мəселелерімен, елдер арасында салыстыру жүргізуге мүмкіндік бе-

ретін стандарттар мен тұжырымдамалар əзірлеумен айналысатын үкіметтік жəне 

үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін мойындап, 

сондай-ақ Халықаралық статистикалық институттың Кəсіби этикасы деклара-

циясына сілтеме жасай отырып, 

Еуропалық Экономикалық Комиссия 1992 жылғы 15 сəуірде қабылдаған қарар 

С (47) əмбебап негіз деген пікірді білдіре отырып, 

Экономикалық Комиссияның Статистика жөніндегі комитеті Азия мен Тынық 

мұхит  өңірінің  Негіз  қалайтын  қағидаларды  қарау  үшін  бекіткен  Статистикалық 

сарапшылардың жұмыс тобы 1993 жылғы қарашада Бангкокте өткен өзінің 8-сес-

сиясында ЕЭК қабылдаған нұсқамен келісіп, ұсынылған қағидалар барлық ұлттар 

үшін қолайлы екенін атап өткенін назарға ала отырып, 

сондай-ақ Африкалық топографтар, статистиктер мен демографтардың бірлес-

кен конференциясы 1994 жылғы наурызда Адисс-Абебада өткен өзінің 8-сессия-

сында Ресми статистиканың негізін қалайтын қағидалары əмбабап екенін назарға 



ала отырып. 

516       ҚОСЫМШАЛАР

Ресми статистиканың мына қағидаларын қабылдайды: 

1.  Ресми статистика демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің қажетті 

элементі болып табылады, ол үкіметті, іскерлік орта мен қоғамды экономикалық, 

демографиялық,  əлеуметтік  жəне  экологиялық  жағдай  туралы  деректермен 

қамтамасыз етеді. Осы мақсатта практикалық жағынан құнды ресми статистикалық 

деректерді  мемлекеттік  статистикалық  мекемелер  азаматтардың  қоғамдық 

ақпаратқа құқығын құрметтеуді қамтамасыз ету үшін объективті түрде дайындап 

таратады. 

2.  Статистикалық  мекемелер  ресми  статистикаға  артылатын  сенімді  ақтау 

үшін  статистикалық  деректерді  жинау,  өңдеу,  сақтау  мен  ұсыну  əдістері  мен 

тəртіптемелері  қатысындағы  шешімдерді  қатаң  кəсіби  ұстанымдарға,  ғылыми 

қағидалар мен кəсіби этикаға сəйкес қабылдауға тиіс. 

3.  Статистикалық  мекемелер  деректерді  дұрыс  түсінуді  оңайлату  үшін 

ақпаратты  статистика  саласындағы  дереккөздер,  əдістер  мен  тəртіптемелер 

қатысындағы ғылыми стандарттарға сəйкес ұсынуға тиіс. 

4.  Статистикалық  мекемелер  статистикалық  деректердің  қате  түсінілгеніне 

немесе қате пайдаланғанына түсініктеме беруге құқылы. 

5.  Статистикалық  мақсаттағы  деректер  барлық  дереккөздерден,  яғни 

ста тистикалық  тексеруден  немесе  əкімшілік  есептіліктен  жиналуы  мүмкін. 

Статистикалық  мекемелер  дереккөзді  сапаны,  деректердің  уақытында  берілуін, 

шығын мен респонденттерге жүктелетін ауыртпашылықты ескеріп таңдауға тиіс. 

6.  Статистикалық  мекемелер  статистикалық  ақпаратты  дайындау  үшін  жи-

налатын  жеке  деректер  жеке  немесе  заңды  тұлғаларға  жататынына  қарамастан 

құпиялы жəне статистикалық мақсатта ғана пайдалануы тиіс. 

7.  Статистикалық жүйелер жұмыс істейтін ауқымдағы заңдар, нормалар мен 

шектер жариялы болып табылады. 

8.  Статистикалық жүйеде келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін 

елдер деңгейіндегі статистикалық мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асы-

ру қажет. 

9.  Əрбір  елдегі  статистикалық  мекемелердің  халықаралық  ұғымдарды, 

жіктемелер  мен  əдістерді  пайдалану  барлық  ресми  деңгейдегі  статистикалық 

мекемелердің келісімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

10. Статистика саласындағы екі жақты жəне көп жақты ынтымақтастық барлық 

елдердегі ресми статистиканың жақсаруына көмектеседі.


ҚОСЫМШАЛАР        517

2-қосымша

Статистика салаларының халықаралық статистика қызметінің 

бағдарламаларын кешенді ұсынудағы жіктемесі

*

 

Бағдарламалық құрамдастар (статистиканың салалары, тараулары)

1. 

Демографиялық жəне əлеуметтік статистика

1.1.  Халықтың өсуі жəне көші-қон

1.2.  Еңбек

1.3.  Білім беру

1.4.  Денсаулық сақтау

1.5.  Табыс жəне тұтыну

1.6.  Əлеуметтік қамтамасыз ету 

1.7.  Елді мекендер жəне тұрғын үй құрылысы

1.8.  Əділ сот жəне қылмыс

1.9.  Мəдениет

1.10.  Саяси жəне басқа да қоғамдық қызмет

1.11.  Уақытты пайдалану



2. 

Экономикалық статистика

2.1.  Экономикалық шоттар

2.2.  Қысқа мерзімді экономикалық статистика

2.3.  Кəсіпорын құрылымының статистикасы

2.4.  Салалық статистика

2.4.1.  Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы жəне балық аулау

2.4.2.  Энергетика

2.4.3.  Тау-кен өндіру, өңдеу өнеркəсібі, құрылыс 

2.4.4.  Көлік

2.4.5.  Туризм

2.4.6.  Банк жəне қаржы статистикасы жəне сақтандыру статистикасы 

2.5.  Мемлекеттік  қаржы  статистикасы,  салық  статистикасы  жəне  мемлекеттік 

сектордың статистикасы

2.6.  Халықаралық сауда жəне төлем балансы 

2.7.  Бағалар

2.8.  Еңбекақы шығындары

2.9.  Ғылым мен техника

3. 

Қоршаған орта статистикасы мен көп салалық статистика

3.1.  Қоршаған орта 

3.2.  Өңірлік статистика мен шағын өңірлер статистикасы

3.3.  Көп салалық статистика мен көрсеткіштер

3.3.1.  Өмір сүру жағдайлары мен кедейшілік 

*

 2007 жылдың қазан айында Еуропалық статистиктердің Комиссия Бюросында жіктелім мақұлданды, 



2006 жылдан бастап 2005 жылдың 22 наурызындағы нұсқасын пайдалану үшін ұсынылады.

518       ҚОСЫМШАЛАР

3.3.2.  Гендерлік статистика жəне халықтың ерекше топтарының статистикасы 

3.3.3.  Ақпараттық қоғам

3.3.4.  Ғаламдану

3.3.5.  Мыңжылдық  декларациясында  қалыптастырылған  даму  мақсаттарымен 

байланысты индикаторлар

3.3.6.  Тұрақты даму

3.4.  Жылнамалар мен ұқсас жинақтар



4. 

Деректерді жинау, өңдеу, тарату жəне талдау əдіснамасы 

4.1.  Метадеректер 

4.2.  Жіктемелер

4.3.  Дереккөздер

4.3.1.  Халық  жəне  тұрғын  үй  қорының  санағы;  халықтың,  тұрғын  үй  мен 

құрылыстардың тіркелімдері 

4.3.2.  Кəсіпорындар мен ауыл шаруашылығының санақтары мен тіркелімдері 

4.3.3.  Үй шаруашылықтарын тексеру

4.3.4.  Кəсіпорындар мен ауыл шаруашылығын тексеру 

4.4.  Деректерді редакциялау мен негіздеу

4.5.  Деректерді тарату, олар сақталатын қойма жасау 

4.6.  Статистикалық құпиялылық жəне сəйкестендіруден қорғау 

4.7.  Деректерді талдау 

5. 

Ресми  статистиканың  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейдегі  стра-

тегиялық жəне басқарушылық мəселелері 

5.1.  Мекемелік жүйелер мен қағидалар; ресми статистиканың рөлі 

5.2.  Статистикалық бағдарламалар; статистикалық жүйе ауқымында үйлестіру 

5.3.  Статистикалық жүйелер мен басқарудың сапасы мен олардың нəтижелілігін 

өлшеу 

5.4.  Адам ресурстарын мен олардың дамуын басқару 



5.5.  Технологиялық  ресурстар  мен  олардың  дамуын  (деректермен  электрондық 

алмасуды жəне оларды бірлесіп пайдалануды қоса алғанда) басқару

5.6.  Халықаралық статистикалық қызметті үйлестіру 

5.7.  Техникалық ынтымақтастық жəне əлеуетті өрістету



ҚОСЫМШАЛАР        519

3-қосымша

«Мемлекеттiк статистика туралы» 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы №98-І Заңы

(2001. 30. 01. №154 - II, 2002.15.01. №280-II; 2004.20.12. №13-III; 2004.21.12. 

№14-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістермен)

Осы  Заң  статистика  қызметi  саласындағы  құқықтық  қатынастарды  реттейдi, 

уəкiлеттi органның жəне статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың 

өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды. 



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы  Заңның  күшi  жеке  тұлғаларға,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 

заңды  тұлғаларына,  өз  қызметiн  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жүзеге 

асыратын  бейрезидент-заңды  тұлғалардың  филиалдары  мен  өкiлдiктерiне  (бұдан 

əрi – заңды тұлғалар) қолданылады. 

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасының  экономикалық,  əлеуметтiк,  демо-

графиялық  жəне  экологиялық  (бұдан  əрi – əлеуметтiк-экономикалық)  салала-

рында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер 

жинаудың, өңдеудiң жəне таратудың негiзгi қағидаларын айқындайды. 

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 



ведомстволық  статистикалық  байқаулар – Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар; 



мемлекеттiк  статистика – мемлекеттiк  статистика  органдары  қалыптасты-

ратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi; 



мемлекеттiк  статистикалық  есептiлiк – жалпымемлекеттiк  жəне  ведом-

стволық  статистикалық  байқаулар,  бұл  орайда  жеке  тұлғалар,  заңды  тұлғалар 

жəне олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мəлiметтердiң берiлуi мен 

дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика орган-

дарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен ұсынады; 

статистикалық  байқау – əлеуметтiк-экономикалық  өмiрдiң  құбылыстары 

мен  процестерi  туралы  деректердi  алдын  ала  əзiрленген  бағдарлама  бойынша 

тiркеу  арқылы  жоспарлы  түрде,  ғылыми  ұйымдастырып  жинау.  Мемлекеттiк 

статистикалық  байқаулар  жалпымемлекеттiк  жəне  ведомстволық  статистикалық 

байқаулардан тұрады; 

ұлттық  санақ – белгiлi  бiр  уақыт  кезеңiндегi  жағдай  бойынша  Қазақстан 

Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке жəне 

заңды  тұлғаларды  жалпымемлекеттiк  статистикалық  байқау.  Уəкiлеттi  орган 

статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi; 



жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар – уəкiлеттi орган жүргiзетiн 

байқаулар; 



бастапқы статистикалық ақпарат – статистикалық байқау жүргiзiлген кезде 

мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн 



520       ҚОСЫМШАЛАР

табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға жəне оның құрылымдық бөлiмшесi 

туралы деректер; 

статистикалық жұмыстар жоспары – мемлекеттiк статистикалық байқау лар 

мен  статистикалық  байқауларға  байланысты  басқа  да  статистикалық  жұмыс тарды 

жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат; 

  статистикалық  байқау  бағдарламасы – байқау  жүргiзудiң  мақсаты  мен 

мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiз-

бесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы жəне басқа 

(бұ дан əрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығару-

дың əдiстемесi жəне статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар; 



тарату – құпия  болып  табылмайтын  статистикалық  ақпаратты  пайда лану-

шылардың,  осы  ақпаратты  пайдалану  нысандары  мен  құралдарына  қарамастан, 

оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; 

арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар – жалпымемлекет-

тiк жəне ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистика-

лық  ақпаратты  жинау  есептер  негiзiнде  емес,  басқа  тəсiлдермен  жүзеге  асыры-

лады.  Бастапқы  статистикалық  ақпаратты  жинау  тəсiлi  бойынша  сауалдамалық, 

декларациялық, корреспонденттiк жəне инспекциялық байқаулар, есепке алу жəне 

санақ жүргiзу болып бөлiнедi; 



статистикалық қызмет – қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың 

сандық  деректерiн  статистикалық  стандарттар  негiзiнде  жинауға,  өңдеуге  жəне 

таратуға байланысты қызмет; 

мемлекеттiк  статистикалық  байқаулардың  типтерi – мемлекеттiк  ста-

тистикалық есептiлiк жəне арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау лар; 



уəкiлеттi  орган – мемлекеттiк  статистикаға  басшылықты  жүзеге  асыра-

тын,  өкiлеттiгi  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  айқындалатын  орталық 

атқарушы орган. 

3-бап. Қазақстан Республикасының статистика 

саласындағы мемлекеттiк саясаты

Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты ғы-

лыми  əдiстеме  жəне  халықаралық  стандарттар  негiзiнде  бiрыңғай  статистикалық 

ақпараттық  жүйенiң  құрылуына,  жұмыс  iстеуiне  жəне  жетiлдiрiлуiне  бағытталған. 

Бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке жəне заңды тұлғалардың рес-

пуб ликаның əлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен тенденцияларын си-

паттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тиiс. 

Қазақстан  Республикасының  статистика  саласындағы  мемлекеттiк  саясаты 

əдiснамалық тұтастық жəне орталықтандыру принциптерiне құрылады. Уəкiлеттi 

орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асы-

рады жəне мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүйесiнде жетекшi орын алады. 

Уəкiлеттi органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық 

көрсеткіштерді əзiрлеудi қамтамасыз ететiн болған жағдайда, мемлекеттiк органдар 

статистикалық байқаулар өткiзедi. Ұлттық санақты жəне статистикалық жұмыстар 

жоспарында  көзделген  мемлекеттiк  статистикалық  байқауларды  жүргiзу  кезiнде 

жеке  жəне  заңды  тұлғалардың,  сондай-ақ  олардың  құрылымдық  бөлiмшелерiнiң 

бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады жəне өтеусiз 

негiзде жүзеге асырылады.



ҚОСЫМШАЛАР        521

Ғылымның  жəне  қоғамдық  ұйымдардың  мүдделi  өкiлдерi  алдын  ала  тал қы-

лағаннан  кейiн  статистикалық  жұмыстар  жоспарын  Қазақстан  Республи касының 

Үкiметi бекiтедi. 



4-бап. Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк 

органдарға қойылатын негiзгi талаптар

Статистикалық  қызмет  жүргiзетiн  уəкiлеттi  орган  мен  мемлекеттік  орган-

дар:  статистикалық  көрсеткiштердiң  тұтастығын,  дұрыстығын  жəне  жеткiлiк-

тiлiгiн; Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық жəне əлеуметтiк 

процестердiң жəне олардың даму тенденцияларының жан-жақты жəне дұрыс зер-

деленуiн, қорытындылануы мен талдануын; статистикалық ақпараттың Қазақстан 

Республикасы заңдарында белгiленген шектерде қол жететiндей жəне ашық болуын; 

қолданылатын əдiстеменiң жəне есептелген негiзгi көрсеткiштердiң халықаралық 

тəжiрибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырмалылығын 

қамтамасыз етедi. 



5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

статистика саласындағы заңдары

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  статистика  саласындағы  заңдары 

Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген жəне осы Заң мен соған 

сəйкес  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтiк  құқықтық 

актiлерiнен  тұрады.  Егер  Қазақстан  Республикасы  бекiткен  халықаралық  шартта 

Қазақстан Республикасының заң актiлерiндегiден өзге ережелер белгiленген болса, 

онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

6-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы 

халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар 

арасындағы  статистика  саласындағы  өзара  қарым-қатынастар  екi  жақты  жəне 

көп  жақты  халықаралық  шарттар,  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  бел-

гiленген  тəртiппен  тең  құқылық  жəне  өзара  мүдделер  принциптерiнде  Қазақстан 

Республикасының уəкiлеттi органы мен басқа мемлекеттердiң статистика органда-

ры жəне халықаралық ұйымдар арасында мемлекеттік тiкелей жасасылған шарттар 

негiзiнде айқындалады. 



2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

7-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдары

Статистикалық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика-

сын қалыптастыратын органдар: уəкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 

статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.



8-бап. Уəкiлеттi орган

Уəкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты əзiрлейдi жəне 

жүзеге  асырады,  Қазақстан  Республикасында  статистиканы  жетiлдiру  жөнiндегi 

бағдарламаларды əзiрлейдi жəне жүзеге асырады. Статистикалық есеп жүргiзудiң 

əдiснамасы  мен  əдiстемесi  мəселелерiнде  тəуелсiз  болады,  өзiнiң  аумақтық 


522       ҚОСЫМШАЛАР

бөлiмшелерiне  басшылық  жасауды  жүзеге  асырады,  ведомстволық  бағыныстағы 

ұйымдардың қызметiн үйлестiредi.

  Уəкiлеттi  орган  мен  оның  аумақтық  бөлiмшелерi  өз  қызметiнде  Қазақстан 

Республикасының  Үкiметi  бекiтетiн  Уəкiлеттi  орган  туралы  ережеге  сəйкес 

статистикалық жұмыстар жоспарын басшылыққа алады. 

Уəкiлеттi  органның  статистиканы  ұйымдастыру  жөнiндегi  нормативтiк 

құқықтық  актiлерi  мемлекеттiк  статистикалық  байқауларда  қамтылған  жеке 

тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. 

Уəкiлеттi  орган  статистика  саласындағы  мемлекеттiк  саясатты  жүзеге  асы-

ру мақсатында: статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде мем-

лекеттік  органдардың  статистикалық  қызметiн  үйлестіреді;  шет  елдермен  жəне 

халықаралық  ұйымдармен  статистика  саласындағы  ынтымақтастықты  жүзеге 

асырады,  олармен  мемлекеттiк  статистиканы  дамытуға  бағытталған  келiсiмдер 

мен  шарттар  жасасады;  мемлекеттік  статистика  мəселелері  жөнiнде  нормативтік 

құқықтық актiлер шығарады. 



9-бап. Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм

Мемлекеттiк  статистикалық  тiркелiм  статистикалық  есеп  жүргiзудiң  құралы 

болып табылады жəне онда статистикалық есеппен қамтылған барлық жеке жəне 

заңды  тұлғалар  туралы  қысқаша  əкiмшiлiк  жəне  экономикалық  ақпарат  бола-

ды.  Оны  жүргізудi  халықаралық  стандарттарға  сəйкес  уəкiлеттi  орган  мен  оның 

аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 

Жеке  жəне  заңды  тұлғалар  туралы  тiркелiмдер  мен  ақпараттық  дерек-

тер  базаларын  жасайтын  жəне  жүргiзетiн  мемлекеттiк  органдар  мен  олардың 

бағынысындағы  ұйымдар  мемлекеттiк  статистика  органдарына  бiрыңғай  Мемле-

кеттiк статистикалық тiркелiмдi қалыптастыруға жəне оған көкейкестi сипат беру-

ге қажеттi ақпаратты тегiн бередi. 

9-1-бап. Елдi мекендерде əр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу

Əр  шаруашылық  бойынша  есеп  жүргiзу  ауылдық  жерлерде  тұратын  жеке 

тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жерiне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы 

бар жеке тұлғаларды мемлекеттiк статистикалық байқау болып табылады.

Ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң əкiмi əр шаруашылық 

бойынша кiтаптарға тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастырады. Уəкiлеттi орган 

əр шаруашылық бойынша есеп жүргiзудi əдiснамалық тұрғыдан басқаруды жүзеге 

асырады жəне осы есептiң деректерін тиісті статистикалық көрсеткiштер түзу үшін 

пайдаланады.

 

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКА 

САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

10-бап. Уəкiлеттi органның құқықтары

Уəкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде: 

статистикалық  жұмыстар  жоспарында  белгiленген  мөлшерде  жəне  мерзiм-

дерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемле-

кеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға; 


ҚОСЫМШАЛАР        523

статистикалық  жұмыстар  жоспарын  орындау  жəне  ұлттық  санақ  жүргiзу 

мақсатында статистикалық жинақтау жəне талдау үшiн жеке тұлғалардан олардың 

экономикалық  жəне  əлеуметтiк-демографиялық  жай-күйi,  сондай-ақ  кəсiпкерлiк 

қызметi туралы дұрыс ақпарат алуға; 

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тəртiппен ұйымдардың лауа-

зымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу iсiне тартуға; 

мемлекеттiк  статистикалық  байқаулар  бағдарламаларын  əзiрлеуге  жəне 

бекiтуге; 

Мемлекеттiк  статистикалық  тiркелiм  жүргiзу  үшiн,  сондай-ақ  мемлекеттiк 

органдар  қалыптастыратын  жиынтық  статистикалық  деректердi  қайталамайтын 

статистикалық  деректердi  түзу  үшiн  мемлекеттiк  органдардан  бастапқы 

статистикалық  ақпаратты,  сондай-ақ  орындайтын  функцияларына  қарай  оларда 

болатын басқа да ақпаратты алуға; 

жеке кəсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы жəне статистикалық есепке 

қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет