Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


Өзіндік жұмысқа арналған



Pdf көрінісі
бет9/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63

4.7.

Өзіндік жұмысқа арналған 

тапсырмалар

4.7.1. Есептер

1 - е с е п .   Өнеркəсіптегі  шағын  кəсіпорындарда  жұмыс  істейтіндердің  саны 

бойынша былайша бөлінеді: 

Жұмыс істейтіндердің саны, 

адам


5-ке 

дейін


6-10

11-15


16-35

36-50


Барлығы

Кəсіпорындарды бөлу, %

40

20

11



20

9

100



Қайталама топтастыру əдісін пайдаланып өнеркəсіптегі кəсіпорындардың ке-

лесі топтарын жұмыс істейтіндер саны бойынша құрыңыз: 1–5, 6–10, 11–20, 21–30, 

31–40, 41–50.


4-тақырып. Статистикалық жинақтау       75

2 - е с е п .  Мектептің екі сыныбындағы балалардың өсуін аралық қатары мен 

бөлу гистограммасын құрып қарастырыңыз: 

130

126


140

132


123

121


127

126


129

128


131

126


129

128


138

122


134

127


133

135


120

139


130

133


133

135


130

124


130

137


130

135


125

130


127

138


129

131


133

123


130

129


124

134


130

130


127

130


137

129


Бөлу қатарын тең аралықпен құрыңыз. 5 топ құру қажет. 

3 - е с е п .  Кəсіпорында мынадай разрядтары бар 50 жұмысшы жұмыс істейді: 

6

5



6

6

5



4

6

5



4

6

5



3

4

3



4

6

5



6

6

3



4

4

5



4

4

5



3

5

3



4

3

5



3

6

3



4

6

6



4

6

5



3

6

3



4

6

5



5

6

5



Қатар мен бөлу полигонын құрыңыз жəне алынған нəтижені талдаңыз, сон дай-

ақ  оларды  талап  етілетін  өндіріс  технологиясы  бойынша  ең  төмен  разрядтар мен 

салыстырыңыз: 

Разряд


3-ші

4-ші


5-ші

6-ші


Барлығы

Қорытындыға, %-бен

25

25

30



20

100


4.7.2. Тест тапсырмалары

1.  Статистикалық  жинақтау – бұл  ненің  ғылыми  ұйымдастырылған 

процесі? 

1)  бастапқы дерек жинаудың;

2)  бастапқы деректі өңдеудің;

3)  жиынтықты елеулі белгі бойынша бөлудің; 

4)  статистикалық деректерді талдаудың; 

5)  ақпарат хабарлаудың. 



2.  Статистикалық топтастыру – бұл ненің ғылыми ұйымдастырылған 

процесі? 

1)  статистикалық дерек ұсынудың;



76       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

2)  статистикалық көрсеткіштерді есептеудің; 

3)  статистикалық деректерді талдаудың; 

4)  статистикалық дерек таратудың; 

5)  жиынтықты елеулі белгі бойынша бөлудің.

3.  Төмендегінің  қайсысы  жекелеген  міндеттерді  шешетін  топтастыру 

түріне жатпайды? 

1)  аралық; 

2)  типологиялық;

3)  құрылымдық; 

4)  аналитикалық (талдамалы); 

5)  өзара байланысты (корреляциялық). 



4.  Жіктеу деп не аталады? 

1)  атрибутивтік белгі бойынша жай топ;

2)  зерттелетін құбылыстың күрделі тобы; 

3)  заңдастырылған тұрақты іргелі топтастыру;

4)  көп өлшемді топтастыру; 

5)  қайталама топтастыру. 



5.  Бұрын жеке бөлінген топтың негізінде жаңа топтың құрылуы не деп 

аталады? 

1)  қиыстырылған топтастыру; 

2)  күрделі топтастыру; 

3)  қайталама топтастыру;

4)  аналитикалық топтастыру; 

5)  құрылымдық топтастыру. 



6.  Жиынтықты сол немесе басқа белгі бойынша бөлу не деп аталады?

1)  жіктеу; 

2)  топтастыру, 

3)  саралау; 

4)  бөлу қатары; 

5)  көп өлшемді топтастыру. 



7.  Атрибутивтік  бөлу  қатары  деп  қай  белгі  бойынша  құрылған  қатар 

аталады? 

1)  сандық; 

2)  сапалық; 

3)  бастапқы; 

4)  қайталама; 

5)  дискреттік.



8.  Қай белгі бойынша құрылған қатар вариациялық қатар деп аталады? 

1)  сандық; 

2)  сапалық;

3)  бастапқы; 

4)  қайталама; 

5)  үздіксіз. 



4-тақырып. Статистикалық жинақтау       77

9.  Вариациялық бөлу қатары неден құралады? 

1)  орта мағыналардан;

2)  жиіліктер мен жиілік шамасынан; 

3)  жиіліктер мен нұсқалардан (варианттардан); 

4)  сапа белгісінің вариантынан; 

5)  динамика көрсеткіштерінен. 



10.  Кумулятивтік бөлу қатарларына не кіреді? 

1)  орта мағыналар мен жиіліктер;

2)  абсолюттік жəне салыстырмалы жиіліктер; 

3)  жинақталған жиіліктер мен жиілік шамалары; 

4)  варианттар мен жинақталған жиіліктер;

5)  полигондар мен кумуляттар. 



11.  Бөлу қатарының аралығының еніне шағылған жиіліктер не деп ата-

лады? 

1)  жеке нəрсе; 

2)  салыстырмалы жиілік; 

3)  орташа жиілік; 

4)  кумулятивтік жиілік;

5)  бөлу тығыздығы.



78       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

5.1.

Статистикада жинақтап 

қорытылған көрсеткіштер

Статистикалық  жұмыстың  бірінші  кезеңінде  статистикалық  бақылау 

жүргізіледі,  статистикалық  материалдар  жинақталып  топтастырылады. 

Статистикалық бақылаудың қорытындысы бойынша статистикалық мате-

риал алынады, онда зерттелетін жиынтықтың əрбір бірлігінің бірқатар белгісі 

болады. Статистикалық жинақтау мен топтастыру кезінде жиналған бас тап-

қы материал жиынтық статистикалық кестеге жинақтап қорытылады. Осы 

кестелерде  бірліктер  жиынтығы  жалпы  жəне  топтар  түрінде  келтірі-



леді. Оларды сипаттайтын көрсеткіштер жинақтап қорытылған көрсеткіш-

тер деп аталады. 

Жинақтап қорыту – статистиканың маңызды міндеті. Жинақтап қоры-

тылған көрсеткіштер əдісі топтастыру жəне жаппай бақылау əдісі сияқты 

статистикаға  тəн,  ерекше  əдіс  болып  табылады.  Статистикада  жинақтап 

қорытылған  көрсеткіштер  абсолюттік,  қатысты  жəне  орташа  болуы 

мүмкін. 


Абсолюттік  көрсеткіштер  бастапқы  статистикалық  материалды 

жинақтау  (жиынтықтау)  нəтижесінде  тікелей  алынады.  Осының  негізінде 

абсолюттік көрсеткіштерді толықтыратын қатысты жəне орташа шамалар 

есептеледі. 

Сол  немесе  басқа  құбылысты  сипаттау  үшін  жинақтап  қорытылған 

көрсеткіштердің барлық үш түрі де жиі қолданылады. Мысалы, өнеркəсіпті 

зерттегенде  кəсіпорындар  сала  бойынша  топтастырылады.  Нəтижесінде 

төменде  келтірілген  макетке  сəйкес  жинақтап  қорытылған  статистикалық 

кесте алынады (5.1-кесте).

Өнеркəсіптік кəсіпорындардың саны мен олар өндіретін өнімнің құны 

жинақтап  қорытылған  абсолюттік  шаманы  білдіреді.  Кəсіпорындар дың 

5-òà¿ûðûï

АБСОЛЮТТІК 

ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫ 

ШАМАЛАР


 

5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар        79

жалпы  санындағы  немесе  өнімнің  құнындағы  өнеркəсіптің  жекелеген 

салаларының өзіндік салмақтары қатысты шама деп аталады. 1 кəсіпорын-

ға шағылған өнімнің орташа құны орташа шама болып табылады. Жалпы 

барлық осы көрсеткіштер өнеркəсіпті жан-жақты сипаттайды. 

5.1. Өнеркəсіптің жекелеген салалары бойынша кəсіпорындарды 

сипаттауға арналған статистикалық кестенің макеті

Өнеркəсіп салалары

Кəсіпорын, 

бірлік саны

Өнімнің 

құны, млн 

теңге

Өзіндік үлес салмақ



1 кəсіпорынға 

шағылған 

өнімнің орташа 

құны, мың 

теңге

Кəсіпорын 



саны 

бойынша, %

Өнімнің 

құны 


бойынша, 

%

Кен өндіруші 



өнеркəсіп

Өңдеу өнеркəсібі

Электр энергиясын, 

газ жəне т.б. өндіру

ЖИЫНЫ

100


100

5.2.

Абсолюттік статистикалық 

шамалар

Абсолюттік  шамалардың  мағынасы  мен  түрлері.  Кез  келген  құбы-

лысты  талдағанда  жəне  шешім  қабылдағанда  абсолюттік  статистикалық 

шамалардың маңызы ерекше рөл атқарады. Олар осы құбылыстың ауқы мы 

жөнінде түсінік береді жəне белгіленген өлшем бірлігінде, яғни килограм-

да, метрде, данада, гектарда, кубометрде, литрде, теңгеде, долларда, еурода 

жəне т.б. көрсетіледі. 

Абсолюттік  шамалар  экономикада  жұмыс  істейтіндердің  санын, 

өндірілген  қосылған  құнның  шамасын,  сыртқы  сауда  айналымының 

көлемін  жəне  т.б.  сипаттайды.  Статистикада  талдап  қорытылған  көр-

сеткіштер  ретінде  олар  əр  кезде  жиынтық  шама  болып  табылады. 

Жиынтық шаманы келесі бірнеше белгі бойынша жіктеу ге болады: 

1)  абсолюттік шаманың құрамындағы жиынтықтың сипаттамасының 

белгісі  бойынша – жиынтық  санының  көрсеткіштері  (кəсіпорындардың 

саны, жұмысшылардың, халықтың саны) жəне белгі көлемінің көрсеткіш-



тері  (жұмысшылардың  еңбекақысы,  кəсіпорындардың  өнімі  жəне  т.б.). 

Мұның өзінде сол бір көрсеткіш бір жағдайда жиынтық  санының көрсет-

кіші, ал екінші жағдайда – белгі көлемінің көрсеткіші, мысалы, кəсіпорын-

дағы жұмысшылар санының көрсеткіші болуы мүмкін; 



80       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

2)  даму  процесі  сипаттамасының  белгісі  бойынша – құбылыстың 

белгіленген  сəттегі  жай-күйін – мезеттік  көрсеткіштер  (халықтың, 

жұмысшылардың,  кəсіпорындардың,  машиналар  мен  жабдықтардың, 

малдың  жəне  т.б.  саны)  немесе  процестердің  белгіленген  кезеңдегі 

нəтижелерін сипаттайтын – аралық көрсеткіштер (өнім өндіру, еңбек пен 

материал шығыны, халық санының өсімі мен кемуі);

3)  құбылыстың ауқымын білдіретін өлшем бірлігі бойынша – натурал-

ды (заттай) жəне құндылық көрсеткіштер

Натуралды (заттай) көрсеткіштер жай (мысалы, электр станциялары-

ның қуаты – киловатта, ал тасымалданған жүктің көлемі – тоннада) жəне 

құрамдас (өндірілген электр энергиясының саны – киловатт-сағатта, ал жүк 

айналымы тонна-километрде көрсетіледі) болуы мүмкін. 

Сондай-ақ шартты өлшем бірлігі де қолданылады (мысалы, отынның 

əр  түрі  жану  жылулығы 7000 ккал/кг  деңгейінде  қабылданған  шартты 

отынның тоннасына айналдырылады, ал сыйымдылығы бойынша əр түрлі 

консерві қалбырлары сыйымдылығы 353,4 куб.см. шартты қалбырға ауыс-

тырылады). 

Құндылық көрсеткіштер (өндірілген немесе сатылған өнімнің көлемі, 

өнімнің өзіндік құны, шығын) ағымдағы бағада да, сондай-ақ салыстыр-

малы бағада да көрсетіледі. 

Абсолюттік есеп айырысу шамасы. Абсолюттік көрсеткіштер қатары 

жинақтау нəтижесінде емес, қосымша деректерді (мысалы, есеп бермеген 

кəсіпорындардың, жасырын қызметті жəне ресми емес сектор дың өндіріс 

көлемі)  ескеріп  есептеу  арқылы  алынады.  Баланстық  есептеу  негі зінде 

жетіспейтін  көрсеткішті  есептеу  əдісі  кеңінен  пайдаланылады.  Көбінесе 

белгінің  көлемі  орта  мағына  мен  жиынтық  санының  негізінде  есептеледі 

(мысалы, картоптың қабының орташа салмағын қап санына көбейту арқылы 

жиналған картоптың жиынтық салмағын анықтауға болады). 



5.3.

Қатысты шамалар

Қатысты  шамалар  жəне  олар  көрсетілетін  нысандар  жөніндегі 

түсінік.  Статистикалық  материалдарды  талдағанда  ең  алдымен  қатысты 

жəне  орташа  шамалар  назарға  алынады.  Мысалы,  əр  түрлі  елдерде  өмір 

сүру  деңгейін  салыстыру  үшін  ЖІӨ  өндіру  көлемі  жөніндегі  абсолюттік 

көрсеткіштер  немесе  елдегі  жалпы  автокөлік  саны  жөніндегі  абсолюттік 

көрсеткіштерді ғана пайдалануға болмайды. Халықтың жан басына немесе 

1000 адамға шағылған көрсеткіштерді есептеу қажет. 

Сөйтіп,  статистикалық  талдауда  ең  алдымен  қатысты  шамаларды  ес-

ептеу керек.



5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар        81

Қатысты  шамалар  екі  көрсеткішті  салыстыру  нəтижесінде  алынады. 

Мəселен, республикалық бюджет туралы Заңда бюджеттің табыс бөлігінің 

мөлшері 500 млрд теңге мөлшерінде белгіленген, ал нақты табыс 525 млрд 

теңгені  құрайды,  бұл  Қаржы  министрлігінің  бюджеттің  табыс  бөлігінің 

жоспарын 5%-ға артық орындағанын білдіреді.

Қатысты  шаманың  бөлгіші  негіз  немесе  салыстыру  базасы  деп  ата-

лады.  Біздің  жағдайда  ол 300 млрд  теңгені  құрайды.  Егер  негіз  ретінде 

бірді  қабылдасақ,  онда  қатысты  шама (1,05) коэффициенті  нысанында 

көрсетіледі;  ол  салыстырылатын  шама  негізден  неше  есеге  көп  немесе 

аз  екенін  көрсетеді.  Егер  негіз 100 деп  қабылданса,  онда  қатысты  бірлік 

пайызда, егер 1000 деп қабылданса, онда промилледе көрсетіледі. Жекеле-

ген сирек құбылыстар үшін статистикада, сондай-ақ 10 000 немесе 100 000-

ға шағылған қатысты көрсеткіштер де пайдаланылады. 

Егер пайызда көрсетілген көрсеткіштен 100-ді алса, онда салыстырыла-

тын мөлшер негізден қанша есе көп немесе аз екенін айтуға болады. 

Промилле  бала  туу,  өлім-жітім  жəне  басқа  да  бірқатар  көрсеткіштер 

1000  халыққа  шағылып  есептелетін  демографиялық  статистикада  кең 

таралған.

Əдетте  тек  абсолюттік  көрсеткіш  салыстырылады,  алайда  қатысты 

жəне орташа көрсеткіштерді де салыстыруға болады. Қатысты шама – бұл 



салыстырылатын екі статистикалық шаманың арақатынасы ның сандық 

шамасын беретін жинақтап қорытылған көрсеткіші. 

Мұның өзінде салыстырылатын көрсеткіштер əдістемелік жағынан са-

лыстырмалы болуы тиіс. 

Танып  білу  мəніне  байланысты  динамиканың,  жоспарлық  тапсырма-

ның,  жоспардың  орындалуының,  құрылымның,  үйлестірудің,  дамуды  са-

лыстыру мен оның қарқынының қатысты көрсеткіштері қолданылады. 



Динамика көрсеткіштері құбылыстың уақытқа орай өзгеру дəрежесін 

сипаттайды. Бұл ретте өткен уақыт кезеңдерінің (сəттерінің) базистік деп 

аталатын мөлшері 100 немесе бір деп қабылданады, ал кейінгі кезеңдердің 

көрсеткіштері базистікке пайызда немесе коэффициентте көрсетіледі. Олар 



өсу қарқыны деп, ал бірлікке немесе 100-ге шегеріліп – өсім қарқыны деп 

аталады. 



Жоспарлық  тапсырма  көрсеткіштері  жоспарланған  көрсеткіштің 

нақты қол жетіскен деңгейге арақатынасын көрсетеді. Бұл ретте салысты-

рылатын  көрсеткіштер  əр  түрлі  уақыт  кезеңдеріне  жатады.  Мысалы,  егер 

индикативтік  жоспарда  өнеркəсіптік  өндірістің  өсу  қарқынын 8-ден 10%-

ға дейін, ал ЖІӨ-ге бюджет тапшылығын 3%-дан 2,5%-ға дейін қысқарту 

қарастырылса,  бұл  өнеркəсіптік  өндірістің  өрлеу  қарқынын  ұлғайту 

жөніндегі жоспар 125%-ды (10 : 8 × 100), ал бюджет тапшылығын қысқарту 

жөніндегі жоспар 83,3% -ды құрайтынын білдіреді (2,5 : 3,0 × 100). 

6 – 3/10-09


82       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Жоспардың орындалу көрсеткіштері қатысты шаманың алдың ғы түрімен 

салыстырғанда,  керісінше,  жоспарланған  деңгеймен  салыстыр ғанда  нақты 

қол жетіскен деңгейдің мөлшерімен арақатынасын көрсетеді. Мұның өзінде, 

алайда,  көрсеткіштер  бір  уақыт  кезеңіне  (сəтіне)  жатқызылады.  Мысалы, 

егер  өткен  мысалда  өнеркəсіптік  өндірістің  өсуінің  нақты  қарқыны 10 

емес 12%-ды,  ал  бюджет  тапшылығының  қысқаруы 0,5% емес  (ЖІӨ-ге 

3%-дан 2,5%-ға  дейін) 0,6%-ды  құраса  (яғни  нақты  тапшылық 2,4%-ды 

құрады),  онда  бұл  жағдай  өнеркəсіптік  өндірісінің  өсу  жоспары 20%-ға 

(12 : 10 × 100), ал  бюджет  тапшылығын  қысқарту  жоспары  да 20%-ға 

(0,6 : 0,5 × 100) артық орындалғанын білдіреді. 



Құрылым көрсеткіштері пайызда көрсетілген бүтіннің үлесін (немесе 

өзіндік салмағын) білдіреді. 

Мысалы,  ЖІӨ-нің  жалпы  көлеміндегі  ауыл  шаруашылығының  үлесі 

өтпелі кезеңде 34%-дан (1990 жылы) 8%-ға дейін ( 2004 жылы) қысқарды. 

Бұл  ретте  өзіндік  салмақтың  қысқаруы  жиынтықтың  осы  бөлігінің  абсо-

люттік  мөлшерінің  тиісінше  кемуін  білдірмейді.  Мəселен  ЖІӨ-де  ауыл 

шаруашылығы үлесінің 4 еседен астамға қысқарғанда өндірістің абсолют-

тік көлемінің тек 39%-ы ғана қысқарды. Сонымен бірге өнеркəсіп ЖІӨ-гі 

өзі нің үлесін бір жарым есеге арттырғанына (21-ден 31%-ға дейін) қарамас-

тан оның нақты көлемі 14%-ға қысқарды. 



Үйлестіру (координация) көрсеткіштері бүтіннің жекелеген бөліктері-

нің  аттас  шамаларының  өзара  арақатынасын  сипаттайды,  оның  біреуі 

са лыстыру  базасы  ретінде  қабылданады.  Басқаша  айтқанда,  құрылым 

көр сеткішінде  салыстыру  базасы  ретінде  жалпы  қорытынды  қабылданса, 

онда  бұл  жағдайда  салыстыру  базасы  ретінде  бүтіннің  кез  келген  бөлігі 

қабылдануы  мүмкін.  Кəсіпорында 1000 жұмысшының 900-і  өндірістік, 

100-і – өндірістік емес жұмысшы болып табылады делік. Сонда құрылым 

тұрғысынан  алып  қарағанда  кəсіпорын  жұмысшыларының 90%-ы – 

өндірістік, ал 10%-ы өндірістік емес жұмысшыны құрайды деуге болады. 

Ал  өндірістік  жəне  өндірістік  емес  жұмысшылардың  санын  салыстыруға 

қатысты  өндірістік  жұмысшының  саны  өндірістік  емес  жұмысшының  са-

нынан 9 есе  артық  екенін  атап  өту  керек.  Демографиялық  статистикада 

халықтың  жалпы  санында  ерлер  мен  əйелдердің  үлесі 48 жəне 52%-ды 

құрайды, ал сонымен қатар 1000 əйелге шаққанда 923 ер адам келеді. 



Салыстыру  көрсеткіштері  əр  түрлі  объектілерге  немесе  аумақтарға 

қатысты, алайда сол бір уақыт (сəт) кезеңіндегі аттас көрсеткіштерді салыс-

тыруды сипаттайды. Демек, біз елдің əр түрлі өңірлерінің халық санын неме-

се өнеркəсіптік өндірісінің көлемін немесе елдерді салыстыра аламыз. Мыса-

лы, Ресей Федерациясының халық саны Қазақстан халқы санынан он еседей 

асады, ал жыл ішінде өндірілген қосылған құнның барлық көлемі бойынша 

салыстыру он бес есе айырманы көрсетеді. Бұл Қазақстанмен салыстырғанда 

Ресейдегі еңбек өнімділігі деңгейінің жоғары екенін растайды. 



5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар        83

Даму  интенсивтілігінің  көрсеткіштері  осы  құбылыстың  белгіленген 

ортада таралу дəрежесін білдіреді. Туғандардың немесе қай тыс болғандар-

дың жиынтықтарын халықтың санымен салыстырып осы құбылыстың да-

муы ның  дəрежесін,  интенсивтілігін  бағалаймыз.  Интенсивтіліктің  басқа 

көрсеткіштеріне халықтың материалдық жəне мəдени деңгейінің өсуін си-

паттайтын көрсеткіштер (халық санына шағылған ЖІӨ, білім дең гейі жəне 

т.б.)  жатады.  Осы  көрсеткіштерге,  сондай-ақ  халықтың  тығыз дығының, 

теміржол желісінің жиілігі жəне т.б. жатады. 

Халықтың жан басына шағылған өндіріс көрсеткіштерін есептеуге бо-

лады. Интенсивтілік көрсеткіштері өндірістің жетілу, оның жаңа техника-

мен жарақтандырылу дəрежесін көрсету мақсатында, сондай-ақ жабдықтың 

пайдаланылуын,  күрделі  салымдардың  тиімділігін  сипаттау  үшін  кеңінен 

пайдаланылады. 

Даму  интенсивтілігі  көрсеткіштерінің  басқа  қатысты  шамадан 

айырмашы лығы  олар  дерексіз  емес  атаулы  сандар,  яғни  олар  əр  кезде 

қатынастың алы мында тұрған жиынтықтың бірлік санын бөлгіш те тұрған 

жиынтықтың бірлі гінің санан білдіреді.

5.4.

Абсолюттік жəне қатысты 

шамалардың графикалық көрінісі

Графикалық  көрініс  статистикалық  мөлшерлерді  өзара  салыстыру, 

бүкіл жиынтықтағы жекелеген факторлардың рөлін анықтау, құрылымды 

жəне құрылымдық ілгерілеуді, белгілердің, құбылыстардың уақытқа орай 

өзгерістерінің арасындағы байланыстарды зерттеу, құбылыстың кеңістікте 

таралу дəрежесін анықтау жəне т.б. үшін пайдаланылады. 

Шкала, ауқым, координата осі мен сандық (координаттық) тор сандық 

арақатынастарды  көрсететін  графиктердің  негізгі  элементтері  болып  та-

былады. 

Əр түрлі графикалық суреттермен көрнекі көрсетілген статистикалық 

көрсеткіштердің  диаграмма,  картограмма,  картодиаграмма  деп  аталатын 

үш түрі болады. 



Диаграмма  деректер  көрсетілетін  көрнекі  құрал  болып  табылады 

жəне салыстыруды орындауды, заңдылықтарды жəне деректердің үрдісін 

анықтауды жеңілдетеді. Мысалы, беттегі сандардың бағанын талдаудың 

орнына диаграммаға қарап тоқсан сайын сатудың көлемі түсе ме əлде олар 

өсе  ме  немесе  нақты  сату  көлемінің  жоспарланған  көлемге  қатынасын 

білуге болады. 



84       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Диаграммалардың  стандартты  түрлеріне  (олар Windows операциялық 

жүйесінің Microsoft Excel кеңсе бағдарламасында келтірілгендей) мыналар 

жатады: 


гистограмма  (бағандық)  жəне  сызықтық  (көлденең  жолақтар) – əр 

түрлі  категориялардың  мағыналарын  немесе  əрбір  категорияның 

жалпы  сомаға  қосатын  үлесін  білдіреді  немесе  жалпы  сомадағы 

əрбір категорияның үлесін көрсетеді; 

график – процестің уақытқа орай немесе категория бойынша дамуын 

білдіреді; жинақтаушы график жалпы соманы уақытқа орай немесе 

категориялар бойынша жақсы көрсетеді; онда деректердің нүктесін 

белгілейтін маркерлер болуы мүмкін; 

секторлық  (дөңгелек) – əрбір  мағынаның  жалпы  сомаға  қосатын 

үлесін көрсетеді; көлемді жəне кесілген болуы мүмкін; 

нүктелік – ол  кесінділермен  немесе  тегістейтін  сызықтармен 

қосылуы  мүмкін  мағыналардың  жұптарын  салыстыруға  мүмкіндік 

береді, сондай-ақ олардың деректердің нүктелерін белгілейтін мар-

керлері болуы мүмкін; 

облыстары бар – қатардың мағыналарының уақытқа орай өзгеруін 

жақсы  көрсетеді;  деректерді  жинақтаушысы,  нормаланған  (жалпы 

сомаға жекелеген құрамдастардың салымының үлесі) жəне көлемді 

болуы мүмкін; 

шығыршық – дөңгелекке  ұқсайды,  алайда  бірнеше  қатар  деректі 

көрсете алады; 

гүлжапырақтық – графиктің  координаттардың  полярлық  жүйесін-

дегі  үйлес  варианты  болып  табылады;  мағыналардың  координата-

ның басына қатысты бөлінуін көрсетеді;;

кеңістік – мағыналардың  екі  өлшем  бойынша,  кеңістік  түрінде 

өзгеруін көрсетеді; 

көпіршікті – жазықтықтағы  үш  мағынадан  тұратын  жиынды  біл-

діреді;  нүктелік  диаграммаға  ұқсайды,  алайда  үшінші  мөлшер 

көпіршіктің мөлшерін көрсетеді; 

биржалық    жазықтықтағы  үш  мағынадан  тұратын  жиынды  біл-

діреді (ең жоғары бағам, ең төмен бағам, жабу бағамы); 

цилиндрлік – бағандары цилиндр түріндегі гистограмма; 

коникалық – бағандары конус түріндегі гистограмма; 

пирамидалық – бағандары пирамида түріндегі гистограмма. 

Жекелеген  диаграммалардың – бағандық  (гистограмма),  графика 

(бөлу  полигоны  мен  кумулята),  нүктелік  (нүктелік  диаграммаға  құрыл-

ған  Лоренцтің  қисық  сызығы)  мысалдары  өткен  тақырыпта  келтірілді. 

Сызықтық жəне дөңгелек диаграмманың мысалдары 5.1 жəне 5.2-суреттер-

де көрсетілген. 














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет