ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ


 Топырақтың механикалық құрамының биологиялық



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

3.3. Топырақтың механикалық құрамының биологиялық, 

физикалық, химиялық қасиеттеріне əсері

Топырақ  жамылғысы  өзінің  физикалық-механикалық  қасиетіне 

байланысты,  ауадағы  зиянды  заттектерді  өзіне  сіңіріп,  өзінің 

құрамында  екіншілік  ластану  көздерін  қалыптастыруға  бейім 

геологиялық ортаның, ұзақ мерзімдік зиянды заттектерді тасымал-

дайтын орта болып табылады. Ластанған топырақтың табиғи орта-

да  қалпына  келуі  жүздеген  жылдарға  созылады,  ал  жасанды  жол-

мен қалпына келтіру – күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. 

Топырақтың  мұнай  өнімдері  жəне  бұрғылау  ерітінділерімен  ласта-

нуы локальды дəрежеде байқалады. Бірақ жоғары дəрежеде ластан-

са,  топырақ  құнарсыз,  асфальт  тəрізді  массаға  айналуына  байла-

нысты өте қауіпті. Ең күрделі экологиялық проблемалардың біріне 

литосфераның  мұнай  өнімдері  жəне  ауыр  металдармен  ластануы 

жатады.


94

Мұнаймен  ластану  кезінде  топырақтың  құнарлығын  жəне 

экологиялық  қызметін  анықтайтын,  оның  барлық  морфологиялық, 

физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық қасиетіне ықпалын 

тигізеді.  Мұнаймен  ластану  кезіндегі  топырақ  қасиетінің  өзгеруі, 

сондай-ақ  оның  миграциялану  процестері  аккумуляциялануы 

метоболизмі  төгілген  мөлшеріне,  физикалық-химиялық  құрамына, 

топырақтың климаттық жəне ландшафтық жағдайына, биохимиялық 

кедергілерге,  топырақ  профиліндегі  миграция  каналдарына  байла-

нысты болады.

Мұнайдың  топырақ  қабатына  сіңу  тереңдігі  мұнай  құрамы 

мен  топырақтың  механикалық  құрылымына  байланысты  жүреді. 

Топырақтың  морфологиялық  белгілерінің  өзгеруі  өзімен  бірге, 

физикалық қасиеттерінің өзгеруіне əкеліп соқтырады. Топырақтың 

мұнаймен  ластануы,  мұнай  өнімдері  сіңген  горизонттарда 

органикалық  заттектердің  жалпы  құрамын  күрт  арттырады.  Лас-

тану  кезіндегі  топырақтың  физикалық  қасиеттерінің  өзгеріске 

ұшырауының  нəтижесінде,  мұнай  топырақтағы  ауаны  ығыстырып, 

судың,  қоректік  заттектердің  түсуі  бұзылады.  Бұл – өсімдіктердің 

өсуін  баяулатып,  олардың  жойылуының  бірден-бір  себебі  бо-

лып  саналады.  Мұнаймен  қаныққан  топырақтың  ылғалды 

сіңіру  жəне  ұстап  тұру  қабілеттері  бəсеңдеп,  ластанбаған 

топырақпен  салыстырғанда – ылғалдылықтың,  су  өткізгіштіктің, 

ылғал  сыйымдылығының  төменгі  мəндері  байқалады.  Топырақ 

қышқылдылығының  өзгеруі,  бəрінен  бұрын  мұнайдың  сапасы 

мен  оның  құрамындағы  минералдылығы  жоғары  қабат  сулары-

на  байланысты  морфологиялық  ерекшеліктері  келесі  қабаттармен 

сипатталады.  Гумусты  горизонттың  қалыңдығы 35 см  аспайды, 

олардың құрылымдары берік емес, түйіршікті келеді. Горизонттар-

да  нығыздалу  байқалады,  бұл  тұздылық  мөлшерінің  аз  екендігін 

көрсетеді. Механикалық құрамы бойынша топырақ – сазды, тез еритін 

тұздар 80–100 см тереңдікте кездеседі, сіңіру сыйымдылығы 15–25 

мг.экв/100  г.  топырақты  құрайды.  Шабындық  жерлердің  топырағы 

–  гумусты  горизонттардың  қуаттылығымен  сипатталады.  Жоғары 

горизонтта 1,5-3,5% гумусты  құрайды.  Гуматты  фульваттардың 

құрамы 4,2%, азот – 0,07- 0,0061 %, фосфор – 1,3-0,9%, қозғалмалы 

элементтер: топырақта азот – 1,4-0,8, фосфор – 3,0-4,7 жəне калий 

29-52 мг/100 г. топырақ ерітіндісінің рН 7,5-8,5. Зерттеу нəтижелері 

ластанған топырақ буферлігінің төмен екенін көрсетті.


95

 

Сіңірілген  негіздердің  құрамында  кальций  мен  магнийдің 



мөлшері басым. Жауын-шашынның аз түсуіне байланысты, құрылым 

түзуі – əлсіз  жəне  осы  топырақ  горизонттарының  тығыздығының 

жоғары болуына байланысты топырақ аз ылғалданады. Жауын-ша-

шын көп жауатын кезде ылғалдану тереңдігі 50 см-ден аспайды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топырақтың механикалық құрамы деп нені айтады?

2.  Топырақтарды  механикалық  құрамына  байланысты  топқа 

бөлуін айтыңыз.

3. Топырақтың гронулометриялық құрамы бойынша жіктелуі.

4. Құм деген не?

5. Шаң деген не?

6. Тұнба деген не?

7. Топырақтың микроагрегаттарды құру қабілеті қандай?

8. Топырақ жамылғысы өзінің физикалық-механикалық қасиетіне 

байланысты қалай анықталады?

9.  Мұнаймен  ластану  кезінде  топырақтың  құнарлығы  жəне 

экологиялық жағдай қандай болады?

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Топырақта ең таралған біріншілік минералдарды атаңыз:

А) кварц 

В) дала шпаты

С) амфиболалар

Д) пироксендер жəне слюдалар

Е) жоғарыдағы барлығы

2.  Н.  А.  Качинский  бойынша  механикалық  элементтердің  клас-

сификациясына  сəйкес 0,001 – 0,0001 мм  мөлшері  бар  топырақ 

бөлшектері келесі фракцияны құрайды:

А) тас 

В) қиыршық тас



С) тұңба

Д) құм


Е) физикалық балшық

96

3.  Механикалық  құрамы  бойынша  топырақ  атауының  негізіне 

қандай топырақ фракцияларының арақатынасы жатқызылған?

А) шаң мен құм 

В) тас пен қиыршық тас

С) тұңба мен коллоидтер

Д) тас пен құм

Е) физикалық құм мен физикалық балшық

4. Топырақтың басқа атауы:

А) оксисфера 

В) литосфера

С) биосфера

Д) геосфера

Е) педосфера

5. Топырақты неше фаза ажыратады?

А) 6 


В) 4

С) 8


Д) 10

Е) 2


6. «Топырақ-планетарлық механизм» түсінігін көрсетіңіз:

А) көпфаздық полидисперстық жүйе

В) құрлықта тіршіліктің пайда болуының айналымын қамтамасыз 

ететін полифункционалдық табиғи жүйе 

С) құнарлығы бар ерекше жаратылыс тарихи дене 

Д) биосфераның басқа жүйелерімен үзіліссіз əрекеттесуде бо-

лады 

Е) өзара қамтамасыз етілген тепе-теңдіктердің күрделі жүйесінің 



арқасында  химиялық  элементтердің  масса  алмасуының  ғаламдық 

айналымдық үрдістерін реттейді 

7. «Топырақ – ашық динамикалық жүйе» түсінігін айтыңыз:

А) көпфаздық полидисперстық жүйе

В) құрлықта тіршіліктің пайда болуының айналымын қамтамасыз 

ететін полифункционалдық табиғи жүйе 

С) құнарлығы бар ерекше жаратылыс тарихи дене 


97

 

Д) биосфераның басқа жүйелерімен үзіліссіз əрекеттесуде бо-



лады 

Е) өзара қамтамасыз етілген тепе-теңдіктердің күрделі жүйесінің 

арқасында  химиялық  элементтердің  масса  алмасуының  ғаламдық 

айналымдық үрдістерін реттейді

8. Топырақтағы арнайы органикалық зат:

А) гумус


В) фульвоқышқылдар

С) гумин қышқылдары 

Д) гумин 

Е) гиматомелан қышқылдары

9. Топырақтың табиғи дене ретінде ерекшеліктері: 

А) ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм;

В) гумустың болуы; органикалық заттардың болуы; күрделі зат 

құрамы; ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм;

С)  гумустың  болуы;  химиялық  элементтер  қосылыстарының 

алуандылығы;  күрделі  зат  құрамы;  маңызды  параметрлерінің 

заңдылық өзгерістері

Д) ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм; 

Е)  гумустың  болуы;  органикалық  заттардың  болуы;  химиялық 

элементтер қосылыстарының алуандылығы; күрделі зат құрамы;

10. Жай тұздардың (кальцит, магнезит, гипс, мирабилит жəне т.б.) 

маңызы:


А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды

В) топырақ құнарлығын анықтайды

С)  өсімдіктердің  күлділік  қоректену  элементтерінің  резервтік 

қоры


Д) топырақ тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды

Е) топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады

11. Монтмориллонит тобы минералдарының маңызы:

А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды

В) топырақ құнарлығын анықтайды

С)  өсімдіктердің  күлділік  қоректену  элементтерінің  резервтік 

қоры

7–1427


98

Д) топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды

Е) топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады

12. Ең көп таралған балшықты минералды атаңыз:

А) пиролюзит

В) монтмориллонит

С) гидроокись кремния

Д) мирабилит 

Е) бемит

13. Екіншілік минералдардың арасында не ажыратылады?

А) жай тұздар

В) гидроокистер

С) окистер

Д) балшықты 

Е) жоғарыдағы барлығы

14.  Аридті  климат  жағдайындағы  жоғары  мөлшерде  топырақта 

жинақталатын екіншілік минералдар:

А) жай тұздар

В) гидроокистер

С) окистер

Д) балшықты 

Е) жоғарыдағы барлығы

15. Өсімдіктер үшін топырақта калийдің маңызды көзі:

А) хлориттер

В) гидрослюдалар

С) аралас-қабатты минералдар

Д) монтмориллониттер 

Е) каолиниттер

16. Осындай екіншілік минералдардың топырақта басымдылығы 

– олардың негіздермен кедейлігінің көрсеткіші:

А) хлориттер

В) гидрослюдалар

С) аралас-қабатты минералдар

Д) монтмориллониттер 

Е) каолиниттер


99

 

17. «Механикалық элементтер – …» түсіндірмесін жалғастыр:



А) жоғары дисперсті аморфты қосылыстар

В)  топырақтың  тығыздығы  мен  саңылаулығының  сыртқы 

көрсетілуі

С) топырақ жəне топырақ түзуші жыныстарын қатты фазасының 

əртүрлі мөлшерлі бөлшектері

Д)  топырақ  горизонттарында  əртүрлі  формасы  жəне  химиялық 

құрамы бар заттардың жинақталуы

Е)  пайда  болуы  топырақ  түзілу  процесімен  байланысты  емес 

топырақтағы органикалық жəне бейорганикалық денелер

18. Н. А. Качинский бойынша механикалық элементтердің клас-

сификациясына  сəйкес  мөлшері 1 мм  жоғары  топырақтың  барлық 

бөлшектерінің атауы:

А) қанқа бөлігі 

В) майда үлбір

С) тұнба

Д) құм


Е) физикалық балшық

19. Н. А. Качинский бойынша механикалық элементтердің клас-

сификациясына  сəйкес  мөлшері 1 мм  кіші  топырақтың  барлық 

бөлшектерінің атауы:

А) қанқа бөлігі 

В) майда үлбір

С) тұңба

Д) құм


Е) физикалық балшық

20. Топырақтардың тастылық дəрежесі бойынша бөлінуі:

А) қанқа бөлігі жəне майда үлбір

В) тасты емес, əлсіз тасты, орташа тасты, күшті тасты

С) валундық, галечниктік, ұсақталған тас

Д) кіші, орташа, ірі

Е) физикалық балшық, тұнба, шаң

21. Топырақтардың тастылық типіне байланысты бөлінуі:

А) қанқа бөлігі жəне майда үлбір


100

В) тасты емес, əлсіз тасты, орташа тасты, күшті тасты

С) валундық, галечниктік, ұсақталған тас

Д) кіші, орташа, ірі

Е) физикалық балшық, тұнба, шаң

22. Қандай фракцияның механикалық элементтері топырақтың су 

өткізгіштігін, кіші су сыйымдылығын жəне су көтерілуінің бол-

мауын анықтайды?

А) құм

В) шаң


С) тас

Д) тұнба


Е) қиыршық тас

23.  Қандай  фракцияның  механикалық  элементтері  топырақтың 

жеңіл  шаңдылығын,  кіші  су  сыйымдылығын  жəне  тығыздануға 

қабілетін анықтайды?

А) құм

В) шаң


С) тас

Д) тұнба


Е) қиыршық тас

24. «Механикалық анализ – …» түсінігін жалғастыр:

А) физикалық балшық пен физикалық құмның арақатынасы

В) механикалық элементтерді саналық анықтау

С) механикалық элементтер фракцияларының топырақта немесе 

жыныста салыстырмалы мөлшері 

Д) механикалық элементтерді сапалық анықтау

Е) қанқа бөлігі мен майда үлбірдің арақатынасы

25. Топырақ пен жыныстардың механикалық құрамының бірінші 

классификациясының авторы:

А) Н. М. Сибирцев 

В) Н. А. Качинский

С) В. В. Докучаев

Д) В. В. Добровольский

Е) В. Р. Вильямс


101

 

26. Топырақ пен жыныстардың механикалық құрамының қазіргі 



кең таралған классификациясының авторы:

А) Н. М. Сибирцев

В) Н. А. Качинский

С) В. В. Докучаев

Д) В. В. Добровольский

Е) В. Р. Вильямс

27.  Н.  А.  Качинский  бойынша  топырақ  пен  жыныстардың 

механикалық құрамының қазіргі классификациясының негізі:

А) физикалық балшық пен физикалық құмның арақатынасы

В) механикалық элементтерді саналық анықтау

С) механикалық элементтер фракцияларының топырақта немесе 

жыныстағы салыстырмалы мөлшері

Д) механикалық элементтерді сапалық анықтау

Е) қанқа бөлігі мен майда үлбірдің арақатынасы

28.  Құмды  топырақтың  механикалық  қасиетін  жақсартудың 

мүмкін жолы:

А) ақтау

В) органикалық тыңайтқыштарды енгізу

С) жырту

Д) құмдау, органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Е) балшықтау

29.  Балшықты  топырақтың  механикалық  қасиеттерін  жақсар-

тудын мүмкін жолы:

А) ақтау


В) органикалық тыңайтқыштарды енгізу

С) жырту


Д) құмдау, органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Е) балшықтау

30. Механикалық құрамы бойынша жеңіл топырақтардың сипат-

тамасы:


А) өсімдіктер үшін гумуспен жəне қорек элементтерімен кедей; 

жел эрозиясына ұшыраған;

В) өсімдіктер үшін гумуспен жəне қорек элементтерімен кедей; 

тығыздығы, жабысқағы жоғары;



102

С) өсімдіктер үшін гумуспен жəне қорек элементтерімен кедей; 

жел эрозиясына ұшыраған; тығыздығы, жабысқақтығы жоғары;

Д) əлсіз сіңіру қабілеті; жел эрозиясына ұшыраған; тығыздығы, 

жабысқақтығы жоғары;

Е) жоғары байланыстылығы мен су сыйымдылығы; əлсіз сіңіру 

қабілеті; тығыздығы, жабысқақтығы жоғары; əлсіз су сыйымдылығы, 

қолайсыз ауа жəне жылу режимі



103

 

3-БӨЛІМ



ТОПЫРАҚТЫҢ КОМПОНЕНТТІК 

ҚҰРАМДАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

4-ТАРАУ

ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

4.1. Топырақтың минералогиялық құрамының 

қалыптасуы

Топырақтың минерологиялық құрамы көп жағдайларда топырақ 

түзуші тау жынысының құрамына тəуелді болады жəне туынды ми-

нералдардан  құралады.  Бастапқы  минералдардан:  кварц,  даналық 

шпат, слюда, авгит, магнетит, гематит, апатит көп тарағандары. Олар 

топырақтың инертті бөлігін – скелетін құрайды. Олардың мөлшері, 

əсіресе  құмдақ  топырақтарда  көп.  Бастапқы  минералдар  мүжілу 

процесінің  нəтижесінде  екінші  минералдарды  жəне  өсімдіктердің 

минералдық  қоректенуін  қамтамасыз  ететін  элементтерді  түзеді. 

Топырақта  туынды  минералдардан  каолинит,  монтмориллонит, 

кальцит,  гипс,  мирабилит,  галит,  гетит,  пиролюизит,  доломит  жəне 

басқалары болады.

Туынды  минералдар  қарапайым  тұздарға,  гидрототықтардан, 

тотықтарға  жəне  саз  минералдардан  тұратын  топтарға  бөлуге  бо-

лады.  Қарапайым  тұздар  түріндегі  минералдарға:  кальцит  (СаСо

3

), 



доломит  [СаМg(Со

3

)



2

],  сода (Na

2

Co

3



),  гипс (CaSo

4

 2H



2

O),  магне-

зит (MgCo

3

),  галит (NaCl), фосфаттар,  нитраттар  жатды.  Тұздану 



дəрежесі осы тұздардың мөлшеріне байланысты келеді.

Бұл  тұздар  топырақта  құрғақ  климат  жағдайында  жиналады. 

Темірдің, алюминийдің, күкірттің, марганецтің тотықтары түріндегі 

минералдар  бастапқы  минералдардың  мүжілуі  нəтижесінде  пайда 

болады.

Алюмосиликаттар  жəне  ферросиликаттар,  каолиниттер,  гидрос-



людалар, монтмориллониттер саздың құрамдас бөлігі болып табы-

лады. Сондықтан осы минералдар бар топырақтар сазды топырақтар 



104

деп  аталады.  Олар  күшті  дəрежеде  уақталған,  желімдеушілік 

қасиеті  бар,  яғни  құрылымы  жақсы,  сіңіру  қабілеті  де  жоғары. 

Осы  саз  минералдардың  мөлшеріне  топырақтың  жабысқақтығы, 

су  өткізгіштігі,  ісінгіштігі  ылғал  сіңірімділігі  тікелей  байланысты 

келеді.  Топырақ  құрамындағы  туынды  минералдардың  мөлшеріне 

өсімдіктердің қоректенуін қамтамасыз ететін топырақтың құрылымы, 

химиялық, физикалық, сулық, ауалық қасиеттері, құнарлығы тікелей 

байланысты болады.

Топырақтың  қатты  фазасының  химиялық  құрамы  да  топырақ 

түзуші жыныстардың құрамына сəйкес келеді. Топырақта кремний 

тотығы SiO

2,

 органогендік элементтер С, Н, О, N, P, S, K, Ca, Mg көп 



мөлшерде кездеседі. Соңғылары өсімдік қорегінің көзі болып табы-

лады  жəне  топырақ  құнарлығы  солардың  мөлшеріне  байланысты 

болады. Өсімдіктердің қоректенуінде азот, фосфор, калий үлкен рөл 

атқарады. Азот топырақта нитраттар жəне аммоний тұздары түрінде 

кездеседі.  Ол  топырақ  ауасының  жəне  гумустың  (қарашіріктің) 

құрамына  кіреді.  Азоттың  көптеген  қосындылары  өте  жылжыма-

лы,  оңай  шайылады.  Топырақтағы  азоттың,  фосфордың,  калийдің 

жетіспейтін бөлігін минералдық жəне органикалық тыңайтқыштар 

арқылы енгізеді.

Топырақта өсімдікке зиянды: хлор, натрий, марганец, алюминий, 

магний сияқты улы элементтер де бар. Олардың мөлшері көп бол-

са, топырақты тұздандырады. Топырақта микроэлементтер де: бор, 

молибден, цинк, кобальт, йод бар. Бұлар маңызды физиологиялық, 

биохимиялық  рөл  атқарады.  Топырақта  аз  мөлшерде  радиоактивті 

элементтер  кездеседі.  Радиоактивті  элементтер  топыраққа 

табиғи  жəне  жасанды  радиактивтілік  береді.  Топырақтың  табиғи 

радиактивтілігі  оның  құрамындағы  уранның,  торийдің,  радийдің 

мөлшеріне  байланысты.  Жасанды  радиоактивтілік  адамның  атом 

энергиясын пайдалануынан туындайды.

4.2. Алғашқы минералдар жəне олардың маңызы

Химиялық  құрамы  жағынан  да  жыныстарындағы  алғашқы  ми-

нералдар – негізінен  элементтерді  шығаратын  тотықтар  мен  сили-

каттар.  Тотықтарға  кварц  Ғе

2

0

3



,  магнетит  Ғе

3

0



4

,  рутил  Ті0

2

  т.б.,  ал 



силикаттарға  дала  шпаттары,  слюдалар,  пироксендер,  амфибол-

105

 

дар жəне оливиндер жатады. Кварц – ең кең тараған минерал. Жер 



астынан  атқылаған,  шөгінді,  үйінді  жəне  топырақ  құрамындағы 

тау  жыныстарында  ол 25-40%-дай  мөлшерде,  ал  кварцты  құмдар 

мен  құмтастарда 90%-дан  астам  мөлшерде  кездеседі.  Кремний 

оттегі  қосылысын  бекем  қаңқалы  құрылым  түзгендіктен,  үгілу 

құбылыстарына  да  берік  болады.  Сондықтан  олар  топырақтардың 

элювиалды қабаттарында қалдықты минерал ретінде көп кездеседі. 

Топырақта гематит пен рутил не бары 0,5%-дай ғана.

Силикаттар – көп таралған минералдар тобы. Мұнда да кремний 

оттегі қосылыстары Sі0

4

 берік төртбұрышты қаңқалы құрылым ска-



ниондар арқылы жалғасады.

Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар минирал-

дары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында кремний жəне алю-

миний иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаңқалар калции на-

трий жəне калий иондарымен жалғасқан. Дала шпаттары SіО

2,

 АІ



2

0

3



 

қатынастары 5-6-ға тең болған жағдайда, қышқылды, ал ол қатынас 

2-3-ке азайған кезде негізді болып саналады. Қышқылды дала шпат-

тары  құрамында  калий  мен  натрий  бар.  Олардың  қатарына  кең 

тараған калийлі дала шпаты микроклин – К(АІ5і

3

О



а

) жəне натрийлі 

дала шпаты – альбит (NA AISi

3

,0



8

). Ал негізгі дала шпаты қатарына - 

анортит Са(АІ,5

2

О



в

) жатады.

Пироксендерден  көп – авгит,  ал  амфиболдар  қатарынан  мине-

ралдар – алдамшы мүйіздерден тарағаны. Пироксендердін кристалл 

химиялық  формуласы:  В

2

(5,0



6

),  ал  амфиболдардікі:  В

7

(5

4



0)(ОН). 

Олардын топырақтағы жалпы мөлшері 5-15%-ды құрайды.

Силикаттарға  жататын  тағы  бір  кең  тараған  минерал – оливин: 

(Мg. Fе)-(SiO

4

). Олардын көлемі бос жыныстар мен топырақта 0,5-



1%-дан аспайды.

Алғашқы жыныстар түзуші минералдар – фосфаттар. Оларда көп 

тарағаны – апатит Са

(СІF) (Р0



4

)

3



. Бос жыныстар мен топырақтарда 

0,3-0,5%-дай кездеседі. Апатит – фосфордың көзі оған қоса мұнда 

хлор мен фтор да кездеседі.

Оттегінсіз,  алғашқы  минералдар  қатарына  сульфидтер  жа-

тады.  Олардан  көбірек  тарағаны – темір  сульфиді: Fе5 – пирит. 

Олар шашыраңқы түрде кездеседі, мөлшері 0,3-0,5%-дан аспайды. 

Бұлардан басқа топырақта бос жыныстар мен кейбір алғашқы мине-

ралдар кездеседі.



106

4.3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы

Екіншілік қатардағы минералдар топырақта көбінесе, лайлы жəне 

коллоидты  бөлшектер  түрінде  болады,  ал  шаң  тəрізді  бөлшектер 

күйінде сирек кездеседі.

Химиялық  құрамы  бойынша  минералдар:  кремний-оттекті 

қосылыстар  немесе  силикаттар  жəне  алюмокремний-оттекті 

қосылыстар немесе алюмосиликаттар болып екі топқа бөлінеді.

Кремний-оттекті қосылыстар ішінде топырақта кварц SiО

2

 кеңінен 



таралған, ол көбіне, құм жəне шаң бөлшектері түрінде келеді. Барлық 

топырақтарда  кварц  мөлшері 60 %-дан  асса,  құмдақ  топырақтарда 

90 %-ға жетеді, ал кейде одан да көп болады. Кварц өте тұрақты жəне 

мықты минерал, оның химиялық реакцияға икемі көп емес.

Алюмокремний – оттекті  қосылыстар  əртүрлі  алғашқы  жəне 

екінші қатардағы минералдардан тұрады.

Екіншілік қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша 

үш топқа бөлінеді:

1. Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит, т.б.). Олар 

аса  жоғары  майдалы  (дисперсті)  бөлшектер.  Бұл  минералдардың 

дисперстілігі, ісінуі, жабысқақтығы, тұтқырлығы жоғары.

2. Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын мине-

ралдардың дисперстілігі, ісінуі мен жабысқақтығы азырақ болады.

3.  Гидрослюдалар  (гидромусковит,  гидробиотит,  вермику-

лит).  Олар  далалық  шпаттары  мен  слюдалардан  пайда  болады. 

Гидрослюдалардың химиялық құрамы тұрақты емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет