1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ж. К. ҚАБЫШЕВА
ТОПЫРАҚТАНУ
ОҚУЛЫҚ
Алматы, 2013
2
ƏОЖ
КБЖ
Қ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
М. Р. Мыңжанов – биология ғылымдарының докторы, профессор;
С. К. Құрманбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор;
А. Ю. Жанадилов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор;
С. К. Калиева – биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Қабышева Ж. К.
Топырақтану: Оқулық. Алматы: 2013 ж..
Оқулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
мақұлдаған типтік бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулық студент-
терге, магистранттарға, жоғары оқу орындарының ауылшаруашылық
профилі, сонымен қатар Қазақстанның ауылшаруашылық комплекстерінің
жəне фермерлік шаруа қожалықтарының мамандарына арналған. Онда
ерекше табиғи дене топырақтың табиғаттағы жəне адам өміріндегі орны,
экологиялық маңызы, оның түзілуі, құрамы, қасиеттері сипатталған.
Топырақтың, басты қасиеті кұнарлығының қалыптасуы жəне оның
өзгеруінің себептері баяндалған.
ƏОЖ
КБЖ
ISBN
© Қабышева Ж. К., 2013
© Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарының қауымдастығы, 2013
Қ
3
АЛҒЫ СӨЗ
Топырақтану – оқулығы студенттерге топырақ туралы түсінік
беретін, топырақтың бүкіл биосфераның басты экологиялық қуысы
ретінде, табиғаты мен қасиеттерін оның қоршаған ортамен байланы-
сын көрсеткен, іргелі теориялық ғылыми пəндердің бірі. Топырақ –
ерекше биокосты дене. Ол геологиялық жəне биологиялық денелер-
мен тығыз байланысты, ал оларды оқып-білу эколог мамандарына
өте маңызды.
Топырақтану – топырақтың түзілуі, құрамы мен қасиеттері, олар-
ды қорғау жəне тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым.
Ландшафтың туындысы жəне элементі бола тұрып топырақ
жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Атмос-
фера, биосфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байла-
нысты болып, топырақ жамылғысы Жер бетінде осы сфералардың
арасындағы тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-теңдікті сақтайды.
Өзінің құнарлығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады.
Сондықтан да топырақты, оның биосферадағы жəне адам өміріндегі
маңызын білу өте қажет.
Пəнді оқытудың мақсаты – Жердің тірі қабаты – топырақ тура-
лы, оны табиғи дене ретінде қарап, оның қасиеттері, түзілуі, эволю-
ция туралы білім негіздерін қалау. Топырақ түзілу процесін, оның
жер бетінде дамуын, топырақ түзілуіне экологиялық факторлардың
əсерлерін, топырақ қорларын тиімді пайдалану жолдарын оқып білу.
Пəнді оқыту міндеттері – курсты оқу нəтижесінде:
– топырақтың адам өміріндегі жəне биосферадағы маңызын;
– биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы топырақтың маңызы;
– жер бетіндегі топырақтардың зоналық таралу заңдылықтарын
жəне оның табиғи зоналықпен байланысын;
– топырақ түзілу процесін, топырақтың қасиеттерін жəне оларға
əсер ететін экологиялық факторларды;
– топырақ құнарлығы, оның категорияларын, элементтерін жəне
егіншілікте пайдалану нəтижесіндегі өзгерістерін;
– топырақ қорларын қорғау жəне тиімді пайдалану жолдары ту-
ралы білу керек;
– алған білімдерін практикада қолданып, топырақ экологиясын
зерттеулерді жүргізу əдістерін пайдалану;
– топырақтанудың зертханалық-аналитикалық жұмыстарын
теориялық жəне практика жүзінде жүргізе алады.
4
КІРІСПЕ
ТОПЫРАҚТАНУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Топырақтану – топырақ жəне оның құрылымы, құрамы, қасиеттері
жəне географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны,
экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін
ғылым.
Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды
табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз
байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талант-
ты шəкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың
басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты.
Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайда бо-
луы, дамуы деген ұғымды білдіреді.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді – ана, егістікті – асы-
раушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркəсіп
үшін шикізатты өсімдік жəне жануарлар көмегімен топырақ арқылы
алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең
білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып
пайдалану керек. Сондықтан бұл мəселелерді шешу жолдарын адам
баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда,
топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде
қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке
жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған
проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың
кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану,
топырақтың құнарлылығының азаюы, тағы басқа осындай мəселелерді
шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады.
XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агро-
химиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсі ніктер жа-
зыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы
органикалық жəне минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ
деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған
қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген
осындай анықтама, В.В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс əкелген
кезеңге дейін өріс алып келді.
5
1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері
қоғамының геология жəне минералогия бөлімінің мəжілісінде
В.В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді.
Кейін бұл пікірлер əрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнтақталған
құнарлы қабаты, тірі жəне өлі табиғатқа тəн бірнеше сипаттары
мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті
– құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен
жəне ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы
туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар
дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы
топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып,
суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сəулесі мен ауадағы
көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нəтижесінде дене-
сіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едəуір
энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық
жəне органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат
тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана,
күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы
өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының
өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тəуелді. Ескеретін жай,
топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар, т.б.)
айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам
үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты
моральдық жəне физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды.
Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын жəне сарқылатын бо-
лып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат
қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін жəне
қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін
қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер
қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары жəне топырақтар жатады
(Банников, 1977). Бірақ та топырақты қалпына келетіндер қатарына
қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта
шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім
алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал
төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себеп-
терден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ
уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын
6
құбылыс. Мəселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты
түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың
жыл уақыт керек.
Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды
уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан адам өзінің
тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су жəне жел эрозия-
сынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ
құнарын жылма-жыл арттыру жəне жақсарту шараларын іске асыруы
қажет.
7
1-БӨЛІМ
ТОПЫРАҚТАНУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Топырақтану ғылымының негі-
зін қалаған орыстың дарынды
табиғаттанушы ғалымы В. В. Доку-
чаев (1846-1903) болды. Докучаевқа
дейін топырақ агрономия мен
геологияның бір саласы ретінде
зерттеліп келді. Сондықтан алды-
мен оған дейінгі топырақты зерт-
теуге байланысты көзқарастарға
қысқаша тоқталып өтейік.
Батыс еуропалық агромəдени-
химиктер мен агрогеологтардың
топырақ туралы зерттеулері.
Адам баласының əр түрлі
құрылыстар
салып,
егін
егіп,
өнім алған жер бетіндегі тіршілігі
мыңдаған
жылдарға
созылғаны
мəлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін
қалыптаса қойған жоқ. Егіншілікпен адам баласы ондаған ғасыр ай-
налысып келгенімен, тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың
бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым – агрономия дүниеге
келді. Бұл кез дүниежүзінде феодалдық өндірістік қатынастың
капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді.
Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи
зерттеушілері болды. XIX ғасырдың басында кейбір жүргізген
тəжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы А. Тэер
өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсын ды.
Осыған байланысты ірі химиктер И. Берцелиус, К. Шпрен гель, т.б.
топырақтың қара шіріндісі – гумуспен айналысты. Олар топырақ
шіріндісінің күрделі екенін жəне органикалық заттардың бірнеше
топтарынан тұрып, əр түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен
ерекшеленетінін анықтады (Д. С. Орлов, 1974).
Алайда кейінгі зерттеулер гумус қоректік қасиеттерге ие
болғанымен, негізгі мəселе тек қана гумуста емес екенін көрсетті.
1-сурет. В. В. Докучаев
(1846-1903)
8
Сонымен, А. Тэердің өсімдіктердің органикалық қоректену тео-
риясы енді өсімдіктердің минералдық қоректену теориясымен ал-
масты. Соңғы теорияның авторы неміс оқымыстысы Ю. Либих
болатын. 1840 жылы оның «Химияны егіншілік пен физиоло-
гияда пайдалану» деген енбегі жарық көрді. Осыдан кейін бұл
теорияны колдаушылар көбейіп, агромəденихимия егіншілікке
қарай бет бұрды. Көптеген ауылшаруашылығы тəжірибе станция-
ларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде
тəжірибелер өріс алып, оның əсерлері анықталды. Топырақтың
жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері
анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер
батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері),
М. Бертолло, Ж. Бусенго (француз химиктері) болды. Бұлар
топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық
жəне органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайым-
дады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді.
Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға,
бидайға, сұлыға, картопқа, т.б. жарамды деп бөлді.
Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз аг-
рономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды.
Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары
Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер
бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай кетті.
Əсіресе, қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы, профессор
Е. Раманн болды. Ол Алманияда орман топырақтануын дамыт-
ты. Алғашында топырақты тек геологиялық дене деп келген
бұлар кейінірек топырақ құрамындағы органикалық заттарды,
топырақтың агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Со-
нымен, топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты.
Бұл бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік
Америка, Аустралия, Жаңа Зеландияда, т.б. өріс алды.
Топырақтану ғылымының Ресейде
(В. В. Докучаевке дейін) дамуы
1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика салалары-
мен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауыл шаруашығы қауымы
– Ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды. Оның құрамына
9
негізінен табиғат зерттеушілері мен экономистер болатын. Орыс
қара топырағы тек Ресейді ғана асырап қойған жоқ, сонымен
қатар онда өсірілетін астық, бидай Еуропамен байланыстыратын
негізгі сауда көзі болды.
Қара топырақтың пайда болуы
жөніндегі алғашқы дұрыс болжам
орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоно-
сов (1763) айтқан. Ол «Жер туралы»
атты кітабында: «Қара топырақтың пай-
да болуы минералды емес, табиғи екі
патшалықтан өсімдіктер мен жануар-
лардан пайда болғанын барлықтарымыз
мойындаймыз», – деп жазды. В. В. Доку-
чаев бір ғасырдан кейін осыны негізге
алды. Қара топырақтар туралы XVIII
ғасырда профессорлар М. А. Афонин,
И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар
қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған жоқ.
Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасына əртүрлі
топырақтардың агрономиялық қасиеттері туралы мəліметтер
сұрақ-жауап ретінде жиналды. Сұрақтар əр губерниялар мен уез-
дерде қанша жер өңделуде, оның құнарлылығы құрамы қалай деген
мағынада болатын.
Ерікті экономикалық коғаммен қатар топырақ туралы
мəліметтерді мемлекеттік мүлік министрлігінің ауыл шаруашылығы
Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинас-
тырып, 1851 жылы К.С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі
топырағының сызбанұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879
жылы В. И. Чаславскийдің дəл осы территорияның топырағына
арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Шаруа мен
диқаншылардан салық жинау мақсатында құрастырылған бұл
карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді.
Осы кезде Петербургтің орман институтының профессоры
П.А. Кос тычев (1845-1895) топырақтанудан алғашқы оқулық жазды
(1886). Батыс Еуропаның агромəденихимиялық агрогеологиялық
топырақтанушыларының көзқарасына қарағанда П.А. Косты-
чев топырақ қасиеттерін өсімдіктер жəне микроорганизмдер
өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын зерт-
2-сурет. П. А. Костычев
(1845-1895)
10
теуге үлкен үлес қосып, 1886 жылы «Ресейдің қаратопырақты
облыстары» еңбегін шығарып, онда қаратопырақтағы топырақ
шіріндісінің түзілуі, оның топырақ құрылымына əсері мен осы
топырақтардың құнарын сақтап, ұлғайтудың шараларын ұсынды,
əрі топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен қатар
оны биологиялық ғылымға жатқызды. В. В. Докучаевтың ең
жақын шəкірті Н. М . Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың
ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған.
В. В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы
ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың
қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы тура-
лы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті
өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың
шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері,
көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының
азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып
келді. Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық
қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды.
Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология
жəне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас ге-
олог В. В. До кучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес
еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петер-
бург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының
белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспеди-
ция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек
айтсақ, төрттік дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен,
сай-салалардың құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен
шұғылданған. Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары
жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық
жəне ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды.
Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақ-
тану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген
ғылыми жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті,
аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «То-
пы рақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, каль-
цит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол
11
органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», – деген.
Бұл еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың
пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін,
кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай
келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты
зерттеудің ерекше жаңа топырақ географиялық салыстырмалы
зерттеу əдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерек-
ше табиғи, əрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың
өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстар-
дан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан
жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған
қабатпен шектелмейтінін көрсетті.
1888 жылы Ерікті экономикалық
қоғам жанынан В. В. Докучаевтың
басқаруымен арнайы топырақ ко-
миссиясы құрылды. Бұл комиссия
жұмысына тек ғалымдар ғана емес,
топырақтануға қатысы бар басқа меке-
мелер қызметкерлері де тартылды. Ко-
миссия, алдымен Ресейдің Еуропалық
бөлігінің топырақ картасын жасады.
1889 жылы Топырақтану комиссиясы
«Топырақтану» журналын шығарды. Ол
журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым
академиясының осы саладағы жалғыз
басылымы.
1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде
қатты құрғақшылық болды. В. В. Докучаев «Біздің далаларымыздың
бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ре-
сей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты
тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір
жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын
қолданбауы, ол үшін орманды ағаш жүйелерін тиімді пайдаланбағаны
жайында да айтылады.
1892-1895 жылдары В.В. Докучаев Ново-Александр ауыл-
шаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор
болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім
беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші бо-
3-сурет. Н. М. Сибирцев
(1860-1900)
12
лып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны
В.В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды.
Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі
етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды.
1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын,
Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау
аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді.
Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану
жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы
ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге
мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі – «Табиғат зоналығы
туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ,
оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ кар-
тасы Парижде өткізілген Əлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие
болды.
В. В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын:
«Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда
алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар
ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы
ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляй-
эл, Дарвин, Гельмгольц, т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі
мəнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер
– минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне
олардың болмысы, кейбір табиғи заттар – от, су, жер, ауа зерттелді.
Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым
заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы
байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек
осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері
табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі
жоғарғы ғажабы» – деп бастайды.
В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы
жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан
бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастарын
жəне бірінің-біріне əсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы
терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді
қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп,
топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.
Достарыңызбен бөлісу: |