ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

71

 

сым келеді. Ыза суы жақын жерлерде олар кристалдар өскіндерін, 



друздарды, ірі конкрецияларды, пластарды (тақталарды) құрайды.

Карбонаттық  жаңа  түзінділер  зең  немесе  саңырауқұлақ 

мицеллийі  тəрізді  жіпшелер,  қопсыған  дақтар  түзеді  де,  əктен 

тұратын  «аққөзшелер»  жəне  карбонаттар  мен  гипстен  тұратың 

тығыз конкрециялары «журавчиктер» деп аталады. Жаңа түзінділер, 

негізінен  жоғарғы  қабаттардан  шайылып  келген  тұздардан  аралық 

(иллювиалдық) қабатта жасалады. Химиялық құрамына қарай хло-

ридтер мен сульфаттардың түстері ақ, ақшыл (глаубер тұзы – ақшыл, 

гипс – ақ), əк – ұн – ақ түсті, темірдің гидроксидері – қызыл қоңыр, 

тат,  охра  түсті,  темірдің  оксиді – лас  жасыл,  көгілдір,  марганец 

қосындылары – қара,  кремний  қышқылы – ақшыл  түсті  болады. 

Қарашірінді қоңыр, қарақоныр жылтыр дақтар жасайды.

Қосындыларға  топырақ  массасынан  анық  бөлінетін,  бірақ 

топырақпен  генетикалық  байланысы  жоқ  заттар,  мысалы,  топырақ 

түзуші  жыныстардың  құрамына  кіретін,  бірақ  топырақ  түзілуіне 

қатыспайтын  қой  тастар,  малта  тастар,  бақалшақтар,  жануарлар 

сүйектері,  шифер,  кірпіш,  ағаш  жəне  т.б.  адам  тіршілігімен  байла-

нысты  археологиялық  қалдықтар  жатады.  Қосындылар  топырақ 

түзілуінде  инертті  денелер  болып  есептеледі.  Бірақ  топырақтың 

шығу тегі, жасы туралы ұғымдар береді.



2.4. Топырақ пішіні құрылымдарының типтері, олардың 

топырақ-экологиялық байланысы

Егiншiлiк  тəжiрибесiнде  профессор  В.  В.  Квасников  ұсынған 

топырақ  түйiршiктерiн  өлшемдері  бойынша  жiктеу  көптен  берi 

қолданылынып келедi. Бұл жiктеу бойынша, 5 см үлкен түйiрлердi 

тоң  кесектер  деп 1-5 см – iрi  түйiршiктер, 0,25-10 мм – кiшi 

түйiршiктер жəне 0,25 мм ұсақ түйiршiктер – тозаң немесе микро-

агрегаттар (микроқұрылым) деп аталады. Iрi жəне кiшi түйiршiктер 

макроқұрылымға  жатады.  Көп  жағдайларда  топырақ  массасының 

өлшемдері 0,25-10 мм аралығындағы ұсақ түйiршiктi құрылымнан 

тұрғаны  қолайлы  болады.  Сондықтан  осындай  түйiршiктердiң 

топырақ  массасындағы  мөлшері (%) оның  құрылымдылығының 

деңгейiн  көрсетеді.  Ұсақ  түйiршiктi  құрылымның  пайдалы  əсерi 

оның мөлшері 50%-дан артық болғанда көріне бастайды жəне оның 

үлесi артқан сайын пайдалы əсерi де өседі.



72

Əртүрлi  топырақ  климат  аймақтарында  топырақтың  құры-

лысының  қолайлы  көрсеткіштерi  бiрдей  болмайтындықтан, 

құрылымдық  түйiршiктердiң  өлшемдеріне  де  талап  əртүрлi  бо-

лады.  Мысалы,  қуаң  жəне  қуаңшылық  далалардағы  қара  жəне 

қара  қоңыр  топырақтарда  диаметрi 0,25-2 мм  түйiршiктер 

топырақтың  қолайлы  құрылысын  қамтамасыз  етедi.  Олар  ең 

жақсы ылғал сақтағыштар болып табылады. Қара топырақтарда, 

əсiресе  жыртылатын  қабаттан  төмен  орналасқан  бөлігінде 

берiктiгi  жəне  қуыстылығы  жоғары  болғандықтан  өте  оңтайлы 

2-3  мм  қиыршықты  құрылым  (жарма)  басым  болуы  мүмкiн. 

Түйiршiктiлерге  қарағанда  олардың  қырлары  анық  байқалады 

жəне механикалық берiктiлiгi жоғары болады.

Ылғалы  жеткiлiктi  қара  топырақты  емес  аймақта  топырақ 

қабатының қолайлы құрылысын 1-10 мм аралығындағы түйiршiктер 

құрастырады. Олар бұл жерлерде өсімдік тамырлары мен пайдалы 

аэробты макроорганизмдердiң тiршiлiгiне керектi тұрақты минимал-

ды аэрацияны (тұрақты аэрация саңылаулылығы) қамтамасыз етедi.

Iс  жүзiнде  топырақтың  құрылымына  деген  бұл  жалпыла-

ма  талаптар  топырақтың  түрiне,  оның  ылғалдылығына  жəне  се-

буге  жоспарланған  дақылдардың  ерекшелiктерiне  байланысты 

нақтыланып  отырылады.  Мысалы,  Орта  Азиядағы  тұрақты  суа-

рылатын  сарғыш  түстi iрi  тозаңы  басым  борпылдақ  ұсақ  қуысты 

топырақтарға судың əсерiне төзімдi 0,25 мм ұсақ микроқұрылымдар 

пайдалы əсер етедi.

Тиiстi  құралдармен  бiз  тығыз,  бiрiккен  топырақты  керектi 

өлшемдегi түйiршiктерге ұсақтай аламыз. Бiрақ кез келген түйiршiк 

агрономиялық жағынан құнды бола бермейдi. Агрономиялық құнды 

құрылымдардың төмендегi талаптарға сай болулары керек:

1) жеке түйiршiктердiң диаметрi 0,25-10 мм арасында болуы;

2)  судың  əсерiне  берiк,  яғни  судың  шаю  əрекетiне  қарсы  тұра 

алуы;


3) механикалық төзімдiлiгi (Н. А. Качинский бойынша серпiмдiлiк 

төзімдiлiгi),  яғни  механикалық  күштердiң  бұзу  əрекеттерiне  қарсы 

тұра алуы (байланыстылығы жоғары);

4)  қуыстылығы  жеткiлiктi  жəне  қуыстардың  өлшемдері  онда 

ылғалдың жылжуына кедергi жасамайтын болуы.

Жел  эрозиясы  байқалатын  аймақтарда – желге  төзімдi  болуы, 

яғни  түйiршiктердiң  шамасы 1 мм  артық  болуы  керек.  Мұндай 


73

 

түйiршiктердiң 0-5 см қабаттағы мөлшері 50%-дан артық болғанда 



топырақтың беткi қабаты жел эрозиясына төзімдi келеді.

Агрономиялық құнды түйiршiктерден басқа топырақта жоғарыда 

айтылған  қасиеттерi  жоқ,  берiк  емес, «уақытша»  құрылымдар  бо-

лады.  Олар,  əсiресе  ылғалданғанда  тез  микроагрегаттарға  жəне 

механикалық  элементтерге  ыдырайды,  топырақ  тығыздалады, 

төмен капиллярлы емес құрылымға ие болады. Топырақтың барлық 

физикалық-механикалық  қасиеттерi  нашарлайды.  Топырақтың 

құрылымсыз  массасының  жай  механикалық  ұсақталуы  арқылы 

уақытша құрылымы пайда болады.

Агрономиялық  құнды  түйiршiктер  құрылымының  пайда  бо-

луы,  негiзiнен  органикалық  жəне  аз  мөлшердегi  минералдық  кол-

лоидты  жұқа  қабықтың  қатысуымен  жүредi.  Қарашiрiк  типтi  кол-

лоидтар  органикалық  заттардың  қарайып  шiруi  кезiнде  пайда 

болады.  Жоғары  бытыраңқылық  пен  топырақ  түйiршiктерi  бетiнiң 

белсендiлiгi арқасында олар күштi коагуляторлармен (кальций мен 

темiр катиондары) байланысқа түсiп, механикалық элементтер мен 

микроагрегаттарды  қаптап,  оларды  макроагрегаттарға  бiрiктiретiн 

жұқа қабық жасайды.

П.  В.  Вершинин  мен  В.  И.  Константинованың  деректерi  бо-

йынша, ортасаздақ топыраққа судың əсерiне төзімдi құрылым беру 

үшiн оның салмағының 1,0-1,5%-дай немесе бiр гектар жердiң 10 см 

қабаты үшiн 25-45 т гумин заттары керек.

Түйiршiктену  процесiне  топырақ  бөлшектерінің  жəне  микро-

агрегаттарының  гравитация,  мениск  күштерi  мен  өсімдіктердің 

тамыр  жүйелерiнiң  өсуi  жасайтын  қысымның,  қыстағы  мұз 

кристалдарының  жəне  басқа  механикалық  əрекеттердiң  əсерiнен 

өзара  жақындасуы  ықпал  жасайды.  Бұл  құбылыс  ылғалдылығы 

құрылым  құруға  қолайлы  ылғалдылыққа  жақын,  физикалық  пiсiп-

жетiлген топырақты өңдегенде (жыртқанда) белсендiрек жүредi.

Макроагрегаттар  құрылумен  қатар  топырақ  ылғалдығының, 

температурасының  өзгеруiнен,  өсімдік  тамырларының,  топырақ 

фаунасының, 

топырақ 

өндейтін 

құралдың 

механикалық 

қопсытуының  əсерiнен  олардың  ең  əлсiз  байланысқан  жерлерiнен 

жазықтық бойы ыдырауы да байқалады.

Топырақтың  əлсiн-əлсiн  ылғалдануы  мен  кебуiнiң,  қатуы  мен 

еруiнiң əсерiнен макроагрегаттарды ұсақтайтын макрожарықшалар 

мен  микрожарықшалар  пайда  болады.  Бұл  процесс  топырақтағы 


74

қарашiрiктiң мөлшеріне, топырақтың сiңiргiш кешенiндегi сiңiрiлген 

негiздердiң  құрамына,  гидрофилдi  коллоидтардың  мөлшеріне, 

топырақ  ерiтiндiсiндегi  тұздардың  саны  мен  құрамына  жəне 

топырақтың тығыздығына байланысты келеді.

Ең  ұсақ  қуыстар  топырақ  агрегаттарының  iшiнде  болады  да‚ 

көбінесе  капиллиярлық  қуыстарды  құрайды,  ең  iрi  қуыстар  агре-

гаттар  арасында  орын  алады.  Топырақтың  капиллярлық  сумен  то-

луында  оларда  су  болмайды,  ауамен  толып  тұрады.  Олар  капил-

лярлы емес қуыстылықты құрайды. Ауа мен судың мұндай бөлінуi 

олардың аралығында, құрылымсыз топырақтарда кездесетiн қарама-

қарсылықты  болғызбайды.  Бұл  жағдайда  топырақта  тұрақты  жəне 

бiр мезгiлде қарашiрiк түзу жəне минералдану процестерi жүрiп жа-

тады. Бiрақ топырақта тек құрылым құру ғана емес, оның ыдырауы 

да, яғни агрегаттану мен агрегатсыздану қатар жүредi.

Құрылымның  бұзылуы  танапта  жүретiн  көліктердің,  трак-

торлар  мен  машиналардың,  құралдар  доңғалақтарының,  шын-

жыр  табандарының  жəне  жұмыс  бөліктерінің  əрекетiнен  болады. 

Мұндайда  топырақтың  агрегаттары,  əсiресе,  беткi  қабаттағылары 

ұнтақталады немесе жаншылады.

Топырақтың  құрылымын  бұзатын  механикалық  күштерге  оның 

беткi  қабатындағы  түйiршiктерiн  ұсақтайтын  жауын  тамшылары-

ның, бұршақтың соққысы, танаптарды суаратын судың қатты ағысы 

жатады. Нөсерлерде жəне ағызып суаруда топырақ агрегаттарының 

барлық  жағынан  бiрдей  тез  ылғалдануы  түйiршiктердiң  iшiнде 

қысылған ауаның қалуына əкелiп соғады. Ол түйiршiктердi iшiнен 

қысып ыдыратады. Осындай жолмен топырақтың беткi қабатының 

құрылымы  көбірек  бұзылады  да,  кепкеннен  кейiн  зиянды  топырақ 

қабыршағы пайда болады.

Топырақтың  бөлшектерiн  агрегаттарға  бiрiктiрiп  тұрған 

органикалық заттардың, соның iшiнде гуматтардың, табиғи аэробты 

минералдануы  құрылымның  берiктiгiн  жоғалтуына  жəне  олардың 

бұзылуына əкелiп соғады.

Жауын  суларында  топырақ  бөлшектерiн  агрегаттарға  бiрiктiрiп 

тұратын  топырақ  сiңiру  кешенiмен,  жекелеп  айтқанда  жұқа 

қабықтың  коллоидтарымен  алмасу  реакциясына  түсетiн  аммоний 

мен сутегiнiң бос катиондары болады. Жауын суы сүзiлгенде алма-

су реакциясының барлық заттары төменгi қабатқа ағатындығынан, 

аммоний мен сутегiнiң мөлшерінiң аздығына қарамай, реакция бiр 


75

 

бағытта  ғана  жүредi.  Осылайша  күштi  гидрофобты  коагуляторлар 



–  кальций,  темiр,  т.б.  катиондары  əлсiз,  гидрофобтығы  төмен  ам-

моний  мен  сутегi  катиондарына  алмасады.  Бұл  коллоидтық  жұқа 

қабықшаның  iсiнуiне  жəне  топырақтың  жоғарғы  қабаттарында 

құрылымның  берiктiгiнiң  жоғалуына,  оның  бұзылуына  əкелiп 

соғады. Аталған процесс баяу жүредi жəне кең көлемде болмаса да 

топырақта орын алады.

Топырақ  құрылымының  бұзылуының  мүмкiн  болатын  жол-

дарын  ескере  отырып  оны  қайта-қайта  механикалық,  əсiресе, 

қатты  ылғалды  жəне  құрғақ  кезiнде  өңдеуден,  машиналардың, 

құралдардың,  көліктердің  танаптарда  артық  қозғалысынан,  қатты 

ағызып суарудан сақтау жəне топырақта органикалық заттарды жи-

нау, оның сiңiру кешенiн кальций катионымен толықтыру керек.



Топырақ  құрылымының  өндірістегi  рөлі.  Агрономиялық 

құнды құрылымның басты агротехникалық маңызы – механикалық 

өңдеулердiң арасындағы кезеңдерде топыраққа оңтайлы (қолайлы) 

құрылыс беру жəне оны тұрақты ұстап тұру. Топырақтың жыртыла-

тын қабатының орнықты құрылысына керектi агрономиялық құнды 

құрылымның басты қасиетi оның берiктiгi болып табылады.

Агрономиялық құнды құрылымның iс жүзiндегi маңызы ең алды-

мен оның топырақтың жалпы массасындағы үлесiне, яғни топырақ 

құрылымдылығының  дəрежесiне (%) жəне  оның  агрегаттарының 

берiктiгiнiң деңгейiне байланысты болады.

Топырақтың  жалпы  массасындағы  агрономиялық  құнды 

құрылымның  үлесi  аз  болғанда  оның  топырақтың  құрылысына 

əсерi  жеткiлiксiз  болуы  мүмкiн,  себебi  топырақтың  құрылымсыз 

бөлігі – тозаң барлық iрi капиллярлы емес қуыстарды толтырады да, 

топырақта капиллярлық саңылаулылық үстемдiк алады.

Мұндай  жiктеу  едəуiр  дəрежеде  шартты  болса  да,  топырақтың 

құрылымды  жəне  құрылымсыз  бөліктерінің  арақатынасын  түсiну 

үшiн  керек,  себебi  топырақтың  құрылымдық  жағдайының  сапа-

лы көрінісі оның қолайлы, нақты жағдайға сəйкес берiк құрылысы 

арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Механикалық өңдеу арқылы топырақтың жыртылатын қабатына 

берiлген  құрылыстың  берiктiгi  ол  топырақтың  құрылымдығының 

деңгейiне  тiкелей  байланысты  болады.  Құрылымдылық  жоғары 

болған  сайын  топырақтың  құрылысы  төзімдiрек  келеді  жəне  ол 

ұзағырақ  сақталады.  Құрылымдылықтың  төменгi  деңгейiнде,  яғни 


76

топырақта  «уақытша»,  берiк  емес  түйiршiктер  көп  болғанда  олар 

сыртқы  əрекеттерден,  бiрiншi  кезекте  ағын  судың  əсерiнен,  тез 

бұзылады  жəне  топырақ  «балшықтанады»,  тығыздалады.  Сондық-

тан ылғалдылығы жеткiлiктi жəне артық аймақтарда жəне суармалы 

егiншiлiкте  құрылымдылығы  төмен  топырақтарды  жиi  қопсытуға, 

жылда  терең  өңдеуге  тура  келедi.  Құрылымдылығы  жоғары 

топырақ аймақтарында жəне ылғалы көп емес аймақтарда, мысалы, 

қаратопырақты дала аймағында қопсытудың тереңдiгi мен саны аз 

болуы  керек.  Ал  құрылымдылығы  төмен  жəне  ылғалы  аз,  мысалы 

топырақтың  тығыздығы  жоғарылау  құрылысы  керек  құрғақ  дала 

аймақтарында терең қопсытуды шағындау (2-5 жылда бiр жүргiзу) 

қағидасы қолданылады.

Топырақ  құрылымын  жақсарту  шаралары,  жыртылатын 

қабатының тығыздығын жəне құрылысын реттеу

Топырақтың  құрылымы,  оның  танаптардың  құнарлылығы 

жəне өнімділігі үшiн маңызы, құрылу жəне бұзылу жолдары тура-

лы iлiмдi П. А. Костычев, əсiресе, академик В. Р. Вильямс дамыт-

ты.  В.  Р.  Вильямс  топырақ  құрылымының  құралуындағы  жоғары 

сатыдағы өсімдіктер мен микроорганизмдердiң рөлiн, құрылымның 

бұзылуы  мен  қайтадан  құралу  механизмiн,  олардың  құнарлылық 

үшiн маңызын көрсетті. Бiрақ В. Р. Вильямс топырақ құрылымының 

маңызын  асыра  бағалап,  оған  егiншiлiктiң  барлық  мiндетiн  бiрдей 

жүктедi: «Бiрiншi  мiндет – топырақтың  түйiршiктi  құрылымын 

жасау  жəне  оны  ауылшаруашылық  өсімдіктерiнiң  қоректенуiнiң 

барлық кезеңдерi бойында сақтау.

В.  Р.  Вильямстың  замандастары  академиктер  К.  К.  Гедройц, 

Н.  М.  Тулайков  жəне  Д.  Н.  Прянишников  құрылымдылықтың 

егiншiлiктегi маңызы туралы мұндай көзқарасты жақтамады. К. К. 

Гедройц  құрылым  туралы  түсiнiктеменiң  көп  бөлігі  субъективтi, 

белгiлi дəрежеде ой тұжырымы сипатына ие деп атап көрсетті.

Н.  М.  Тулайков  құрылымның  маңызын  жоққа  шығармайтынын 

бiлдiре  отырып: «мен  құрылымдылықта  ешқандай  үстемдiктi  көре 

алмадым  жəне  оны  соқыр  сезiмге  айналдырып,  өмірдiң  кез  кел-

ген  жағдайына  қолдануды  ұсына  алмаймын», – деп  жазды.  Д.  Н. 

Прянишников  бұл  туралы: «...болашақта  емес,  қазiрдiң  өзінде-ақ 

шөптанаптан  өтпей  жəне  құрылыммен  еркiн  айналыса  отырып, 

тек  тыңайтқыштарды  үлкен  мөлшерде  пайдалану  арқылы  (əрине, 

агротехника  жоғары  болғанда)  жоғары  өнім  алуға  болады» – деп 


77

 

ойын одан да анық білдірді. Кейiнiрек Н. И. Саввинов, И. Б. Ре-



вутт,  П.  В.  Вер шинин,  Н.  А.  Качинскийдiң  жəне  көптеген  басқа 

зерттеушiлердiң  еңбектерi  топырақтың  құрылымы  туралы  iлiмдi 

кеңiттi жəне тереңдеттi.

Т. С. Мальцев 1953 жылы «Егiншiлiк мəдениетiн көтеру мəсе-

лелерiне творчестволық шешiм керек» деген мақаласында, «егер 

олардың  тамырлары  мен  орудан  қалған  қалдықтарының  қурауы 

мен ыдырауына бұл процестердiң жүруiне көпжылдық шөптердiң 

егiсiндегiдей немесе табиғаттағыдай жағдай жасалса», бiржылдық 

дақылдар да топырақты органикалық заттармен байытады деген 

тезис ұсынды. Мұндай жағдай жасау үшiн ол бес танапты ауыс-

палы  егiстi  ұсынды:  сүрi  танап,  дəндi  дақыл,  бiр  жылдық  дəндi 

бұршақ  дақылдары.  Мұнда  терең  өңдеу  (қайырмасыз)  тек  сүрi 

танапта ғана жүргiзiледi, ал бiржылдық дақылдарды жинағаннан 

кейiн  күзде  аңыз  қалдықтары  табақты  сыдыра  жыртқыштармен 

өңделедi.

Топырақтың  құрылысы  негiзiнен  оны  өңдеудiң  жүйесiмен 

реттелiнсе  де,  берiлген  қолайлы  құрылыс  пен  оның  берiктiгi 

топырақтағы  агрономиялық  құнды  құрылымның  санына,  са-

пасына  жəне  өлшемiне  байланысты  болады. Iс  жүзiнде  барлық 

ауылшаруашылық  топырақ-климат  аймақтарында  топырақтың 

құрылымдылығын  жақсарту  оны  мəденилендiрудiң  маңызды  шар-

ты  болып  табылады.  Топырақта  органикалық  заттарды  жинау  бұл 

мақсатқа жетудiң негiзгi жолы болады.

Бұл мiндеттi орындауда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердi 

жəне  олардың  астық  тұқымдастармен  қоспасын  егудiң,  əртүрлi 

органикалық  тыңайтқыштарды  көп  мөлшерде  сiңiрудiң,  сиде-

раттар  жыртудың  жəне  аралық  дақылдарды  себудiң  маңызы  зор. 

Көпжылдық  шөптердiң,  сидераттардың  жəне  белгiлi  бiр  дəрежеде 

ауыспалы  егiстегi  бiр  жылдық  негiзгi  жəне  аралық  дақылдардың 

құрылым жасаудағы тиiмдiлiгi олардың өнімінің деңгейiне тiкелей 

байланысты болады. Жоғары өнім тек жер бетiнде ғана үлкен био-

масса құрамайды, сонымен қатар өсімдіктердің тамырлары таралған 

қабатта  бiркелкi  жайылған  көп  тамыр  қалдырады.  Бұл  құрылым 

құралу  үшiн  шiрiндi  заттар  бередi  жəне  топырақтың  физикалық 

қасиеттерiн жақсартады.

Санына,  сапасына  мезгiлi  мен  топыраққа  сiңiру  тəсiлiне 

қарай  органикалық  тыңайтқыштар  шашу  мен  сидераттар  жыр-


78

ту  топырақтағы  берiктiгi  жоғары  агрегаттардың  санын  арттыруы 

мүмкiн.

Топырақты  өңдеу  де  оның  өңделетін  қабатының  құрылымын 



жақсартуы  мүмкiн.  Д.  Г.  Виленскийдiң,  П.  В.  Вершининнiң  жəне 

тағы  басқалардың  еңбектерiнде  оңтайлы  «құрылым  құрауға» 

ылғалдылығында  (ұсақтауға)  өңдеу  табиғи  агрегаттарға  ұқсас 

саңылаулы,  мықты  агрегаттардың  пайда  болатыны  анықталған. 

Құрғақ жəне ылғалдылығы жоғары топырақты өңдегенде, керiсiнше, 

қолайлы  ылғалдылықтан  ауытқу  артқан  сайын  құрылымның 

бұзылуы да арта түседi. Iс жүзiнде соңғысы жиiрек, əсiресе, өңдеу 

кезеңiңде ылғалдылығы төмен болатын топырақтың беткi қабатын 

өңдегенде кездеседi.

«Көп  жыртылған»  тозаңдалған  қара  топырақтарда  бiраз 

жағдайларда жыртылатын қабатқа қарағанда, онан төменгi қабаттың 

құрылымы жақсы болады. Бұл жағдайда топырақтың жыртылатын 

қабаттан  төменгi  қабатындағы  жармаң  (дəн  тəрiздi  құрылымды) 

түйiршiктердi бетiне шығарып терең жырту тиiмдi.

Соңғы жылдары гумин қышқылы, шым тезек желiмi, битумдар, 

синтетикалық  полимерлер  сияқты  жасанды  құрылым  жасайтын 

желiмдегiш заттарды пайдалануға бағытталған зерттеулер көптеген 

елдерде  кеңiнен  жүргiзiлуде.  Топыраққа  шамалы  мөлшерде (1-2 ц/

га) енгiзiлiп, оның беткi қабатының құрылымын, қабыршақ жасауға 

мүмкiндiк бермей жақсартатын заттар iздестiрiлуде.

Қазiрде  К-1,  К-4,  К-6,  ПАА  жəне  басқа  құрылым  жасай-

тын  полимерлiк  препараттар  ұсынылған.  Полимерлiк  құрылым 

жасаушылардың  əрекетi  олардың  топырақтың  терiс  зарядты 

бөлшектерiне  коагуляциялық  əсерiнен  топырақтың  бөлшектерiн 

микроагреграттарға  бiрiктiретiн  жiп  тəрiздi  молекулалар  құрауына 

негiзделген. Микроагрегаттардың құралуында басты рөлдi топырақ 

бөлшектерінің бетiндегi полимерлердiң адсорбциясы жəне валенттiк 

байланыстың  пайда  болуы  атқарады.  Осындай  жағдайда  пайда 

болған топырақ құрылымдарының əсерi 3-6 жылға созылады.

Өкінішке орай, бiр препараттың əртүрлi топырақтардағы əрекетi 

бiрдей емес, жеке алғанда, топырақ ерiтiндiсiнiң реакциясына бай-

ланысты болады. Сонымен қатар, полимерлiк препараттармен өңдеу 

топырақтардағы  жоғары  құрылым  құрау  əрекетiне,  өнімнің  өсуiне 

қарамай, бағасының жоғарылығына байланысты, оларды пайдалану 

тек топырақ мелиорациясын жүргiзгенде, су жəне жел эрозиясымен 


79

 

күрескенде,  бағалы  жəне  техникалық  дақылдарды  өсіргенде  ғана 



экономикалық жағынан тиiмдi болады.

Топырақтың  құрылымдылығы  ауыспалы  егiсте  дақылдарды 

дұрыс  таңдау  жəне  олардың  алмасуы  арқылы,  топырақты  өңдеудi 

азайту,  органикалық  жəне  минералды  тыңайтқыштарды  пайдала-

ну,  артық  қышқылдылық  пен  сiлтiлiктi  жою  сияқты  топырақты 

мəденилендiрудiң басқа шаралары арқылы да жүзеге асырылады.

Жыртылатын, 

əсiресе, 

тұқым 

сiңiрiлетiн 



қабаттардың 

борпылдақтығы жоғары болғанда олардың тығыздығын катоктарды 

пайдалану арқылы реттейдi. Тəжiрибе мен практика көрсеткендей, 

сортаң  емес  қара  жəне  қара  қоңыр  топырақтарда  тұқым  мен 

топырақтағы  ылғалдың  байланысын  жақсарту  үшiн  тұқымды  сеп-

кенге  дейiн  жəне  сепкеннен  кейiн  катоктар  пайдаланған  тиiмдi. 

Балшықтанатын  сортаңды  қара  жəне  қара-қоңыр  топырақтарда 

тұқым  тығыздалған  төсенiш  жəне  тұқым  сепкiштiң  шүмегiне 

тiрек  дайындау  үшiн  тұқымды  себу  алдыңда  топырақты  катокпен 

тығыздау тиiмдi болады.

Кейбiр  жағдайларда  топырақтың  қолайлы  тығыздығы  мен 

құрылысына қол жеткiзу үшiн табиғаттың күшi мен уақыт факторы 

пайдаланылады.  Мысалы,  қара  топырақты  емес  аймақта  екпе  сүрi 

танаптарда топырақтың қолайлы тығыздық пен құрылысына дейiн 

жауын-шашын мен гравитациялық күштердiң əсерiнен табиғи шөгуі 

жүруi  үшiн  терең  өңдеудi  күздiк  дақылдарды  себуден 20-25 күн 

бұрын жүргiзедi.

Осы  мақсатпен  ауылшаруашылық  аймақтарының  көпшiлiгiнде 

дəндi  дақылдарды  себу  кезеңiне  дейiн  жауын-шашынның,  қар 

суының  жəне  гравитациялық  күштердiң  əсерiнен  күзгi-қысқы-

көктемгі  кезеңдерде  шөгіп  тұқым  себу  кезеңiне  дейiн  қолайлы 

тығыздық  пен  құрылысқа  жетуi  үшiн  топырақтың  негiзгi  терең 

өңдеуiн көктемде емес, күзде жүргiзедi.

2.5. Топырақтың морфологиялық қасиеттері

Топырақтың пайда болу процесіне өзіне тəн құрылымның бірі – 

пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы 

арқылы  топырақтар  бір-бірімен  жəне  өзі  түзілген  тау  жыныстары-

нан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың 

құрылымымен  шатастырмау  керек.  Морфологиялық  құрылым 



80

–  топырақтың  сыртқы  пішіні.  Топырақ  əртүрлі  морфологиялық 

көріністерден  құрылған  табиғи  дене.  Сондықтан  бұл  көріністерді 

оның  бір-бірінен  сыртқы  пішіндерінен  айырмашылығы  бар 

генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.

Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық 

жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл əдісті алғаш 

рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда 

негізгі  əдіс  болып  қалды.  Шұңқырды  қазып,  оның  бетін  тегістеп, 

оған  күн  сəулесін  түсіріп  қараған  кезде  топырақтың  бірнеше 

қабаттарға  бөлінгені  байқалады.  Топырақтың  əр  қабаты  өзіне  тəн 

сыртқы  пішінмен  сипатталады.  Осы  қабаттардың  түріне  қарап, 

топырақтың  түзілу  процесі  туралы  көп  мəліметтер  айтуға  болады. 

Əртүрлі топырақ элементері де осылай бір-бірінен ажыратылады.

Топырақтың  негізгі  морфологиялык  сипаттамаларына  то-

пырақтың  түсі,  құрылымы,  тығыздығы,  механикалық  құрамы, 

əртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСl-мен əрекеті, т.б. жа-

тады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет