Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет231/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

20.3.3 Солтүстік Америка
Канада 
Мұнай.
2002 жылы ерекше оқиға болды: Канада битумизонды құмдақтардан 
алынатын мұнайды дәлелденген қорларға қосты. Нәтижесінде мұнай қорлары 
бойынша 20-шы орыннан Сауд Арабиясынан кейін екінші орынға ауысты. 77 
мың км
2
территорияға созылатын Канаданың битумизонды құмдақтары Альбер-
та штатында 2-2,5 трлн. баррель битумнан тұрады, олардан 300 млрд. баррель 
алынады деп есептеледі. Олардың 174,8-ін Мұнай Өндірушілердің Канадалық 
Ассоциациясы дәлелденгендер категориясына қосты. Соңғы жылдар ішінде 
жаңа технологияларды енгізу негізінде 1980 жылдары барреліне кететін шығын 
24 доллардан 12 долларға дейін қысқарды. Алдағы бір жарым жыл ішінде 
өндірістің бағасының төмендеуі баррельіне 8 долларға дейін төмендеуі күтілуде. 
Алынатын битум канадалық МАЗ-да (мұнай айыру зауыты) синтетикалық 
мұнайға қайта өңделеді және содан кейін АҚШ-тың орталық штаттарына 
жіберіледі немесе АҚШ-қа МАЗ-да қайта өңделу үшін жедел тасымалданады. 
Осылайша, Канаданың мұнай қорлары 180 млрд. баррельді құрайды. Канаданың 


538
барлық мұнайы елдің батысында өндіріледі, оны тұтыну негізінен орталық және 
шығыс Канадада, сонымен қатар АҚШ-та шоғырланған. Альберта кен орны 
мұнайдың канадалық экспортының төрттен үш бөлігін АҚШ-қа жібереді. 1999 
жылы Канада Венесуэла, Сауд Арабиясы және Мексикамен қатар ірі мұнай 
жеткізушілер қатарына кірді. Елде өндірілген мұнай мен газдың шамамен,
95%-ы құбыржелілер арқылы тасымалданады. 
Сант Джонстан шығысқа қарай үлкен мұнай өндіруші аудандар орналасқан, 
олар: Hibernia, Terra-nova, White-Rqse, Hebron/Ben Nevis кен орындары.
Hibernia кен орны Сент Джонстан 315 км қашықтықта 80 м тереңдікте 
орналасқан, ол Канаданың бес ірі кен орындарының қатарына жатады. Оны иге-
ру 1999 жылы басталған. Қорлар жеңіл мұнайдың үш млн. баррельін құрайды, 
кен орнын пайдалану уақыты 18 жыл. Кен орнында биіктігі 224 м темір бе-
тонды гравитациялы платформа орналасқан, оның негізінде сыйымдылығы 
1,3 млн. баррель қойма орналасқан. Қазіргі кезде Солтүстік теңізде отыз плат-
форма орналасқанымен, олардың бірде-біреуі айсбергтерге қарсы тұру үшін 
арналмаған. Hibernia платформасы ерекше. Ол қалыңдығы 15 м мұзды бетке ие; 
қоршаған негізгі тісшелер барлық бет бойынша айсбергтердің әсерінен күштерді 
тарату үшін арналған. Құрылыс салмағы 600 тонна, құрғақ балласт салмағы 
400 мың тонна. Платформа еш зақымданусыз салмағы 1 млн. тонна айсбергі 
көтереді, жөндеуге келетін зақымданумен салмағы 6 млн. тонна айсбергтердің 
әсеріне, бірақ олар 10 мың жылда бір рет пайда болады. Мұнайды дайындау 
жоғарғы, орташа және төменгі сепараторларда үш сатыда жүзеге асырылады. 
Мұнайдан газ бен су бөлінеді, олар кейіннен қабатқа қайта айдалады. 
Қондырғы күніне 200 мың баррель сұйықтықты дайындау үшін жобаланған. 
Мұнай бір нүктелі айлақ арқылы танкерлерге тиеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет