Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет2/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
Қазақстанға тиісті Каспий теңіздегі сектордан мұнайды өндіру болжамы
Қазақстан көмірсутек шикізаттарының қоры бойынша алдыңғы қатарлы 
бірінші ондық мемлекеттер қатарына кіреді және мамандардың болжамымен 
ХХI ғасырда аса ірі мұнай мен газ жеткізушілерінің бірі болады.
Аталған оқулықтың мақсаты Дүниежүзілік мұхиттың қайраңында 
көмірсутектерді өндіру болашағы және оның жай-күйі, теңіз шоғырларын 
меңгеру негіздері, теңіз ұңғымаларын бұрғылау технологиясы туралы қысқаша 
шолудан тұрады. Мұнда жинау жүйесі мен мұнай мен газды тасымалдау 
жайында ұсыныстар берілген. Оқулық 6D070800, 6М070800, 5В070800 – 
«Мұнай-газ ісі» мамандығының PhD докторанттары, магистранттары мен 
студенттеріне арналған, сонымен қатар теңіздегі мұнай-газ кен орындарын 
меңгеру мен пайдалану сұрақтарымен айналысатын ізденушілер мен ғылыми 
қызметкерлерге қолдануға болады. 


7
1-ТАрАу
ТЕҢІЗ ҚАЙрАҢЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ
 
ӨНДІруДІҢ КЕЗЕҢДЕрІ МЕН ЕрЕКШЕЛІКТЕрІ
1.1 Теңіз қайраңы кен орындарын меңгерудің қазіргі жағдайы
Құрлықта мұнай және газ қорларының азаюы және энергетикалық 
дағдарыстың күшеюі теңіз қайраңы қойнауында мұнай және газ көлемі 
құрлықтағыға қарағанда 3 есе көп болып келетін мұнай мен газ ресурстарын 
кеңінен меңгеруді қажет етеді.
Әлем мұхитының 22% аумағын (шамамен 80,6 млн. км
2
) құрлықтың сулы 
жері құрайды және ол үш аймақтан тұрады: қайраң (шельф), құрлықты еңіс
қыр етегі. Теңіз және мұхит табанының жалпы ауданы мұнай және газ қорына 
шамамен 75 млн. км
2
(21%) өте бай, оның ішінде қайраңда – 19,3 млн. км
2

құрылықты еңісте – 20,4 млн. км
2
және құрлықты қыр етегінде – 35 млн. км
2

Оның аса болашағы зоры – қайраңды аймақ.
Қайраң 
деп (ағылшынша 
Shelf 
) құрлыққа жақын орналасып, онымен 
геологиялық құрылымы жалпы бірдей болатын, құрлықтың су асты жағы түзу 
болып келетін жерін түсінеміз. Қайраңның сыртқы шекарасындағы тереңдігі 
100-200 м-ді құрайды, бірақ кейбір жерлерде 1500-2000 м-ге дейін жетеді (Охот 
өзенінің Оңтүстік-Курил котловинасы). Қайраңның ені 1÷1700 км шегінде 
(Солтүстік мұзды мұхит), орташа алғанда 65-70 км-ді құрайды, ал жалпы ауда-
ны 32 млн. км
2
немесе Әлем мұхитының 11,3% бетін құрайды. Әлем мұхитының 
қайраңның негізгі ауданы (70%) 480 м-ден аспайтын тереңдікте орналасқан, ал 
теңіздің тереңдігі қайраңның құрлықты еңіске ауысқан аймағында 200 м-ден 
600 м-ге дейін болады.
1.1-суретте
континенталды қайраңның профилі көрсетілген. Жағалау 
сызығынан (
2
) кейін континенталды қайраң (
3
) басталады, оның шетінен (
4

континенталды еңіс (
5
) болады. Ол теңіздің табанына дейін жетеді. Еңістің қыр 
етегінде (
6
) континенталды дөңіс (
7
) аталатын шөгінді жыныстар түзілу аумағы 
болады. Оның еңкіштігі континенталды еңіске қарағанда кіші. Континенталды 
дөңістен кейін теңіздің тереңсулы жазық бөлігі (
8
) басталады.
1.1-сурет. Континенталды қайраңның кескіні


8
Барлық жер шары бойынша теңіз қайраңы қырының тереңдігі 120 м, ал 
континенталды қайраңның орташа еңісі 1 км-ге 1,5-2 м-ге дейін болатынын 
көптеген зерттеулер көрсетті.
Мамандардың болжауы бойынша қайраңның ауданының 60%-ы мұнай мен 
газға өте бай.
Әлемде теңіз кен орындарын ең алғашқы рет 1824 жылдан бастап меңгере 
бастаған. Осы кезде Апшерон түбегінде Баку аймағындағы жағалаудан 25-30 
м жерде мұнай құдықтарын қазып, мұнайды терең емес қабаттардан өндірілді. 
Каспий теңізінің жағалауларында мұнай және газ кен орнындары осыдан 100 
жылдан аса бұрын меңгерілді. 1891 жылдан бастап АҚШ-та теңіз түбегінде 
көмірсутек шикізатының қоры бар аймақтар сатыла бастады. Осы жылдары 
Колифорниялық жағалауда мұнай кенішіне жететін 200 м қашықтыққа дейін 
көлбеу ұңғымалар бұрғыланды. 1936 жылы Каспий теңізінің қайраңында, ал 
1947 жылы Мексика шығанағы қайраңында свайлық негізі бар бұрғылау плат-
формалары құрылды.
Қазіргі уақытта теңіз қайраңында өте көп мөлшерде әртүрлі бұрғылау 
қондырғылары пайдаланылуда. Жыл сайын шамамен 1000 іздеу-барлау 
ұңғымалары және 2000 пайдалану ұңғымалары бұрғыланады. Жалпы әлемде 
теңізде 100 000-нан аса ұңғымалар бұрғыланған.
Әлем мұхитының қайраңы ауданының 22% Ресей мемлекетіне тиесілі, оның 
ішінде 80-90% көмірсутекті өндіруге болашағы зор деп есептелінеді, отын-
энергетикалық ресурстар қорының 85% Арктикалық теңіз қайраңына тиесілі, 
12-14% Таяу Шығыс теңіз қайраңына, ал қалғандары Каспий, Азов және Балтық 
теңіздеріне сәйкес келеді.
Көмірсутектер қоры бойынша ең болашағы зор перспективалы болып келетін 
Батыс Арктика, оның ішінде Барем, Қызыл және Печора өзендері. Соңғы жыл-
дары осы жерде ондаған мұнай мен газ кен орнындары және екі газконденсатты 
кен орнындары ашылып, осылардың ішінде қоры бойынша 4-і аса ірі болып 
есептеледі, олар: Штокмандық газды-конденсатты, Ленинградтық, Русандық газ 
және Приразломдық мұнай кен орындары. Мұнайдың әлемдік қоры шамамен 90 
млрд. тоннаға бағаланады. Мұнайдың ең көп жиналған қоры Сауд Арабиясы, 
Венесуэла, Кувейт, Иран, Ирак, АҚШ және Біріккен Араб Әмірлігі жерлерінде.
Ресейде ең алғаш рет мұнай Кавказда, одан кейін Еділ (Волга) жағалауында, 
Батыс Сібір, Темано-Печора провинциясында, Сахалинде өндіріле басталды. 
Қазіргі кезде кезек Шығыс Сібірге және Солтүстік континенталды қайраңына 
келді.
ХХ ғ. 40 жылдары Каспий теңізінің қайраңында мұнай мен газды өндіру жа-
санды аралдардан басталса, одан кейін 0,2-ден 2,9 м-ге дейін теңіз тереңдігінде 
мұнай өндіруді қамтамасыз ететін металдан жасалған эстакадалар қолданыла 
басталды. Каспийде Нефтяные Камни атты бұрғылаушылар және мұнай мен газ 
өндірушілер қалашығы салынды.


9
Қазіргі кезде теңіз қайраңында мұнай өндіру құрлықта мұнай өндіру дина-
микасынан бес есе артық (
1.1-кесте
).
1.1-кесте
Әлем балансында теңіз қайраңында мұнай өндіру
Өндіру
бөлігі
1960 ж. 1970 ж. 1976 ж. 1980 ж. 1985 ж. 1995 ж. 2005 ж
2020 ж
(болжам)
%
млн. т.
8
-
16
373
16,5
469
22,9
683
30
750
28
700
40
1000
65
*
Мұнай мен газдың басты ресурстары, сонымен қатар Атлант және Үнді 
мұхиттарында да орналасқан. ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында теңіз 
және мұхит қайраңында мұнай мен газды өндірумен 21 мемлекет айналысып, 
геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын 46 мемлекет жүзеге асырса, 5 ел 
оған дайындалған. 80-жылдардың басында континенталды қайраңды меңгеруге 
100 ел қатысып, оның ішінде теңіз мұнай-газ кен орындарын меңгеруді 37 ел 
жүргізген. Теңіз кен орындарын іздеу-барлау және оларды игерумен 90-шы жыл-
дарда 136 компания және 118 мемлекеттің фирмалары айналысты. Осы жылда-
ры Әлем мұхитының континенталды қайраңында мұнай-газ өндіру жылына 900 
млн. т., (1 тонна мұнайға 1200 м
3
газ тең келеді). Ол әлемдегі мұнай-газ қорын 
өндірудің 35% құрайды.
Қазіргі уақытта теңіз қайраңда көмірсутектер ресурстарын меңгеру 
жұмыстарын 120-дан астам мемлекет жүргізуде. Теңіз қайраңында 2000 мұнай 
және газ кен орындары ашылған. (
1.2-сурет
)
1.2-сурет. Әлемде мұнай және газ теңіз қайраңы кен орнындары (Ресейсіз)
1 – ұңғымалардың аз санымен өндіру; 2 – кәсіптік өндіру аймақтары
3 – өндірудің келешегі зор аймақтары (аудандары)


10
Әлем мұхиты қайраңында мұнай мен газға өте бай болып келетін Парсы 
(Әлем қорының жартысынан астамы), Мексика және Гвиней шығанақтары, 
Оңтүстік Шығыс Азия теңіздері, Бофорт және Солтүстік теңіздері, Маракайбо 
(Венесуэла) лагунасы. 
Әлемдегі ашылған аса ірі алып кен орнындары: Саффания (Сауд Арабиясы) 
қоры – 5 млрд. т. болып бағаланады, жылдық шығым көлемі 75,5 млн. т.; Мара-
кайбо лагунасы қоры – 7 млрд. т.; Норз Даум (Катар) газ қоры – 71 трл. м
3
.
Қазіргі уақытта Кариб теңізі, Мексика шығанағы, Сауд Арабиясы мен Кувейт 
жағалауларында, Солтүстік және Норвегия теңіздерінде, Аляска қайраңында, 
сонымен қатар басқа да теңіз акваторияларында мұнай мен газ өндіру аса үлкен 
қарқынмен жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет