537
Ол
төрт ескі Akal, Nohoch, Chac және Kutz кен орындарынан,
сонымен
қатар таяуда ашылған терең сулы Sihil кен орнынан тұрады. Кен орындарды
пайдаланудың соңғы 20 жылы ішінде резервуардағы қысым 60%-ға төмендеді.
Резервуарда қысымды ұстап тұру үшін, сонымен
қатар қондырғыны оның
сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен модернизациялау үшін:
•
39 бар платформаларды модернизациялау және 26 жаңа платформалар-
ды қамдау;
•
Akal L және B екі жаңа кешендерді жасау;
•
Мұнайды сақтау мен тиеу үшін жүзбелі
платформаны құру;
•
Резервуарда қысымды ұстап тұру үшін азот өндіретін ірі зауыттың
құрылысын салу;
•
Газды дайындау
бойынша қуатты көбейту;
•
Газды дайындау үшін газды қабатқа қайта айдау мақсатымен платфор-
малар құрылысын іске асыру;
•
Ұзындығы 1700 км-лік желіні ұлғайту мақсаты үшін тағы 400 км-ден
астам теңіз құбырларын салу сияқты арнайы бағдарлама жасалған.
Кен орындарына екі
фазалы ағымды құбырлар арқылы, газды, мұнайды,
газифлит үшін газ, азотты тасымалдайды. Екі фазалы құбырлар ұңғымалардан
бастап алыстағы платформалардан өнімді жинайды және оны өнімді дайындау
бойынша үш орталық кешендерге: Akal C, Akal J және Nohoch A жеткізеді. Екі
фазалы қоспаны мұнай мен газға бөлгеннен кейін мұнай танкерлерге тиеледі
немесе құбырлар арқылы жағаға жеткізеді. Кен орнын модернизациялау
бағдарламасының бөлігі ретінде FSO “Ta’kuntah” тұрғызылған. Кеме 2,3 млн.
баррель сақтай алады. Оны платформалармен байланыстыру үшін жаңа мұнай
құбырлары салынған.
Достарыңызбен бөлісу: