230
Бұл конструкциялардың ерекшелігі – зауытта дайындалған массивті блоктар-
ды (модульдерді) тұрақты платформаның көп палубалы жоғарғы құрылымында
әртүрлі биіктікте орналасқан арнайы технологиялық жабдықтарды қолдану. Бұл
жағдай бұрғылау жұмыстары мен мұнай өнімін өндіруді бір мезгілде жүргізуді
қамтамасыз етеді.
Теңіз тұрақты платформалары конструкцияларының ең жедел дамуы
Солтүстік теңіздегі мұнай және газ кеніштерін игерумен тығыз байланысты.
Солтүстік теңізде массивті, теңіз түбіне қадалармен бекітілген метал-
дан жасалған теңіз тұрақты платформаларымен қатар, гравитациялы, түрлі
массивті темірбетонды платформалар қеңінен қолданылады. Сонымен қатар,
құрастырылған конструкциялар да қолданылады: конструкцияның төменгі
бөлігі темірбетоннан, ал жоғарғысы – металдан жасалған.
Қазіргі кезде кейбір терең акваторияларды өндіру үшін, тартылатын тіректері
бар платформалар теңіз мұнай және газ кеніштерін игеру үшін жүзбелі жүйе
қолданылуда. Жүзбелі жүйені аз өнімді кеніштерді игеру үшін, сонымен қатар,
өндірілетін мол қорлары бар кеніштерді игерудің бірінші кезеңінде қолданады.
Қатаң металл қонструкцияларын жетілдіру мақсатында бірнеше жобалар
орындалды. Сонымен қатар серпімді платформалар конструкцияларын (300
м-ден 1000 м су тереңдігіне арналған) зерттеу және жобаларын жасау жұмыстары
жүргізілуде. Мұздық жағдайларда жұмыс жасауға арналған бірқатар платфор-
малар конструкциялары орындалған.
Достарыңызбен бөлісу: