Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тұрақты теңіз платформаларының тағайындалуы мен



Pdf көрінісі
бет107/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.3 Тұрақты теңіз платформаларының тағайындалуы мен 
түрлері, олардың топтастырылуы
Тұрақты теңіз платформалары – бірегей гидротехникалық құрылыс, оған 
бұрғылау, мұнай өндіру үшін қосымша жабдықтар орналастырылады. Бұл 
жабдықтар арқылы ұңғыларды қазып, мұнай мен газды өндіріп – оларды 
дайындауға болады және пайдалану кезінде басқа жұмыстарды жүргізу үшін 
керекті жабдықтар мен жүйелер де платформаларға орналасады (қабатқа су 
айдайтын жабдық, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізуге арналған, теңіз 
өндірістік автоматтандыру құралдары, мұнайды тасымалдауды автоматтандыру 
құралдары, жағалау объектілермен байланыс құралдары, т.б).
Теңіз кен орындарын пайдаланғанда, негізінен екі басты фактор:
1. Қоршаған ортаның жағдайлары;
2. Теңізде жүргізілетін операциялардың қымбаттылығы ескеріледі.
Сонымен теңіз тұрақты платформалары әр аймаққа арналған жеке 
құрылмалар. Тұрақты теңіз платформалары құрылмалары теңіз түбіне тірелу 
және бекіту тәсілімен, құрылмалардың түрімен және оларды дайындайтын ма-
териалдар арқылы ерекшеленеді:
1. Теңіз түбіне тірелу және бекіту тәсілі бойынша теңіз тұрақты платфор-
малары: қадалар арқылы, өз массасының салмағы арқылы (гравитация-


231
лы), қадалы-гравитациялы, маятникті, жүзбелі түрі, тартылу арқылы 
топтарға бөлінеді.
2. Құрылмалардың түрі бойынша – (байланысты – ферма тәрізді) жалпы 
жабық түрі, аралас түрі.
Материалдары бойынша – болаттан, темір-бетоннан аралас (болат + темір-
бетон) жасалған.
Шетелдік ғалымдар қарапайым және тереңдіктегі теңіз тұрақты платфор-
малары деп ажыратуды ұсынады. Егер теңіз тереңдігі 330 м асса, бұл жағдайда 
қолданатын теңіз тұрақты платформалары – тереңдіктегі теңіз тұрақты платфор-
малары деп аталынады.
Дүниежүзінде соңғы мәліметтер бойынша тереңдіктегі теңіз тұрақты 
платформалары саны – 40. Оның 76%-ы қатаң түріне (оның 45%-ы болаттан 
жасалған – ферма тәрізді, қадалармен бекітілген; 26%-ы гравитациялы және 
5%-ы гравитациялы-қадалы).
1. Гравитациялы теңіз тұрақты платформаларының орнықтылығы өз 
массасының салмағы мен балласт массасы арқылы жүзеге асырылады.
2. Қадалы теңіз тұрақты платформалары – орнықтылығы теңіз түбіне 
орнатылған қадаларға бекітуге байланысты.
3. Гравитациялы-қадалы массасы қосымша қадаларға бекітуте байланыс-
ты.
10.5-сурет. Тереңдіктегі тұрақты теңіз платформалар жіктемесі


232
Кен орнын пайдалану және оның маңайында құрылыстарды тұрғызу жо-
басы мұнай немесе газдың бағаланған қорына, кен орнына, теңіз тереңдігіне, 
қоршаған орта жағдайлары және т.б. факторлармен байланысты жасалынады.
Серпімді құрылмалар бекіту тәсілі бойынша үшке бөлінеді:
1. Тартқыш мұнаралар – 16 тартқышы және зәкірлік тұрақтандырғыш 
жүйесі бар. Құрылма өзінің орнықтылығын тартқыштар жүйесі, 
қалытқылы понтондар және қарсы салмақтар арқылы қамтамасыз етеді.
2. Жүзбелі мұнаралар – қозғалмалы маятникке ұқсас, олар тепе-теңдік 
жағдайларында, құрылмалардың жоғары жағына орналасқан, жүзбелі 
понтондар арқылы келеді.
3. Иілгіш мұнаралар – тік жағдайдан толқындардың әсерінен ауытқиды, 
олар бұл жағдайда қысылған серіппеге ұқсас, тепе-теңдік қалпына 
қайта келуге тырысады.
Серпімді теңіз тұрақты платформаларының 13%-ы жүзбелі мұнараларға, 
8%-ы тартқышты мұнараларға, 3%-ы иілгіш мұнараларға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет