228
Платформадан 12 ұңғымаларды бұрғылау қарастырылған.
Жобадағы өлшем, мм:
өндірістік алаңның.......................................71х50
тіректі блоктың............................................16х49
Салмағы, мың.т:
платформаның ..............................................12,1
тіректі блоктың..............................................2,04
Тіректі блоктар теңіз түбіне свайлармен бекітіледі. Тіректі блоктарда мо-
дульдары
сәйкес технологиялық, қосымша жабдықтармен және жүйелермен
қамтылған үшпалубты құрылым орнатылады.
Теңіз мұнай-газ кен орындарын құрылымдармен қамтуға кететін шығын
жалпы барлық күрделі қаржының 50% құрайтыны белгілі. Сонда жеке мұнай-
газ кәсіптік платформалардың құны 1-2 млрд долларды құрайды деп санауға
болады.
Мысалы, қазіргі кезде Солтүстік теңіздің
Троллькен орнында пайдалана-
тын тереңсулы гравитациялық платформа 1 млрд доллармен бағаланады. Ал
тереңсулы магистралды құбырды орналастыруға кететін шығын бір километрге
2-3 млн долларды құрайды.
10.4 сурет. Бір тіректі колонналы платформаның сызбанұсқасы
229
Қайраңды меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды
шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді. Қайраңды меңгерудің
тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген,
оны таңдау технологиялық,
геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық,
саясат жағдайларының
жиынтығымен анықталады.
Жаңа техниканы және теңіз мұнай газ құрылымдарды құру аумағында
жұмыс істейтін инженерлік компаниялардан «Браун энд Рут», «Мак-Дермот»,
«Кверенр», «Аккер» және т.б. жоғарғы орындарды алуда.
Достарыңызбен бөлісу: