10.4.4 Гравитациялы-қадалы тұрақты теңіз платформасы Гравитациялы-қадалы тұрақты теңіз платформаларының орнатылған ор-
нынан қозғалмайтындығы тек қана конструкцияның массасының әсерінен
ғана емес, сонымен қатар тірек бөліктерінің қадалар арқылы теңіз түбіне
бекітілгендігінің арқасында да болады. Осындай тұрақты теңіз платформа-
лары әртүрлі конструкциялы болып келеді. Құрылыс пішіні қолданылатын
материалдарының ұқсастығы бойынша бөлінеді.
Гравитациялы-қадалы тұғырнамалар 300 м тереңдікте, көбінесе, «үшаяқ»
түрінде болады. Тірек бөлігінің конструкциясы көлбеу үш тіректермен
демеленетін, үлкен диаметрлі орталық тізбектен тұрады. Тізбектер үлкен
диаметрлі тұтас темір цилиндрлер немесе ферма конструкциялы элементтер
түрінде болады. Мысалы: Трипод тауэр платформ жобалық конструкциясында,
d =15 м орталық тізбек, 8 метрлік еңкейтілген 3 тіректермен ұстатылады. Барлық
тірек қабырғаларының қалыңдығы 160 мм. Орталық тізбектер және бүйірлік
көлбеу тіректер қатаң көлбеу элементтерімен және қиғаш тіректермен бекітіледі.
Тұрақты теңіз платформалары конструкциясы бір-бірімен А-тәрізді құрыш ра-
мамен байланысқан және қадалармен бекітілген 4 түптік іргетасқа орнатылады.
«Хайлант» жобасында орталық тірек-ферма, жан-жағынан үш бүйірлік
көлбеу фермалармен бекітілген. Барлық фермалардың қималары – үшбұрышты.
Әрбір күш түсетін элемент бөлек блоктар ретінде жасалады. Орталық
ферманың массасы 10 мың т, тіректер массасы 4,5-5 мың т. Палубада
d =712 мм
16 бағыттауыш тізбектер және массасы 24 мың т. технологиялық жабдық орна-
ту қарастырылуда. Негізгі конструкциялар массасы 31 мың т., қадалар масса-
сы 20 мың т. Негізгі орталық фермадан тірек негізіне дейінгі қашықтық 110 м.
Тіректер орталық фермаға теңіз деңгейінен төмен 40-79 м тереңдікте бекітіледі.
Конструкциялар: бірінші түрін – 150-460 м-ге дейін және екінші түрін – 200-400
м-ге дейін теңіз тереңдіктерінде қолдануға болады.