10.9 Тұрақты теңіз платформаларын қондыру және мұнай өнеркәсіп жабдықтарын монтаждау 10.9.1 Теңіздегі платформалар құрылысы Жалпы жағдайлар Теңіздегі жұмыстар практикасы, әсіресе, тұрақты платформаларды барлық
ұзақ мерзімге пайдалану, олардың құрылысына және жұмыстағы сенімділігі
мен қауіпсіздігіне бірқатар қосымша талаптар қояды.
Бұл талаптар басшы құжаттармен (құрылыс нормалары мен ережелері,
нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, мемлекеттік тексеру органдарының Ережелері
және басқалар) белгіленеді.
Шетелдік тәжірибеде бұл талаптар мұнай және газ кеніштерін игеруге
арналған теңіз операциялары туралы жинақтарда баяндалады. Теңіздегі барлық
жұмыстар платформаларды құру және монтаждау, жүк тиеу, тасымалдау,
жүк түсіру мен қондыру техникалық және технологиялық құжаттарға сәйкес
жүргізіледі. Платформадағы пісіру жапсарлары мен қосылыстардың қалай
орындалуы керек екендігі жұмыс сызбаларында көрсетіледі. Теңізде құрылыс
салу үшін барлық орындалатын, монтаждау және құрылыс жұмыстарына толық
техникалық шарттар жасалынады.
Платформаны монтаждау техникалық құжаттар бойынша жүргізіледі,
олардың құрамына монтаждық бөлшектер сызбалары, нұсқаулар және т.б. кіреді.
Бұл құжатты платформа дайындайтын зауыт жасайды. Технологиялық құжат
(нұсқаушы сызбалар) – платформаны құруға қажет және оны теңізде тұрғызу
операцияларының орындалу тәртібі мен сатылылығы жайлы кең көлемді
мәліметтер бар. Технологиялық құжат құрамына сызбалар және платформаны
суға түсіру үдерістерінің барлық нұсқаулары, оны тік қалыпқа бұру, платфор-
маны теңіз түбіне қондыру және бекіту, технологиялық ұштастыру құжаты, ка-
бельдер, шлангілер, баржаларды орналастыру үлгілері, бөлшектер, тиеу-түсіру
операцияларына арналған тетіктер, бекітілетін бөлшектер және т.б. кіреді.
Платформаның құрылысы аяқталғаннан соң дайындаушы мен құрастырушы
(платформа иесіне) салынған құрылыс пен жобалық сызбалардың салыстыр-
малы дәлдігі мен айырмашылықтары туралы ақпарат тапсырады. Бұл ақпарат
техникалық және технологиялық құжаттарға түзетулер және толықтырулар
ретінде ұсынылады.