Несяк
– бірге немесе дара қатып қалған үлкен сеңді мұз шоғыры. Кейде
теңіз деңгейінен 5 м дейін көтеріледі.
Мұздауық (сморозь)
– жасы бойынша әртүрлі мұз кесектеріне қатқан мұз
ботқасы деп аталады.
24
Тұтастық
– мұздардың бірқалыпты орналасқан аймағының ауданының
ондық мөлшерде суреттелген осы аймақтың ауданына қатынасы. 10 балл –
өте
тұтасқан
мұз, 7-8 балл –
тұтасқан
мұз, 4-6 балл –
сиретілген
, 1-3 балл –
сирек
мұз.
Теңізде дрейфтік ығу мұздарының барлығын тұрақты қозғалыста көруге бо-
лады. Олар жинақталады және ыдырайды. Жинақталу көлденеңдігі 20 км-ден
көп болса –
үлкен
, ал егер 10-15 км болса –
орташа
және 10 км-ден аз болса –
мұз дақтары
болады. Мұз массивтері бірнеше жүздеген шаршы метрді құрайды.
Мұз белдеулері – ұзындығы енінен көп есе және 1-100 км құрайтын мұздардың
жинақталуы. Мұздылық пайызбен көрсетіліп, кез келген жинақтағы мұз баса
алатын ауданның, теңіздің немесе қандай да бір географиялық аймақтың жал-
пы ауданына қатынасы ретінде келеді. Мұз түзілуге қар үлкен әсер етеді. Көп
жағдайда ол мұз түзілуді баяулатады, бірақ белгілі бір жағдайда үдетеді. Мұздың
құралуына судың және т.б. ағысы, жылулық ағыны әсер етеді.
Мұздар платформаға және басқа да гидротехникалық ғимараттарға
едәуір әсерін тигізеді. Сондықтан мұздар туралы толық және нақты ақпарат,
көп дәрежеде оптималды параметрлер мен сипаттаманы, сонымен қатар
гидротехникалық ғимараттардың және басқа теңіз мұнай өндірістік техникалық
құрылыстық шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
1.5 Инженерлік зерттеулер
Теңіз техникалық құрылымдардың құрылысы, құрылыс орнында және зерт-
ханаларда кешенді инженерлік зерттеулер жүргізуді талап етеді.
Инженерлік зерттеулер көлемі және құрамы тапсырыс берушінің
техникалық талаптарына сәйкес зерттеу ұйымдарында жасалған инженерлік
зерттеулер бағдарламасына: зерттеу ауданына қарай әкімшілікке қарайтын
көрсетумен обьектінің аталуымен орны, жергілікті жағдайдың және ауданның
қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы (климат, рельеф ерекшеліктері
және т.б.), ауданды зерттеу туралы мәліметтер, қолда бар материалдарды талдау
нәтижелері және оларды пайдалану туралы ұсыныстар: зерттеулерді орындаудың
бірізділігі, әдістері, көлемдері, күрделі табиғи жағдайлар категориясының
негіздері; зерттеулердің жеке түрін жүргізу орындары мен аудандарын негіздеу,
зерттеулерді жүргізуде қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптар; зерт-
теу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге және технология өнімділігіне, ұйымдарға
қойылатын талаптар кіреді.
Инженерлік-геологиялық зерттеулер мәліметтері құрылымдарды құрумен
пайдалануда гидрогеологиялық жағдайлардың, грунттық жағдаймен қасиетінің,
физикалық-геологиялық үдерістердің дамуының болу мүмкін өзгерістердің бол-
жамын жасауды қамтамасыз ету керек.
25
Теңіз табанын зерттеудің мәліметтері құрылымды жобалаудың келесі
кезеңдерінде қажет:
1) Құрылымның түрі мен құрылысының орнын анықтауда;
2) Құрылымды жобалауда;
3) Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін техникалық талаптарды жасауда;
4) Монтаждауда;
5) Пайдалану кезінде құрылымды бақлауда.
Бірінші кезеңде грунт туралы ақпараттар беткейлі болуы мүмкін, ал келесі
кезеңдерде зерттеулердің нақты мәліметтері қажет болады. Беткейлі зерттеулер-
ге: шағылдырғыш жүйелерді қолдану мен кең тор бойынша онша терең емес
сейсмикалық профильдеу, акустикалық профильдеу негізінде алынған учаске-
лерден грунт сынасын алу, батиметрикалық зерттеулер және теңіз түбінің топо-
графиясы, акустикалық зерттеулер мәліметтерімен дұрыстау үшін керн алумен
бір-екі ұңғыманы бұрғылау кіреді, бұған ағыстар мен толқындарды өлшеу де
кіреді.
Нақты инженерлік-геологиялық зерттеулер гидротехникалық құрылымдар
түріне тәуелді болады.
Грунт жыныстарын зерттеу платформаны қондырғаннан кейін оның
элементтері әсер ететін жыныстардан төмен тереңдікте жүргізіледі. Грунтты
зерттеуге теңіз табаны деңгейінен 12 м төмен тереңдікке дейін табиғи зоналар-
дан сынама алу және қабаттар арасы интервалы 3 м, 60 м тереңдікке дейінгі
тереңдіктерден және 7,5 м төмен 60 м тереңдіктерден санама алу кіреді. Теңіз
түбінен әрбір 1 м сайын сынама алынады.
Мұхитты зерттегенде екі шартты сақтау тиіс, әр түрлі зерттеу орында-
рында шруфтардың орналасуы болашақ құрылымға қатысты теңіз түбіндегі
қабылдағыш датчиктерін қондыру мен дәлдігі болуы шарт. Зерттелетін аудан
орналастырудағы мүмкін қателіктерді ескерумен құрылымның негізі сипаты
жеткілікті үлкен болуы керек. Жоба бойынша құрылым дәл орнына орналасты-
рылуы тиіс, мысалы: таңдалған орнынан ауытқуы тек 15-45 м болуы мүмкін
(
1.6-
және
1.7-суреттер
).
Шетелдердің тәжерибесінде гравитациялық платформалар үшін грунттық
беттік қабаттың өзгерістіктері туралы нақты ақпараттарды конустарды ба-
тыру арқылы зерттеумен (КБЗ) алады. Қадалы платформалар үшін грунттың
тереңірек қабаттарының өзгеріштігінің маңызы бар. Шруфтарды бұрғылау және
жыныстарды сынау бойынша зәкірлермен тұрақтандырылатын (су тереңдігі 200
м дейін) бұрғылау кемелерімен, су тереңдігі 200 м артық болғанда динамикалық
тұрақтандырылатын кемелермен жүзеге асырылып зерттеледі.
Алынған ақпаратты жинау және өңдеу уақыты нақты жағдайларға
тәуелді болады. Теңіздегі және құрлықтағы зерттеулер арасында айтарлықтай
айырмашылықтар болады. Бағыттаушымен және аралық тізбектермен бұрғылау
ірге тастың ыңғайсыз өзгеруіне әкелуі мүмкін, бұл тәжірибеде тұрақты
платформалардың құрылысында жиі кездеседі.
26
1.6-сурет. Теңіз түбі жынысын зерттеудің типтік үлгісі
1 – платформаның табаны; 2 – сынамалар (үлгілер) алу үшін қазылған
шурфтар; 3 – конусты енгізу бойынша зерттеулерге арналған шурфтар;
4 – теңіз түбіне конусты енгізу бойынша зерттеулер (13 операциялар)
1.7-сурет. Солтүстік теңізде платформаны орнату үлгісі
1 – қондырылған платформаның көрінісі; 2 – конусты енгізу бойынша
зерттеулер (центрден 145 м); 3 – алаңды зерттеулердің шекарасы;
4 – жоба бойынша платформаны орнату центрі; 5 – үлгілер алынып қазылған
шурфтар; 6 – шурфтарды қазу және конусты енгізу бойынша зерттеу
|