Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеруге



Pdf көрінісі
бет13/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

1.6 Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеруге 
арналған техникалық құралдардың негізгі түрлері
Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеруге арналған 
техникалық құралдар кешені көптеген бірегейлі және қымбат бағалы 
гидротехникалық құрылымдардың типтері мен түрлерінен, геологиялық бар-
лау және мұнайкәсіптік жабдықтардан, байланыс, навигациялау, қоршаған ор-
таны қорғау жүйелерінен және басқа да техникалық құрылғылардан тұрады 
(
1.3-кесте
). Оның құрамына жұмыс жүргізілетін ауданда қоршаған ортаның 
жағдайларын зерттеуге арналған техника кіреді. Бұл мақсаттарды орындау үшін 
– қоршаған ортаны кешенді зерттеу бағдарламаларды және әдістемелерді жа-
сайтын техникалық құралдармен жабдықтаған, оның ішінде ғылыми-зерттеу 
гидрометеорологиялық станциялар, қадалы құрылыстардағы автоматтық стан-
циялар, батиметриялық жағдайларды зерттеу техникасы, судың химиялық 
құрамы, толқындаулар, ағыстар және т.б. айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу 
жұмыс орындары, орталықтар және мекемелер жұмыс атқарады.
1.3-кесте
Теңізде мұнай-газ кен орындарын меңгеруге арналған техникалық құралдар
Қоршаған ортаны зерттеу техни-
касы
Ғылыми-зерттеу кемелері, 
гидрометереологиялық жағдайларды зерттеу 
техникасы және т.б.
Байланыс және навигация 
құралдары
Тұрақты спутниктік байланыс, навигациялық 
спутниктік байланыс кіретін аппаратура кешені.
Геофизикалық жұмыстар техни-
касы
Геофизикалық кемелер, ақпаратты өңдеу аппа-
ратурасы мен жабдықтары, радионавигациялық 
автоматты байланыс.
Терең барлама бұрғылау техника-
сы
Жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨК ЖБҚ, ЖБ 
ЖБҚ, БК), суасты сағалық жабдықтар кешені.
Инженерлік-геологиялық 
зерттеулердің техникалық 
құралдары
Тізбекті бұрғылау құралдары, ЭЕМ-ді ақпаратты 
өңдеумен нақты зерттеудің арнайы кемелері.
Пайдалану ұңғымаларын 
бұрғылау және мұнайды өндірудің 
техникалық құралдары
Теңіз тұрақты платформалары, өндіру 
жабдықтары, суасты өндіру құралдары.
Құру-монтаждау жұмыстарын 
жүргізу техникалық құралдары
Жүзбелі крандар, қадалар қағатын техника, суа-
сты құбыр төсеу жабдықтары.
Мұнай-газды дайындау және 
тасымалдаудың техникалық 
жабдықтары
Жағалаулық базалар және теңіздегі 
гидротехникалық құрылымдар, мұнай-газ құбыр 
жүйелері.
Суасты және сүңгуір техникасы
Суасты аппаратуралары бар кемелер, тіршілік 
бар, тіршілік жоқ аппараттар.
Қоршаған ортаны қорғау техни-
касы
Теңіздің ластануының алдын алудың техникалық 
құралдары.
Теңіздегі жұмыстарға қызмет 
көрсетудің техникалық құралдары
Көп нысаналы кемелер, буксирлер, өрт сөндіру 
кемелері, баржалар, арнайы кемелер, тік ұшақтар 
және т.б.


28
Байланыс және навигациялық техникалық құралдар – аппаратуралық кешен-
нен, геостационарлық жер серіктері байланысы арқылы көптеген телефондық 
және телеграфтық үлкен сенімділік дәрежесімен (99,9%), автоматтық режимде 
жасайтын навигациялық жер серіктері жүйелерін кең пайдалануға мүмкіндік 
беретін және т.б. аппараттық кешендерден тұрады.
Геофизикалық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар – 
геофизикалық кемелерден, ақпараттарды автоматты өңдеуге арналған көп ка-
налды цифрлы сейсмикалық, кеме бортында деректі материалдарды ЭЕМ 
енгізуге дайындау және өңдеуді қамтамасыз ететін станциялар, аппараттар мен 
жабдықтардан тұрады. Жұмыстарды жүргізу координаттарын жер серіктері 
байланысы арқылы анықтайды.
Терең мұнай және газ ұңғымаларын барлама бұрғылауға арналған 
техникалық қондырғылар (батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары, 
өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, жартылай батпалы 
жүзбелі бұрғылау қондырғылары, бұрғылау кемелері), суасты сағалық кешен;
Геологиялық-инженерлік іздеулер үшін керекті техникалық құралдар – ко-
лонкалы бұрғылау құралдары, толық зерттеулердің мәліметтерін ЭЕМ арқылы 
өңдейтін арнайы кемелер.
Пайдалану, бұрғылау және мұнай мен газды өндіруге арналған техни-
ка құрамына – ТТП-ның әр түрлі типтері мен конструкциялары, мұнай және 
газ өндіруге арналған жабдықтар, суасты мұнай мен газды өндіруге арналған 
техникалық құралдар, бақылау және басқару жүйелері, солтүстік және 
арктикалық акваторияларда мұнай мен газ өндіру және игеруге арналған 
техникалық құралдар кіреді.
Мұнай мен газды дайындау және тасымалдауға арналған техникалық 
құралдар – теңіздік гидротехникалық құрылыстар, мұнай мен газды сақтауға 
арналған жағалық базалар, мұнай-газ құбырларын, мұнай мен газды 
тасымалдауға арналған бақылау және басқару жүйелері және т.б.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына гидротехникалық құрылыс тар, ТТП әр 
түрлі типтері және басқа құрылыс обьектілері, құбыр құрылыстарының (суас-
ты және құрлықтағы) құралдары, кранды-монтаждық қемелер, түсіретін және 
тасымалдау баржалары, қадалар қағуға арналған жабдықтар, құбыржелілерді 
төсейтін баржалар және басқа техникалық құралдар кіреді.
Суасты және сүңгуір техникасына – ішінде адамдар бар және адамдар 
жоқ аппараттар (жүзбелі және түптік), суасты аппараттарға арналған кемелер, 
тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелер, сүңгуірлер мен акванавтарға арналған 
жабдықтар және басқалар кіреді.
Теңіздегі жұмыстарды қамтамасыз ететін техникалық құралдарға көп 
мақсатты кемелер, буксирлер, зәкірлерді таратып салатын буксирлер, өртке 
қарсы қолданылатын кемелер, жағалық базалар жабдықтары, арнайы кемелер, 
тік ұшақтар және басқа техникалар құралдар кіреді.


29
Қоршаған ортаның ластануын болдырмауға арналған техникалық құралдар: 
жайылған мұнайды жинайтын кемелер, ластайтын және улы өнімдерді және 
басқаларды бейтараптандыруға арналған химиялық реагенттердің бондық 
бөгеттері және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет