Мұздық жағдайлар. Гидротехникалық ғимараттарға мұз жүктемелері үлкен
әсер етеді. Сондықтан мұз жағдайлары туралы (мұз түрлері, олардың сипатта-
малары, қозғалғыштығы және басқалары) нақты ақпараттар болу керек.
Құрылысы бойынша мұздардың түрлері:
– ине тәрізді (берік, мөлдір);
– кеуекті губкалы (түбінде қоспасы көп, кристалдары бағытталмаған);
– түйіршікті (қардан түзілістегі).
а)
мұздардың бастапқы түрлері . Оларға мыналар жатады: ине мұздары;
шарбымұз (сұр түсті); көксоқта – жауған қардан кесек түзетін тұтқырлы мас-
са; анжыр – кеуекті; бозғылттау кесектер; түсі сұр, диаметрі 30 см-3 м және
қалыңдығы 10-15 см дейін болатын құймақ мұздар және қалыңдығы 10 см дейін
болатын нилас; шынылы – сынғыш мұз қабатшасы.
ә)
жас мұздар. Қалыңдығы 15 см дейін сұр түсті мұз, 15-30 см дейін ақшыл-
сұр түсті мұздар.
б)
бір жылдық мұздар. Қалыңдығы 30-70 см жұқа мұздар, 70-120 см – орта-
ша және 120 см жоғары қарлы мұздары.
в)
ескі мұздар. Қалыңдығы 60-180 см қалдықтық біржылдық және
қалыңдығы 3 м дейін немесе одан да жоғары көпжылдық мұздар.
Припай – жүздеген километрлерге созылған, тұтас, жағасы немесе түбі
біріккен мықты мұздар. Қалыңдығы 2-3 м. Айлақтарда және биік кеңістіктерде
көпжылдық припай пайда болады. Оның мықтылығы сондай, кейде ол грунтта
жатуы мүмкін. Егер қалыңдығы 2 м-ден көп болса, оны қайраңдық деп атайды.
Стамуха – қайраңға отырған сеңді мұз шоғырлы түзілімдері. Солтүстік
Сібір теңіздерінде припай теңіздің 25 м тереңдігіне дейін созылған. Припайдан
соң ығу мұздары түзіледі.
Дрейфтік ығу мұздары мынадай болады: құймақты (припайдан), мұз
жазықтығы – 20 км-ден көп припайдан түзілген мұздың жазық кесегі.
Көлденеңінде 20 км-ден көп болатын мұз жазықтығын
алып деп атайды, ал 2-10
км –
кең немесе
байтақ , 0,5-2 км –
үлкен , 20-100 м –
сынықтар , 20 м-ден төмен
–
ұсақсынықты мұз , ал 2 м-ден төмен –
ұнтақталған мұз деп атайды.