313
Бұл мәселені шешуде, мамандардың
төменде сипатталатын, көптеген
табиғи көмірсутек кен орындарын игеруде жинақталған стандартты ережелер
мен әдістемелері көмегін тигізуі мүмкін.
Газды шоғыр
Жабылған газ шоғыры (яғни, басқа коллектор тау жыныстардан оқшауланған)
жағдайында ұңғымаларды орналастырғанда біркелкі орналастыру жүйесін
таңдау керек. Бұл кезде перфорациялау интервалын таңдау өндіріс көрсеткішіне
айтарлықтай әсерін тигізбейді. (
12.10 а-сурет
).
Газ шоғыры астында табан сулары болғанда перфорация интервалын
алғашқы ВНК орнынан мүмкіндігінше қиманың жоғарғы бөлігіне (
12.10
б-сурет
) алшақ орналастырған жөн.
Мұнай шоғыры
Табан сулы мұнай шоғырының жағдайында ұңғымаларды орналастырғанда
шоғыр формасын және су-мұнай байланысын ескеру қажет. Ұңғымаларды бұлай
орналастыруды жиі жағдайда батарейлік деп атайды. Батареялар және ондағы
ұңғымалар саны кен орын қорының көлеміне байланысты.
Бұл кезде шоғырдың орта бөлігінде әдетте қималы (разрезающий) деп ата-
латын өндіру (немесе айдау) ұңғымалар қатарын орналастырған жөн (
12.11-су-
рет
).
12.11-сурет. Мұнай шоғырын игеру кезінде аудан
бойынша ұңғымаларды орналастыру:
а – табан суымен шектелген мұнай шоғыры. Игеру әдісі – табиғи
суарынды режим; б – жабылған мұнай шоғыры. Игеру әдісі
– еріген газ және гравитациялық режимдердің бірігуі
Жабық мұнай шоғыры қабатының құлау бұрышы жоғары болған жағдайда,
өндіру ұңғымалары
құрылымның төменгі бөлімінде, үш немесе төртнүктелі
314
тормен біркелкі орналасады және мүмкіндігінше перфорация интервалы төмен
болады (
12.11 б-сурет
).
Ұңғымалардың бұлай орналасуы келесідей себептер бойынша оны игеру-
ге жақсы жағдай жасайды: қабат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде,
мұнайда еріген газ ұңғының түп аймақ зонасында мұнайдан бөлінеді. Осылай
еріген газ режимінде игеруге жақсы немесе нашар жағдай жасайды; мұндай ор-
наласуда гравитациялық күштер тұтқыр күштерге көмектесіп және мұнайдың
ұңғыға құйылуын арттырады. Бұл уақытта газ тұтқыр күштердің әсерінен қабат
бойымен жоғары көтеріледі. Кей жағдайларда бұл екінші газ шапкасының бо-
луына әкеледі.
Газ шапкасы бар мұнай шоғыры
Газ шапкасын мұнай шоғырынан бөлгенде, ұңғылардың орналасуы мұнай
газ байланысының бастапқы жағдайын ескеру керек (
12.12 а-сурет
). Табандық
суы бар мұнай шоғырындағы сияқты шоғырдың күмбезді бөлігінде ось бойын-
ша өндіру ұңғымалардың орталық қатарын бұрғылау керек. Перфорация интер-
валы өнімді
қабаттың астында болуы керек
12.12-сурет. Газ шапкасы бар мұнай шоғырын игер-
ген кездегі ұңғылардың аудан бойынша орналасуы:
а – Газ шапкасы бар мөрленген мұнай шоғырын менгеру түрі –
газ шапкалы режим. Перфорация интервалы – қиманың төменгі
бөлігінде; б – Газ шапкасы мен табандық суы бар мұнай шоғыры
Меңгеру түрі – газ шапкалы режим мен су айдау режимі. Перфорация ин-
тервалы – қиманың төменгі жағында.
Мұндай әрекет газ шапкасы мен табандық суы бар мұнай шоғырында
ұңғыларды орналастырғанда қолданылады. Бірақ бір ерекшелігі бұл жағдайда
перфорация интервалы құрылымның төменгі бөлігінде. ГМБ-ға қарағанда,
СМБ-ға жақын болуы керек.