Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет173/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

 в/h; R
c
; V/h
функциясы болып табылатын, редукция коэффициенті.
Жоғарыда қарастырылған есеп шешімінің дұрыстығына қарамастан, оның 
практикалық қолданысы соңғы нәтижеге әсер ететін, көптеген параметрлерді 
қарастыруды талап етеді, сол жайлы Ю.Н. Алексеев, т.б. жұмыстарда толық 
жазған.
Соңғы кездері қарастырылатын аймақта мүмкін болатын мұз басулардың 
пайда болуы олардың беріктілік сипаттары мен арал маңындағы қорғаныс 
жағажайлардың теориялары игерілуде.
Арал маңында қорғаныс мұз басудың пайда болуы қозғалыстағы мұз 
алаңдарымен әсерлесетін, тосқауылдың диаметрін ұлғайтады, соған орай 
аралдың мұз жүктемесін арттырады. Дегенмен, арал массасы мен мұз басу 
алаңынан тұратын, құрылымның жалпы тұрақтылығына қолайлы болатын, 
тосқауылдың массасы да артады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, аралдың 
жылжуға қатысты тұрақтылығы, шамамен 20% жоғарылайды.
Мұз басудың тұрақтылыққа қолайлы әсері нәтижесінде үлкен тереңдіктерде 
еңістерді жобалау кезінде, мұз басу алаңы аралдың еңісіне отыратындай етіп 
тұрғызыла бастады. Мұндай қорғаныс алғаш рет 1976 жылы Арнак Л-30 аралын 
конструкциялауда қолданылды, кейіннен осы қорғаныс бермалар басқа да арал-
дарды тұрғызуда пайдаланылды. Қарапайым еңісті және қорғаныс бермалары 
бар еңістер аралдарының конструкциялары 
14.10-суретте
көрсетілген.
Мұз бен тосқауылдың жасанды арал түріндегі әсерлесу табиғатын талдай 
отырып, аралдың мұз жүктемесі, бір жағынан, мұздың пайда болуын шақыратын 
дрейфтер күшімен, басқа жағынан құрылым маңындағы мұзды бұзу минимал 
күштерімен анықталады. 


383
14.10-сурет. Жасанды аралдардың еңіс түрлері:
а, б – қорғаушы жағажаймен; в – дәстүрлі бекіту түрі
Қозғалмалы мұз алаңы мен аралдың арасындағы әсерлесу кезіндегі шекті 
күшті формуламен анықтауға ұсынылады:
F
л
= c
1o
ραV
В
2
L
2
+ 0,5c
T
ρ
В
V
T
2
L
2

WL, 
(14.5)
Мұндағы 
L
– мұз алаңының ұзындығы мен ені, осы жағдайда тең деп алынған; 
ρ
α
– ауа тығыздығы; ρ
в
– су тығыздығы; С
10 
мен С
Т 
– сәйкесінше жел мен ағыс үшін 
жылдамдық коэффициенттері; V
в 
– жел жылдамдығы; V
Т
– ағыс жылдамдығы; 
W – L ұзындықта дрейфтелген мұз алаңында пайда болатын мұз басудың орта-
ша күші.
(14.5) формуласының бірінші мүшесі, мұз бетінде желдің әсерінен пайда бо-
латын күшті, екінші мүшесі – ағынның салдарынан суасты төменгі бөлігіндегі 
күшті, үшіншісі – қарастырылған мұздыққа қоршаған мұздың әсері күшін си-
паттайды.
Біршама қатарларда, арктикалық суларда бұрғыланатын жасанды аралдар 
мұзды қолдану арқылы тұрғызылды.
Теңіз түбіне мұзбен немесе нығыздаушы материалдарымен (қиыршық тас, 
үгінділер, қанат, трос кеспелері, т.б.) толтырылатын ұяшықты конструкциялар-
ды қолдану жобалары бар. Нығыздаушы материалдар мұз денесін қалыптастыру 
кезеңінде толтырылады. Мұз аралын тұрғызу кезінде бірнеше технологиялық 
сұлбалар пайдалануы мүмкін. Солардың біреуі арқылы белгіленген аудан 


384
шегінде жасанды мұздың қабаттарын мұздатады, оның қалыңдығы арал кон-
струкциясымен анықталады.
Мұздың мұздатылуы судың шайылуына кедергі болатын, сумен құйылған 
ағаш немесе қар білікшеден жасалған қорғаныс бортын жасағаннан кейін 
іске асырылады. Мұз аралдарының құрылысында тұрақталған теріс 
температуралардың периоды шектелген фактор болып табылады. Мұздың 
мұздатылуы еркін құйылыммен 25-50 м қалыңдықпен іске асырылады (50-
150 мм күніне), мұндай мұздатылу техникасымен белгілі уақыт аралығында
аралдың жалпы қалыңдығын шектейді. Жасанды мұз массасы ауаға теңіз суын 
себу әдістері де қолданылады. Бұл, әлдеқайда аралдардың құрылысын жылдам-
датады, алайда құрылған мұздық дене қатпаған теңіз суының бұрылыстарының 
қиындығынан болатын төмен механикалық беріктікке ие болады, қазіргі 
уақытта, мұз қатуының заманауи технологиясының өндірулерімен байланысты 
зерттеулер жүргізіліп жатыр. 
Мұндай сұлбалардың бірі әрбір мұздатылған қабатта жинақталатын 
құбырлардан тұратын, суытқыш жүйелердің құруын қарастырады. Бұл құбырлар 
мұздық аралдардың арматурасы болып жұмыс істейді және арал денесінде 
мұздың қажет температурасын ұстап тұру үшін де қолданыла алады. 
Мұз температурасының төмендеуі, әсіресе жазғы кезеңде, термосвай 
қондырғысының есебінен жүреді. 
Мұздық аралдардың құрылысы табиғи мұздан арамен кесілген блоктардан 
тұруы мүмкін. Блоктардың өлшемі құрылыс технологиясына тәуелді болады
бірақ бүкіл жағдайларда оны максималды мүмкін қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет