Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет174/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

14.11-сурет. Мұзды аралдың құрылысының сұлбасы
а – мұзды-грунтты арал; б – мұзды арал; в, г – құрылыс этаптары
Аралдардың құрылысы келесі сұлбалар бойынша жүзеге асады (
14.11-су-
рет
). Табиғи мұздық алаңда небір аудан белгіленеді, ол ауданның периметрі 
бойынша, саңылаулар бұрғыланып, металдық құбырлардан тұратын, топыраққа 


385
(грунтқа) (1) бекітілетін, бағыттағыш қондырғылар түсіріледі. Периметрі бо-
йынша, кесу қондырғысынан (2) кейін мұздың нөлдік жүзуін қамтамасыз 
ету үшін жеткілікті болатын, мұздың бетінде толтырғыш материалдарды 
жайғастырады. Жайғастыру үдерісі кезінде, толтырғыш материалдарды сумен 
құяды, онымен олардың мұздақтарға жабысуын қамтамасыз етеді. 
Мұздың бақыланатын батуын қамтамасыз ету үшін толтырғыш матери-
алдармен (3) бірге бірнеше лебедкалар орнатылады (4). Бұл лебедкалардың 
көмегімен, мұздық (2) түбіне батырылады, кейін лебедка арқаны ажыратылады. 
Содан соң, мұздық алаңның келесі учаскесі түсіріліп, бекітілген мұздың 
үстіндегі майнаға ауысады, барлық үдеріс, сәйкес мұздық массив құрылғанға 
дейін қайталанады. Аралдың жоғарғы бөлігі (5) судың табиғи мұздалуынан 
және жұмыс ауданның берілген өлшемдеріне жеткенге дейінгі грунттың 
себуі орындалғаннан кейін түзіледі. Көбінесе, себуді мұздық блоктардың 
жайғастырумен ауыстыруға болады, олардың өлшемі қолданатын жүккөтергіш 
механизмдермен анықталады. Бүйір беттерін толтырғыш материалдармен (6) 
себу, мұздық аралдардың жылу изоляциясын ұстап тұратын, кейде құммен, 
қиыршықтаспен немесе басқа грунтпен жүзеге асады. Арал периметрін қорғау 
үшін жер аралдарының жағдайына ұқсас, грунттық толтырғыштары бар 
қапшықтар қолданылады. 
Мұздақтарды ықтиярсыз батыру үшін лебедкалардың орнына табиғи баты-
руын қамтамасыз ететін, мұздақтардың теріс жүзуінің түзілуі үшін жеткілікті 
болатын көлемде грунтпен себуді қолдануға болады. 
Қажет өлшемді мұздық аралдар, бұл мақсаттар үшін оңтайлы жерде құрылған 
жобалар көп. Содан соң, аралдың жүзуіне жеткілікті болатын қуыс құрылады. 
Қуыс аралдың денесі ішінде отынның жану көмегімен немесе жылытудың ар-
найы жүйелері көмегі арқылы құрылады. Еріген су сораптармен жойылады, 
арал қалқиып, осы түрде, қондырғы орнына сүйретіледі (буксирленеді), бұл рет-
те қуыс сумен толтырылып, арал теңіз түбіне бекітіледі. 
Мұздық аралды жобалаған кезде, жылу изоляция проблемасын шешу керек. 
Барлық технологиялық қондырғылар арнайы ағаш аудандарда орнатылады, бұл 
сондай-ақ, аралды бұзылудан сақтайды. 
Арал құрылымында, бұл алдын ала шаралардан басқа, аралдың мұздық 
денесінің температурасын қамтамасыз ететін, арнайы суытқыш қондырғылары 
қарастырылады. Қазіргі уақытта, Артикадағы теңіз кен орындарды меңгеру 
және барлау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр. 
Барлау бұрғылау үшін мұздан соңғы жылдары жүзгіш алаңдардың жа-
санды мұздатылуы қолданылады. Мұндай алаңдардың мұздатылуы жоғарыда 
жазылған әдіспен жүзеге асады. Мұндай аудандар көмегімен, теңіздің түрлі 
тереңдіктерінде (150 м-ге дейін) бірқатар ұңғыма қатары бұрғыланды.
Соңғы жылдары жасанды аралдардың құрылымды тұрғызу үшін қажет 
топырақ (грунт) көлемін бірқатар төмендетуге мүмкіншілік беретін біртума жо-
балар ойлап шығарылды. 


386
Сұлбалары 
14.12, 14.13 және 14.14-суреттерде
берілген, аралдардың 
конструкциясында, құммен толтырылған қабыршыққа түсетін артық сыртқы 
қысымның тұрақтылығын құру үшін деген ой пайдаланылған. Бұл қысым құмды 
тығыздауышты қалаған кездегі, арнайы дренажды жүйелер көмегімен одан су 
айдау нәтижесінде болады және су деңгейінен төмен кез келген беттегі қысым, 
сыртқы гидростатикалық қысымға қарағанда, қоршаған қабықшаға аз әсерін 
тигізеді. Бұл арал периметрінің вертикаль тік формасын құруға мүмкіншілік 
береді, оған қоса, қабықша тығыздауыш топырақты (грунтты) жуылып кетуден 
сақтайды. 
14.12-сурет. Сандайсл аралының жүйесі:
а – арал құрылысының этаптары; б – аяқталған конструкция
14.13-сурет. Арктикалық аудандағы жасанды арал сұлбасы:
а – екі қабырғалы аралдың конструкциясы; б – бетонмен толтырылған аралдың 
конструкциясы;
1 – мұз; 2 – жоғарғы палуба; 3 – мұнайды сақтауға арналған құрылғы; 
4 – ұңғыма; 5, 6 – үйінді; 7 – сыртқы қабы; 8 – бетонды ядро.


387
14.14-сурет. Үлкен диаметрлі жасанды арал конструкциясы:
1 – сыртқы қорғаныс жиегі; 2 – топырақпен толтырылған қабы;
3 – дренажды жүйе; 4 – аралдың диаметрі; 5 – үйінді; 6 – ішкі қабырға.
Аралдың негізгі құрылымды элементі (
14.12-суретті
қараңыз) – жүзгіш 
пантон түрінде орындалған, жоғарғы құрылыс (1), қабықша (2), дренажды жүйе 
(3), анкерлі свайлар (4) және құмды тығыздауыштар (5), кейбір жағдайларда 
жоғары суөткізгіштікке ие қабаттап бөлінген материалдар (6) болып саналады.
Мұндай құрылымды аралдарды 60 м тереңдікте құру, экономикалық тиімді 
болады. Қабылданған есептегіш алғышарттарды тексеру үшін, 1976 жылы
15 м тереңдікте арал түптұлғасы құрастырылған. Ашық теңізде аралды тұрғызу 
жұмыстары екі күнге созылды.
Қабықшасы бекітілген сүзгіш пантон жүзіп, құрылыс орнына жеткізілді. 
Қабықша сумен толтырылғаннан және водолаздар көмегімен орналасу 
дұрыстығын тексергеннен кейін құм мен гравидің қалауы басталып, ішкі 
гидростатикалық қысымды бақылауға арналған су айдау мен өлшеу жүйесі ор-
натылды. 
Кейін нәтижесінде, технологиялық тағайындалуы мен орнату жеріне байла-
нысты аралдар конструкциясының модификациясы ойлап табылды.
14.13-суретте
мұздық шарттарда қолдануға болатын, аралдардың 
нұсқалары көрсетілген, ал 
14.14-суретте
үлкен диаметрлі арал конструкциясы 
берілген.
Жоғарыда айтылғандай, жуылғыш дамбылар, әлсіз жағалай қоқыстары бо-
латын құмды жағалауларда құрылады. Бұл жағалаулар 1:70-1:50 аралығында 
доғаға ие болады. Әлсіз жағалай ағыс мұндай учаскелерде аз ғана дауылды 
ағыстарға әкеп соғады.


388
14.15-сурет. Шайылған бөгет
Жағалауларда бұл дамбылардың құрылысы жағалай құмның орын 
ауыстыруының және құрылыс аумағында жағалаудың геоморфологиялық 
бейнесінің өзгерісіне әкелмейді. Дамбыларды жобалау ұңғымалар саны мен 
олардың орналасуын анықтаудан басталады. Кейін дамбылардың алғаш трас-
сировкасы басталады. Барлау бұрғылау кезінде дамбылар алғаш бағыттау 
өзгершіліктеріне байланысты, бұл мезеттегі бұрғылау нәтижесіне байланыс-
ты бөлшектеп құрыла алады. Барлау бұрғылау үшін дамбы конструкциясы ең 
қарпайым типте қабылданады. Дамбы денесін, ағыс әсерінен қайта құрылу 
есебімен жуады. Мұндай дамбылар профилін жобалау кезінде анықтауыш 
жағажай сызыққа қатысты оның орналасуы болып саналады. Сәтті барлау 
бұрғылауын жүргізгеннен кейін, дамбы еңістерінің бекітілуін бастауға болады 


389
және бұл ретте олар пайдаланушы (эксплуатационные) болып есептелді. Мұндай 
дамбыларды есептеу әдістері жағалаудағы сақтандырғыш құрылымдарды 
есептегендегі есептеулерге ұқсас болып келеді. 
Каспий теңізінің кен орындарының бірінде салынған дамбы конструкциясы 
14.15-суретте
көрсетілген.
14.16-сурет. Теңіз қайраңындағы жасанды арал келбеті


390


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет