378
себепті арал бермасының шайылудан қорғанысы жеңілдейді. Аралдың жоғары
бөлігінің конструкциясы әрқалай болу мүмкін.
Аралас типті аралдың жоғары бөлігіндегі конструкциясына қарамастан,
жоғары бөлігі су деңгейіне, шамамен 10 м жетпейтіндей, оның негізі ретінде
суасты арал болып табылады.
Жасанды аралдары жобалау кезінде көптеген мәселелер қатарын шешу
қажет. Біріншіден, технологиялық тағайындалуына сәйкес, аралдың жұмыс
алаңының көлемі анықталады. Аймақтың жел, толқын, мұз режимдерін зерт-
теу нәтижесінде, аралдың пішіні мен оның жобалық көлемдері анықталады.
Содан кейін аралдың конструкция типі жөніндегі шешімдері қабылданады.
Жобалаудың бұл сатысында аралдың денесін толтыратын топырақтың сипа-
ты мен мөлшері, құрылыс орнындағы теңіздің тереңдігі, аралдың жиектен
қашықтығы, толқындық жағдайлар, ағыс, аралдың тағайындалуы, мүмкін бола-
тын құрылыс тәсілдері мен жергілікті жағдайларды сипаттайтын басқа да фак-
торлар қарастырылады.
Аралдың рационалды типін таңдау ең күрделі және жауапты мәселе, мүмкін
болатын жан-жақты экономикалық талдаудың негізінде жасалынып, теңіз кен
орнын меңгеру тәсілін игерген кезде маңызды болып табылады.
Жасанды аралдың жоғары белгісін тағайындаған кезде деңгейдің тербелісі,
толқын мен мұз жағдайлары нұсқаулыққа алынады.
Мұз құбылысы болмаған жағдайда, жұмыс алаңының есептік су деңгейінен
биіктігі мына формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: