с ҚОсЫМШАсЫ Глоссарий Континенталды еңіс – мұхиттың теңіз сулы бөлігіне континенталды қайраңнан
төмен қарай бағыттайтын еңіс.
Сумұнайлы шекара (СМШ) – мұнайға қаныққан және суға қаныққан қабат
қалыңдықтарын шартты бөлу беті. СМШ-дан төмен қарай мұнай тек қана
мұнайға жағылған жыныстарда болады. СМШ-дан жоғары қарай екі фа-
зада болады.
Газмұнайлы шекара (ГМШ )
– газға қаныққан және мұнайға қаныққан
қалыңдықтарды бөлетін шартты бет. ГМШ-дан төмен қарай газ тек ғана
мұнайда еріген түрде, ГМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.
Сулы қабат – суды өткізгіш жыныс.
Лақтыру – ұңғыдан бақыланбаған сұйық арынының шығуы.
Сулы (газды) конус – мұнайлы қабатта су немесе газдан пайда болатын
конустәріздес масса.
Екі реттік мұнай өндіру әдістері – әртүрлі агенттерді (су, газ, т.б.) қабат
қысымын ұстау мақсатында айдауға негізделген әдістер.
Үшінші реттік өндіру әдістері – қабатқа агенттерді айдауға және екінші реттік
мұнай өндіру әдістеріне қарағанда мұнайбергіштік дәрежені көбейтуге
мүмкіндік беретін әдістер.
Статикалық қысым – ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі
қысым.
Статикалық деңгей – тоқтатудан кейін оған атмосфералық қысым әсер ететін
шарт кезінде ұңғымада қалыптасатын сұйық бағанасының деңгейі.
Динамикалық қысым – ұңғымадан сұйықты немесе газды алу кезінде неме-
се ұңғымаға сұйықты немесе газды айдау кезінде қалыптасатын, ұңғыма
түбіндегі қысым.
Сұйықтың динамикалық деңгейі – атмосфералық қысым әсер ету шарты
кезінде жұмыс істеп тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейі.