– өнімді қабаттытолық толық ашқан
ұңғыма. Онда кез келген бекіту элементтері болмайды.
Ашылу дәрежесі бойынша жетілмеген ұңғыма – өнімді горизонттың барлық
қалыңдығын ашпаған ұңғыма.
Ашылу сипаты бойынша жетілмеген ұңғыма – өнімді қабаттың барлық
қалыңдығын ашқан, шегенделген және перфорацияланған ұңғыма.
Ұңғыманың гидродинамикалық жетілу коэффициенті – жетілмеген ұңғыма
шығымын жетілген ұңғыма шығымына қатынасы.
Түп – өнімді қабатты ашқан ұңғыма бөлігі.
Ағынды шақыру – тұрып қалған ұңғыма түбіндегі қарсы қысымдарды
төмендетудің технологиялық үдерісі, қабатта репрессияны жою және
қабаттан ұңғымаға флюидтің ағуы басталатын депрессияны жасау.
Ұңғыманы меңгеру – белгілі себеппен тұрып қалған ұңғыманы істеп тұрған
ұңғымалар қатарына ауыстыруға бағытталған, технологиялық операция-
лар және ұйымдастыру шаралар жиынтығы.
Газ саны – берілген термобаралық жағдай кезінде бос газ көлемінің белгіленген
геометриялық көлемдегі сұйық көлеміне қатынасы.
Көлемдік газ құрамы (газқаныққандылық) – берілген термобаралық шарт
кезінде газ көлемінің белгіленген геометриялық көлеміндегі қоспаның
жалпы көлеміне қатынасы.
554
Минералдар – жер қыртысында болатын физикалық-химиялық үдерістер
нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физикалық қасиеттері
бойынша біртекті табиғи зат.
Тау жыныстары – жер қыртысын жасайтын, өзіндік геологиялық денесін
түзетін, минералогиялық және химиялық құрамы тұрақты минералды
агрегат.