Атқылаған жыныстар – негізінен кристалды құрылысты, магма деп аталатын
сисликат балқыманың жер бетінде немесе жер қыртысы қойнауында қату
нәтижесінде пайда болады.
Шөгінді тау жыныстары – органикалық және неорганикалық заттардың су
бассейнінің түбінде және материк бетінде шөгуі нәтижесінде пайда бола-
ды.
Метоморфтық тау жыныстары – шөгінді және атқылаған жыныстардан,
оның соңғысы жер қыртысы тереңдігіне батуы кезінде пайда болған.
Табан – қабатты астынан шектейтін бет.
Жабын – қабатты үстінен шектейтін бет.
Абсалютті немесе теориялық кеуектілік – жыныстағы барлық қуыстардың
жалпы көлемі (кеуек, каверна, жарылыс).
Кеуектілік коэффиценті – жыныстың жалпы қуыс көлемінің барлық жыныс
көлеміне қатынасы.
Коллектор – сұйық және газ үшін өткізгішті және олардың сыйымды ыдысы
бола алатын кеуекті және жарылымды тау жыныстары.
Мұнайлылықтың_сыртқы_нұсқасы'>Табиғи резервуар – жабыны мен табаны нашар өткізгішті жынысты қабаттан
тұратын коллектор.
Мұнайлылықтың сыртқы нұсқасы – сумұнайлы бөлім бетінің қабат жанымен
қиылысу сызығы.
Газ қалпағы – бос газдың мұнай кеніші үстінен жиналуы.
Мұнай және газ кен орны – жер қыртысы қойнауында бір ауданда орналасқан,
бір топқа жататын кеніштердің (мысалы, күмбезді қабаты немесе массивті
және т.б.) жиынтығы.
Мұнай – көміртегі және сутегінің күрделі қосылысы.
Мұнайдың көміртектік коэффиценті – бұл қабат жағдайындағы мұнай
көлемінің, сол мұнайдың дегазациясынан кейін, яғни қалыпты жағдай
кезінде көлем қатынасына тең.