Адсорбция – кеуек беттері үлкен қатты жұтқыштармен (адсорбенттермен)
газдың құрамынан су булары мен конденсатты бөліп алу.
Барботаж – қысым арқылы газды сұйықтан өткізу, қарқынды араластыру және
жұту үшін қолданылады.
Ылғал сыйымдылық – берілген температура мен қысым кезінде газ құрамындағы
су буларының ең үлкен мүмкін мөлшері.
Ылғалдылық құрамы – берілген температура мен қысым кезіндегі газдың бірлік
көлемінде болатын су буларының нақты мөлшері.
Газ факторы – мұнай қабатынан бос күйінде өндірілетін, сонымен қатар
мұнайды айырудың әртүрлі сатыларынан кейін бөлінген газдың жалпы
мөлшері.
Немесе
1 т шығарылатын мұнайға келетін, қалыпты жағдайға
келтірілген газ мөлшері.
Табиғи газдардың гидраттары – жоғары қысым кезінде түзілетін
көмірсутектердің сумен қатты кристалды тұрақсыз қосылыстары.
Су (мұнай) глобуласы – дисперсті ортадағы шар тәріздес бөлшек.
Дефляция – желдің әсерінен таужыныстарының мүжілуі.
Деэмульгаторлар – эмульгаторларға қарағанда әрекеттілігі жоғары, мұнай
эмульсияларын бұзуға арналған беттік-әрекетті заттар (БӘЗ).
Дисперсті орта – құрамында басқа сұйықтардың ұсақ тамшылары бар сұйық.
Дисперсті фаза – дисперсті ортада ұсақ тамшылар түрінде орналасқан сұйық.
Эмульсияның дисперстігі – дисперсті ортадағы дисперсті фазаның ұсақталу
дәрежесі.
Диффузор – құбырдың кеңейген бөлігі (ортадан тепкіш сораптарда немесе ком-
прессорларда), мұнда газ немесе сұйық ағының жылдамдығының азаюы
565
жүреді және кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады –
бұл кезде қысым жоғарылайды.