Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет264/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

КТҚс-ын игерудiң мақсаты:
КТҚС-ның көмiрсутектерi ресурстарын ұтымды және қауiпсiз игеру 
арқылы елдiң тұрақты, экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және Қазақстан 
халқының өмiр сүру сапасын жақсартуға, ел индустриясының iлеспе салаларын 
дамытуға қол жеткiзуге жәрдемдесу.
КТҚс-ын игерудiң принциптерi:
- Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;
- халықаралық ынтымақтастық;


575
- жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттарды жасасу кезiнде 
республиканың тәуекелiн азайту;
- көмiрсутектер ресурстарын кешендi және қалдықсыз пайдалану;
- өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгiнiң, өнеркәсiптiк санитариялық, еңбек 
және қоршаған ортаны қорғаудың қазақстандық және халықаралық 
ережелерiн, стандарттарын сақтау;
- Каспий аймағының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Ка-
спий теңiзi табиғат ортасына теңiз мұнай-газ операцияларының 
тұрақсыздандыратын ықпалын болдырмау үшiн озық және қауiпсiз тех-
нологияларды қолдану;
- қазақстандық тауар жеткiзушiлер мен қызмет көрсетушiлердi теңiз 
мұнай-газ келiсiмшарттарын iске асыруға тарту.
Негiзгi мiндеттер
КТҚС-ын игеру теңiз мұнай-газ операцияларын ұзақ мерзiмдi дамыту 
проблемаларының салааралық сипатын, игерудiң көптеген параметрлерiнiң 
көмiрсутектерi ресурстарының құрамына және кен орындарының геологиялық-
техникалық жағдайына байланысты екенiн көрсететiн бiрқатар мiндеттердi 
шешудi қажет етедi.
КТҚС-ын игерудiң негiзгi мiндеттерi мыналарды қамтиды:
- көмiрсутектерi барланған қорларының өсiмiн қамтамасыз ету және 
өндiру деңгейiн тұрақты жоғары деңгейге жеткiзу;
- теңiз құрылыстарын тұрғызу үшiн құрылыс материалдары мен 
құрастырмалар өндiрiсiн дамыту;
- көмiрсутектерiн тасымалдаудың мультимоделдiк жүйесiн дамыту;
- тауарлар, жабдықтар шығару және қызметтер көрсету жөнiнен отандық 
өндiрiс құру;
- отандық машина жасау бөлiгiн қайта бейiндеу мен жаңғырту;
- теңіз флоты мен теңiз порттарын дамыту;
- өз ғылыми-техникалық базасын қалыптастыру, қазақстандық маман-
дарды даярлау және оқыту;
- теңiз мұнай операцияларын басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
- адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюға 
дайындықты қамтамасыз ету;
- мұнай-химия өндiрiстерiн дамыту;
- өндiрiлген газды кешендi кәдеге жарату;
- заңдарды жетiлдiру, игеру мiндеттерiн шешуге жәрдемдесетiн 
нормативтiк құқықтық базаны дамыту;
- ел экономикасының басқа да салаларын дамыту үшiн КТҚС-ын игеру 
ресурсын пайдалану.


576
Игерудi жүргiзу барысына отандық және шетелдiк инвестицияларды кеңiнен 
тарту мен қаржыны тиiмдi салу үшiн негiзгi жағдайлар:
- 2013 жылы Қашаған кен орнында алғашқы мұнай алу;
- қорлар өсiмiн ұлғайтуға (өндiру көлемiн кеңейту үшiн база жасауға) 
мүмкiндiк беретiн геологиялық-барлау және iздестiру жұмыстарының 
көлемiн кеңейту;
- теңiз жобалары маркетингiн әзiрлеу мен оны ұйымдастыру жүйесiн 
қалыптастыру;
- теңiз мұнай операцияларын кеңейту үшiн жағалаулық инфрақұрылымды 
озыңқы дамыту;
- теңiз операциялары үшiн импортты алмастыратын өндiрiстер 
ұйымдастыру;
- Каспий өңiрi аймағын жер және әуе көлiгi мен телекоммуникациялар 
қызметiнiң жеткiлiктi түрлерiмен қамтамасыз ету;
- теңiз мұнай-газ кешенiне арналған қазақстандық тауарлар мен 
қызметтердi халықаралық стандарттарға сәйкес (ISO) стандарттау 
жағдайларын туғызатын оның бастапқы кезеңiнiң үлкен маңызы бола-
ды.
KTҚC-ын игерудiң мiндеттерi теңiз мұнай-газ операцияларын тұрақты 
жоғары деңгейге шығаруды жеделдетуге бағытталған, ол:
- ресурстық әлеуетiмен;
- жол берiлетiн экологиялық жүктемемен;
- қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың сенiмдiлiгi және 
қауiпсiздiгiмен;
- көлiктiң жеткiзу қабiлетiмен;
- мамандарды даярлау мүмкiндiгiмен;
- көмiрсутектерiне нарықтық қажеттiлiкпен және басқа да факторлармен 
айқындалады.
Мемлекет жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық тәуекелдердi 
толық жүктеу арқылы геологиялық тәуекелдерден босайды. Қазақстан 
Республикасының атынан түсетiн ұлттық мұнай компаниясының КТҚС-ғы 
блоктарды әзiрлеу кезiндегi тәуекелдерiнiң деңгейi жобаны қол қоюға дайын-
дау барысында оның оған қатысу үлесiне, Мемлекеттiң қатысу үлесiне және кен 
орындарының (блоктың, құрылымның) зерттелуiне қарай айқындалатын бола-
ды.
Кешендiлiк бүкiл КТҚС бойынша жұмыс жүргiзудi көздейдi, мұның өзi 
шектеулi учаскеде жұмысты шектен тыс шоғырландырудан болатын қоршаған 
ортаға жағымсыз әсерлердi барынша азайтумен, жер қойнауын барынша жақсы 
зерттеуге қол жеткiзумен және көмiрсутегi шикiзатының әр түрлi көздерiн 
пайдаланумен байланысты. Барлау мен өндiруге арналған инвестициялық 
бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы геофизикалық зерттеулердi жүргiзу, 
бiр немесе бiрнеше барлау ұңғымаларын бұрғылау (қажет болған жағдайда – 


577
бұрғылау қондырғысын орнату бойынша), әлеуметтiк бағдарламаны орындау, 
қазақстандық мамандарды оқыту және технологиялар беру, сондай-ақ осы 
келiсiмшартқа қол қою кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
заңдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта 
белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды орындау жөнiнде өзiне нақты 
мiндеттемелер алады.
Барлау бойынша инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы, 
геофизикалық зерттеулер жүргiзу, бiр немесе бiрнеше параметрлiк барлау 
ұңғымаларын бұрғылау, әлеуметтiк бағдарламаларды орындау, қазақстандық 
мамандарды оқыту және учаскедегi 1-2 блоктарды таңдау құқығына жауап 
ретiнде технологиялар беру және осы кен орнында барлау мен өндiруге бұдан 
былайғы келiсiмшарт жасасу жөнiнде өзiне нақты мiндеттемелер алады. Бұл 
ретте теңiз блоктарында сейсмикалық зерттеулер мен гравибарлау жұмыстарын 
жүргiзуге отандық компаниялардың мiндеттi қатысуын қамтамсыз ету қажет. 
Сонымен қатар жеңiмпаз осы келiсiмшартқа қол қою кезiндегi Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларын ескере отырып, 
келiсiмшарттың ережелерiнде белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды орын-
дайды. Қалған зерттелген және маркетингке әзiрленген учаскенiң блоктары 
барлау мен өндiруге арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсына 
қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет