89
бункерлерден, гидроараластырғыш, жүкті түсіру бункерінен, циклондар мен
КИП, сығылған ауа құбырлары мен желдету құбырынан тұрады. Осы құрылғылар
жиынтығы ілмекті арматурасы бар құбырмен жалғастырылып, бұрғылау және
цементті сұйықтарды дайындау үшін борпылдақ материалдардың тасымалын
қамтамасыз ететін біртұтас технологиялық схеманы құрайды.
Ұнтақ материалдар бункерлерге сығылған газ көмегімен беріледі. Бун-
керлер ұнтаққа ауа жіберуге арналған резиналы қақпақ жабдықталған. Ол
құбыр арқылы жүк түсіру бункеріне түсіп, сонда ауа ұнтақтан ажыратыла-
ды. Ұнтақтың аса жеңіл бөлшектері ауамен бірге циклонға түседі, сонда ауа
шаңнан тазартылып, атмосфераға жіберіледі, ал циклонда жиналған ұнтақ пе-
риодты түрде мешокқа жүктеліп, борпылдақ материалдар қоймасына беріледі.
Ұнтақтың түсуі мен жұмсалуы таразы – бункерлер арқылы бақыланып отыра-
ды. Пневмотранспорттық құбырлы жүйесі су келген бункерден борпылдақ ма-
териалдарды бұрғылау сұйығын дайындау құрылғысына жеткізуін және бункер
араларында орын ауыстыруын қамтамасыз ететіндей орындалған.
Бұрғылау сұйығын дайындауда бентонит немесе барит жүк түсіру бункерінен
гидроалмастырғышқа беріледі, онда дайындалған сұйық (ерітінді) қосалқы не-
месе жұмысшы сыйымдылықтарға жіберіледі.
Ғимаратта цементтеуші құрылғы орнатылған. Құрылғы сорапты агрегаттар-
дан, сұйықтық дайындау қондырғысынан, манифольд және ұңғыманы цемент-
теу үдерісін басқару пультінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: