Бақылау сұрақтары:
1. Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары.
2. Өздігінен жылжымалы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі бұрғылау
қондырғылары.
3. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларының тағайындалуы.
4. Жүзбелі бұрғылау қондырғылары неден тұрады?
5. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларының ӨКБҚ-дан айырмашылығы?
6. Жүзбелі бұрғылау қондырғылары теңіз бетіне немен ұсталады?
82
4-ТАрАу
ӨЗДІГІНЕН КӨТЕрІЛЕТІН ЖҮЗБЕЛІ
БҰрҒЫЛАу ҚОНДЫрҒЫЛАрЫ
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларын (ӨК ЖБҚ) теңізде
мұнай мен газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде
тереңдігі 30-120 м акваторияларда қолданады (
4.1-сурет
).
4.1-сурет. ӨК ЖБҚ-ның жалпы сызбанұсқасы
Бұл қондырғылар қондырғының корпусы болып келетін жүзбелі пантон-
нан немесе одан көп сырғымалы тіректі тізбектерден тұрады. Онда техникалық,
энергетикалық және қосымша жабдықтар, технологиялық материалдар қоры,
отын, ішуге пайданылатын және техникалық сулар, құбырлар, аспаптар, қызмет
орындары мен тұрғын үйлер, қоймалар, тік ұшақ алаңы орналасады.
ӨК ЖБҚ бұрғылау нүктесіне тасымалдау кезінде тіректері жоғары
көтеріліп, бекітілген күйде қозғалады. Бұрғылау нүктесінде тізбектерді көтергіш
құралдармен төмен түсіреді және корпуста орнатылған қондырғы, аспаптар,
құбырлар, материалдар корпуспен бірге тіректі тізбектер бойымен (корпус
түбіне толқын соққылары тимейтін) биіктікке көтеру құралдарымен жүзеге аса-
ды.
Оны (биіктікті) астрономиялық және штормды су ағымдарын ескере оты-
рып есептейді:
H
h
=
+
0 6
1 5
50
,
,
,
83
мұнда,
Һ
50
– берілген су ауданындағы 50-жылдық шторымның экстремалды
биіктігі.
ӨК ЖБҚ бірнеше түрлері және конструкциясы болады. Оларды корпус
конструкциясы, тіректі тізбектердің саны мен конструкциясы және көтергіш
құралдарының түрлері бойынша ажыратады.
4.2-сурет. Фермендік тіректі ӨК ЖБҚ
Тіректі тізбектердің санын анықтауда оған: теңіз тереңдігі,
гидрометеорологиялық жағдайлар, тіректі тізбектерді грунтқа қазықтап ор-
нату тәсілімен оларды грунттан алу (көтеру), теңіз табаны, корпустың жалпы
салмағы, дайындалу салмағы, дайындалу технологиясы сияқты факторлар әсер
етеді.
Үлкен тереңдіктерде әрбір тірекке толқын жүктемесінің әсері өседі. Үлкен
ұзын тізбектердің иілуге қаттылығын сақтау мақсатында оның көлбеу қимасын
өсіруге тура келеді. Сондықтан 60 м тереңдікте 3 тіректер қолданылады.
Цилиндрлі тіректері бар қондырғыларды 45 м-ге дейін және 45-75 м диапа-
зонында цилиндрлі және фермендік тіректі қондырғыларды қолданады, ал 75
м-ден жоғары тереңдікте тек қана фермендік тіректі қондырғыларды қолданады.
84
Ферменді тіректердің конструкциясын тікбұрышты, квадрат және
үшбұрышты етіп жобалайды. Ең жақсы конструкция – үшбұрышты қималы
тірек. Онда толқын әсерлеріне ұшырайтын элеметтер саны аз.
Тіректердің аяқ жағы табандармен башмактармен бекітіледі немесе оларды
жалғайтын тіректі плитамен бекітіледі.
Сонымен қатар көтеріп түсіретін құрылғылар болады, олар тіректерді 0,46-
1,37 м/мин жылдамдықпен түсіріп, көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |